Тақырыбы: Ежелгі Қосөзен мәдениеті



бет3/8
Дата14.03.2022
өлшемі3,38 Mb.
#27849
1   2   3   4   5   6   7   8

Ұзындығы 18 метрге созылған хабарлама үш тілде – ескі парсы, бабыл және жаңа элам тілінде жазылған болып шығады. Мұндай үш балама мәтіннің қатар жүруі оны оқып шығуды оңайлатады. Бехистун жазуы ежелгі Персия тарихын зерттеуде оған дейінгі барлық археоло¬гиялық зерттеулер мен антикалық заман авторларының еңбектерінің бәрін қосқандағыдан артық пайда түсірді. Бір кездегі ассирия-бабыл жазуларын жетілдіруден туған бұл ескі парсы жазуы ассирия-бабыл тарихы жайында солардың шет-шебірін көріп қалған гректерден гөрі де көбірек мәлімет берді. Ең бастысы, бұл Алдыңғы Азия халықтарының бірінен біріне көшіп мұра болып келе жатқан ортақ жазудың түп бастауы жайында батыл ойларға бастады. Ассирия-бабыл¬дан бұрын да сына жазуы болған деген тұспал туады. Ол халықты 1869 жылы 17 қаңтарда фран¬цуз ғалымдары отырысында Жюль Опперт шумер деп атайды. Чех ғалымы, Бедржих Грозныйдың айтуынша, “ең ежелгі жазу – бабыл жазуы. Ғайса тумастан 300 жыл бұрын ойлап табылған. Мысыр жазуының пайда болуына әсер еткен. Онымен ассириялықтар, хуриттер, хеттер және ханаан тұрғындары пайдаланған. Оның өзгерген түрін Урарту мен Элам қолданған. Ол кезде аморитяндар (франкиялықтар) мен парсылар өз жазуларын шығарған. Бабыл жазуын әуелде шумерлер ойлап тапса керек. Оларды бабыл семиттері мен акадтар үйренген”.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет