Таќырыбы: Электрокардиографтыњ ќ±рылысы, ж±мыс істеу принципі



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата04.11.2023
өлшемі0,58 Mb.
#121789
1   2   3   4   5   6   7
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- 
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
 УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 НУО КАЗАХСТАНСКО 
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 
УНИВЕРСИТЕТ 
 
таралып (Гисс шоқтары және Пуркинье талшықтары), ЭКГ-да QRS кешеніне сәйкес 
келеді. Қалыпты жағдайда оның ұзақтығы 0,09сек. 
Тыныштық күйде мембрананың беті оң зарядталған. Осы жерде әртүрлі екі 
нүктенің арасындағы потенциалдар айырымы болмайды. Бұлшықет жеке талшығының
ЭГ-да нөлдік горизонталь сызығы жазылады. Миокарда талшығы қозған кезде 
деполяризацияланған бөлігі тыныштық күйдегі бөлігімен салыстырғанда теріс 
зарядталады. RQ қанның жүрек құлақшасынан қарыншасына қарай қозғалысын 
көрсетеді. 2-сурет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жүрек ритмі мен өткізгіштік сараптамасының алгоритмі
Жүректің ритмін анықтау 
R-R интервалының ұзақтығын секундпен өлшеңіз (ЭКГ тіркеу жылдамдығы 50мм/с). 
Қалыпты ритмде ЖЖЖ мына формуламен анықталады: ЖЖЖ=60/ R-R
Кардиологиялық аппаратура

Қазіргі кездегі кардиографтар жоғары техникалық жетілдірілуімен ерекшеленеді 
және ЭКГ-ны бір каналды ғана емес көп каналды жазуды жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді. Кардиограф
кіру құрылғысынан, биопотенциалдарды тіркейтін және 
күшейтетін құрылғылардын тұрады
. Электр өрісінің кернеулігі дененің әртүрлі 
бөлігіне жапсырылған металл электродтар көмегімен алынады. Содан кейін
күшейткіш кірісіне (1-3мВ) тармақтар коммутаторы арқылы электр сигналы 
беріледі.
Кардиографтың кіру блогының функциясы.
Кіру блогы электродтардан, 
кардиографпен қосатын жалғағыш сымдардан, тіркеу үшін тармақты таңдауға 
мүмкіндік беретін тармақтарды қосқыштан тұрады. Электродтардың дұрыстығын 
алдын ала тексеру қажет. Ток өткізетін орта ретінде электрод пен тері арасына жылы ас 
тұзына малынған, кішкене сығылған (3-10%) дәке немесе фильтрлі қағаз қойылады. 
Электродтар аяқ пен қолдың төменгі жағына арнайы қыстырғышпен жалғанады. 
Жұмыс соңында электродтар жуылып және құрғақ болғанша сүртіліп қойылады. 
Күшейту блогының функциясы.
Aппараттың негізі күшейткіш болып табылады, 
ол 0.5-120Гц жиілік диапазонындағы амплитудасы 0.1-5 милливольт болатын
сигналды 1000-10000 есе күшейтеді. Нолдік деңгейі оң аяққа жалғанған қара түсті 
электродпен беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет