Тақырыбы: Ежелгі Қосөзен мәдениеті



бет4/8
Дата14.03.2022
өлшемі3,38 Mb.
#27849
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ежелгі Қосөзен

Шумер елі біздің жыл санауымызға дейінгі 3000 жылдықта Ефрат өзенінің қойнауына орналасқан. Шумер халқының тегі әлі жұмбақ. Анық-танық қайдан келгені де белгісіз. Тілі өз төңірегіндегі ежелгі халықтардың ешқайсысына ұқсамайды. Олардың көпшілігі көп буынды сөз¬дер¬ден тұратын болса, шумер сөздері көбінесе бір буынды сөздерден тұрады. Кейбір ғалымдар шумерлер бұл жазуды бұрынғы көшіп келген жағынан бірге алып келген деп те санайды. Ен¬деше, оның жазуы Алдыңғы Азияның халық¬тарына қалайша кеңінен тарап жүр? Біздіңше, тілдік-этностық туыстықтан болмаса керек. Шумер жазуының соншама мәшһүр болуы, сол кездегі шумер мәдениетінің жетекші орын иеленуіне байланысты болса керек. Олар иленген саз балшықты әрқилы қалыпқа түсіретін аяқпен теппе зырылдауықты, диірменді, соқаны, доңға¬лақты, желкенді қайықты, мыс, қола құйма¬ла¬рын, күн тізбесін алғаш ойлап тапқан жұрт. Ше¬тінен математик, астроном, жер өлшеуші. Заң¬ды, аспан денелерінің адам организміне әсе¬рін жүйелеген. Гемопатиялық медицина қалып¬тастырған. Олардан қалған қыш тақтайшалары¬ның талайы ежелгі рецептер мен ібіліс сиқыры¬нан аман сақтайтын магиялық формулалар болып шықты. Құрылыста арка, күмбез, нақыш, фриз, шыны шытыра, тас қашау, металл безендіруді бірінші боп пайдаланыпты. Арасына сабан, қамыс салып, қам балшықтан кіріш басу, қыш кіріш, ағаш бөлшектерден үй салуды кең өрістеткен. Тұрған үйлері төрт бұрышты, қосқа¬батты, ішкі аулалы, аспалы бақты болған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет