Эмоция және сезім туралы Эмоция – тітіркену, толқу деген мағынаны білдіреді.
Эмоция психологиялық кейіптің ерекше көрінісі, ол адамның қоршаған ортаға деген қатынасы, жағымды және жағымсыз түйсіктер мен белгілі жағдайға тікелей әсерлену формасында көрніс береді
Иван Петрович Павлов 1849-1936 Сезім - өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлері.
Қуанышбекова Дана
Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады
реттегіштік қызмет қорғағыштық қызмет ынталандырушы қызмет сигналдық қызмет МЕК203 Қышанбай Жазира Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол көңіл-күй тұрақтылығы мен мінез-құлығымызға бағыт беріп отырыды. Эмоцияның реттегіштік механизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысалы: сағыныш, торығу, қайғы адамның жан күйзелетін, олар тек психологияның күйініш туғызып ғана қоймай, жүйке ауруына душар етуі мүмкін.
Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. «Қорықпайтын адам – ақымақ» деп Б. Момышұлы бекер айтпаған.
Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.
Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сөйлеуі, айқайлауы, түртуі, басын изеуі, көзін қысуы. Мимика және пантомимика, дене бұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б.
МЕК203 Қышанбай Жазира
Сезім жөнінде түсінік
Сезiм -бұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əрқилы формада көрiнiс беретiнтолғаныс, күйзелiстерi. Адам сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмiр - өшкен өмiр. Ұлы ғұлама Ə. Науаи "Сезiмсiз адам - кесек, махаббатсыз адам – есек", - деген екен. Көп сезiмдерге адамның өзi құштар. Егер сол сезiмдер қандай да себептермен болмай қалса, адам "эмоциялық ашырқауға" келiп, оның орнын толтыру үшiн əн-күй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қым-қиғаш оқиғалы кiтаптар оқиды.