Тақырыбы: Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу



бет1/8
Дата28.04.2022
өлшемі75,53 Kb.
#32585
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
статистика сро 14


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Экономика факультеті Есеп және талдау кафедрасы



Тақырыбы: Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу

Орындаған:Онгар Ә.Е

Тобы:ЕА-21

Тексерген: Кайранбеков Б.О.

Нұр-Сұлтан 2021ж

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу

1. Өзара байланыс түсінігі және оның түрлері.

2. Статистикада өзара байланысты зерттеу әдістері.

3. Коррелляциялық-регрессиялық талдау



1. Өзара байланыс түсінігі және оның түрлері.

Қоғамдық құбылыстар бір-бірімен байланысты болады. Бір құбылыстың өзгеруі екінші құбылысты тудырады немесе өзгертеді. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын, тәуелділігін айқындау арқылы олардың даму заңдылығын анықтауға болады. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттеу статистиканың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Құбылыстар байланысын статистикалық зерттеу нәтижесінде құбылыстар арасындағы қатынастың себебі, салдары, құбылысқа, үдеріске әсер ететін факторлар ықпалы анықталады. Мұндай зерттеулер бірнеше кезеңнен тұрады. Байланысты статистикалық зерттеудің алғашқы кезеңінде экономикалық немесе әлеуметтік құбылыстың табиғаты экономикалық теория, әлеуметтану тұрғысынан талданады, яғни сапалық 190 талдау жасалады. Бұл құбылыстар арасындағы байланысты анықтау ең алдымен теориялық талдауға негізделеді дегенді білдіреді. Екінші кезеңде құбылыстар байланысының үлгісі құрылады, ал үшінші кезеңде құбылыстың сапалық ерекшеліктері ескеріле отырып, зерттеу нәтижелері түсіндіріледі.

Құбылыстардың өзара байланысын зерттеу үшін белгілердің екі түрін қолданады:

 факторлық белгі;

 нәтижелік белгі.

Факторлық белгі деп өзімен байланысты белгілерді өзгертетін белгіні айтады.

Нәтижелік белгі деп факторлық белгілер әсерінен өзгеретін белгіні айтады. Бұл белгілерді себеп-салдар белгілері деп те атайды.

Құбылыстар арасындағы өзара байланыстың екі түрі болады:

 функционалды байланыс;

 стохастикалық байланыс.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет