Тақырыбы: Ежелгі Қосөзен мәдениеті



бет5/8
Дата14.03.2022
өлшемі3,38 Mb.
#27849
1   2   3   4   5   6   7   8

Су құбырларын тартқан. Қалаларының қақ орта¬сында жебеуші тәңірінің құрметіне арналған алып ғимарат орнатқан. Сәулет өнерімен бірге мүсін өнерін де өрістеткен. Музыка аспаптары мен музыка теориясын да бірінші боп ыжда¬һаттаған шумерлер. Аспан-Жер-Жерасты бір-бірімен бағыныштылық жолымен байланысып тұрған кешенді құбылыс деп түсінген. Сол на¬ным¬ға не¬гіз¬делген заң жүйелері бар. Біздің жыл санауы¬мыздан бұрынғы ХІХ ғасырда диірмен тасқа (базальт) Бабылдың ұлы падишасы Хамму¬ранидың 282 баптан тұратын сот тәртібі қашалып жазылған. Заңды патшалар емес, құдайлар ойлап табады деген ұғым олардың қатал орындалуын қамтамасыз еткен. Құдай бақилық. Оған ешкімнің күші жетпейді. Ал адам пәнилік. Оның құдаймен, табиғатпен, басқалармен қарым-қатынасы осыған негізделген. Атақты Гильга¬моштен бастап, шумер мифтері осылай үйретеді. Шумерлердің өздерін де, жазуларын да өміршең етіп жүрген осы іргелі мәдениеті. Әйтпесе, олардың патшалығы осыдан бес мың жыл бұрын көршілес Акад мемлекетіне тізе бүккен. Содан қайтып бас көтермеген. Акадтарды жеңген ба¬был¬дар да шумер мәдениетінің мұртын шақпас¬тан, одан әрі дамыта түскен. Бабылдардың тез көтерілуіне оң ықпал еткен факторлардың бірі – осы шумер жазуына үйрену арқылы қалып¬тасқан жоғары сауаттылық еді. Бабылдар тек шумер жазуын ғана емес, сол арқылы келген өнер-білімді де дамытты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет