Тақырыбы: Эстетика, өнер, сөз өнері туралы негізгі


- дәріс. Әдебиет теориясы және эстетика категориялары



Pdf көрінісі
бет7/39
Дата02.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#24707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
               4- дәріс. Әдебиет теориясы және эстетика категориялары.  

 

 Тақырыбы: Әдебиет теориясы және эстетика категориялары 

Мақсаты:  Әдебиет  теориясы    мен  эстетика  категорияларының  сабақтаса  даму 

ерекшеліктерін ашу.  

7.  Антикалық дәуірде өнердің дамуындағы эстетикалық нормалар 

8.  Әдебиет теориясының қалыптасуы 

9.  Әдебиет теориясы және эстетика категориялары   

  

Негізгі ұғымдар: Эстетикалық категория, көркемдік ойлау, эстетикалық 

қабылдау, объективтік, тұрмыстық (онтологиялық) сипат.   

 

Дәріс (тезис). 

 

    Әр дәуірде өнердің түрлері әр қилы орын иеленді. Антикалық дәуірде мүсін 



өнерінің  ықпалы  жоғары  болды;  қайта  өрлеу  эстетикасы  мен  XYII  ғасырда 

живописьтің  тәжірибесі  орнықты.  Бұл  кезеңде  поэзиядан  гөрі  бейнелеу 

өнерінің рөлі жоғары болған еді. XYIII ғасыр мен XX  ғасырда өнердің төріне 

әдебиет көтерілді, осыған сәйкес теорияда да ілгерілеу пайда болды. Көптеген 

зерттеушілер  поэзияның,  сөз  өнерінің  артықшылығы  туралы  пайымдаулар 

жасады.  Мәселен,  Кант  “бар  өнердің  түрінен  бірінші  орынды  позия  алады” 

деген. Ал, Белинский поэзияны “өнердің ең жоғары түрі, ол өз бойына басқа 

өнердің барлық элементтерін жинайды, сондықтан ол бүтін өнердің көрінісі” 

деп  бағалаған.  Романтизм  дәуірінде  өнер  әлеміндегі  жетекшілік  орынды 

поэзиямен  бірге,  музыка  да  иеленді.  Одан  кейінірек,  көркемдік  қызмет  пен 

мәдениеттің  ең  жоғары  формасы  ретінде,  музыка  әсіресе,  символистердің 

эстетикасында  кең  таралды.  Олардың  ойынша  музыка  айналасына  басқа 

өнерді топтастырып, әлемді өзгертеді, кереметтер жасайды” делінеді. Мұндай 

тұжырымдар  XIX-XX  ғасырлардың  көркем  мәдениетінде  ілгерілеушілікті 

танытқанымен, бір жақты еді. Белгілі бір өнердің түрін ғана жоғарылату деген 

пікірге  қарсы  болған  мәдениет  қайраткерлері  көркемдік  қызмет 

формаларының  теңдігін  қолдады.  XX  ғасырдың  2  жартысында  өнердің 

арасындағы қатынас өзгерді. Көркемдік формалардың ықпалды түрлері берік 

орнықты,  әсіресе,  жаңа  бұқаралық  қарым-қатынас  құралдарына  негізделген 

түрі  өрістеді.  Жазбаша,  баспа  қатынасынан  басқа,  радио,  телеэкранда, 

кинематографияда ауызша сөйлеу түрі де дамыды. Осылайша бұрын сөз өнері 

тікелей қарым-қатынас түрінде қолданылса, енді кинофильм арқылы адамдар 

өмірді басқаша көре басады, енді сөздің көру түріндегі мәдениеті өрістеді.  

    Әдебиеттің  бейнелеу  қызметінің  өрістеуі  ол  живопись,  мүсін,  сахналық 

және экрандық өнер түрлеріне қарағанда, заттық емес түрде болды, яғи тура 

мәніндегі  көрнекі  бейнелеуді  көрсетпейді.  Осы  ерекшелік  әдеби 

шығармалардың бейнелеу түрлілігін әр қилы ете бастады.   



   Әдебиет, оның ішінде көркем әдебиет өнердің бір түрі. “Өнер” деген сөздің 

өзі  көпмағыналы.  Бұл  жағдайда  оның  көркмдік  қызметі  мен  оның  нәтижесі 

алынып отыр. 

     Эстетиканың  екі  аспектісі  бар:  объективтік  (заттық)  және  субъективтік 

(эмоционалдық). XYIII  ғасырың ортасында эстетика ғылыми-философиялық 

пән эстетиканың негізін қалады. Оның негізін салған - Браумгартен. Оның екі 

томдық “Эстетика” деп аталатын трактаты бар. Ол эстетиканы сезімдік таным 

түріндегі,  сұлулық  туралы  ұғым  деп  таныды.  Әрине,  эстетикалық  ойлар 

Еуропада  ежелгі  дүниеден  бастап  қалыптасқан  еді.  Ол  Платоннан 

Аристотельге  дейін,  одан  Гегельге  дейін  әмбебап  сипатымен  танылды. 

Сұлулықтың  антологиялық,  күнделікті  мағынасы,  ең  алдымен  айқындық, 

реттілік  болып  танылады.  Одан  кейінгі  дәуірлерде  ол  жарасымдылық 

(гармония),  теңгермелілік,  тыныштық  түрінде  танылды.  Бұл  христиандық 

эстетикада да танылды. Яғни, сұлулықтың астарында реттілік категориясы, әр 

заттың өз орнында болуы түрінде көрініс ерді.  

    Әдемілік теориясы (теория прекрасного) Германияда XYIII-XIX ғасырларда 

орнықты. Бұған байланысты екі көзқарас болды: Гегель көне және орта ғасыр 

эстетикасына сүйене отырып, “әдемілік пен шынайылық” бір деп қарастырды. 

Кант Гегельге дейін бірнеше ондаған жылдарға дейін басқаша пікірде болды. 

Оның  ұғымынша,  әдемілік  затқа  оның  формасы  арқылы  беріледі.  Яғни, 

эстетиканың мазмұны және формасы арқылы айқындалады.  

     Ежелгі және орта ғасырларда асқақтық стильдік қасиет ретінде түсіндірілді. 

Асқақтық  Э.Берк  пен  Канттың  ойынша,  күштілік  болып  табылады.  Шиллер 

Кантты толықтыра отырып, оны адамзат дүниесімен, оның көзсіз ерліктерімен 

байланыстырады.  Ал,  XX  ғасырда    асқақтық  ұғымы  форма  түрінде  беріліп, 

неғұрлым  қарапайым,  сезімдік,  тұрмыстық  реңк  алды.  Шиллерше,  асқақтық 

жекелік  сипат  алса,  Дионистік  соған  ұқсай  отырып,  халықтың  қайғысымен, 

әрекетімен  көрінді.  XX  ғасырда  дионистік  (подвластность  человека  силам 

стихийным) Ницшенің еңбегінің арқасында маңызды эстетикалық категорияға 

айналды. “Өмір, әлем суреті” категориясы түсініктер жүйесінің күрделі түрде 

бөлшектенуін  көрсетеді.  Өмірді  танудың  классикалық  үлгісі  ол  тұрмысты 

реттелген, жарасымды, үйлестік тұрғысында көру. Потебняның анықтауынша, 

адам әу бастан барлық жерден бүтіндікті, дайын, жетілген затты көргісі келеді.  

    Осы кезге дейін эстетика туралы айтқанда,  оның объективтік, тұрмыстық 

(онтологиялық)  жағы,  яғни,  көптеген  ғасырлар бойы,  өзіне  философтар  мен 

ғалымдардың  назарын  аударып  келген  қыры  айтылып  келсе,  XYIII-XIX 

ғасырлардан бастап, ғылыми-философиялық ойшылдыққа, енді эстетиканың 

басқа  қыры  субъективтік,  гносеологиялық  эстетиканың  басқа  қыры 

субъективтік,  гносеологиялық  (таным  туралы)  психологиялық  қабылдау 

ашылды.  Эстетикалық  түрде  баға  беру,  талқылау,  эмоция,  қайғы  секілді 

мәселелер белгілі болды. Эстетикалық эмоцияны алғаш рет Кант қарастырған. 

Ол  “Критика  способности  суждения”  (1790)  трактатының  бірінші  бөімінде 

“талғам”,  “пікір”,  “баға”,  “эмоция”  сияқты  ұғымдарды  ашады.  Кант 

эстетикалық эмоцияның мынадай бағалауыштық сипатын ашады: 

1) олар өздері қабылдайтын затқа қатысты әрекет жағынан байланысты емес; 



2) олар логикалық әрекетпен (“красота нравится “без понятий”) байланысыз; 

3) олар жалпылық мәнде, яғни, еркін, тура субъективтік және кездейсоқ ,мес; 

4)  заттың  мағынасына  емес,  тек  формасына  ғана  бағыттала  отырып,  ойын 

сипатында болады.  

   Кант  эстетикаға  назар  аудара  отырып,  өзінің  алдыңғы  зерттеушілерден 

ерекшелігі,  ол  сұлулықтың  объективтік  қасиетінен  гөрі,  субъективтілігіне 

назар аударған. Ол эстетикалық қабылдау жағынан субъектінің белсенділігін 

алдыңғы  кезекке  қояды.  Бұл  XIX-XX  ғасырлардағы  мәдени-тарихи  даму 

ағымына  сәйкес  келді.  Канттың  концепциясы  Жаңа  заман  эстетикасы 

тарихында  бетбұрыс  кезең  болды.  Канттың  эстетикалық  эмоциясы  рухани 

мүдделілікті  де  қамтыды.  Эстетикалық  ой  адам  сезімінің  тереңінде  болады. 

XX ғасырда көптеген теоретиктер эстетиканың субъективтік жағын барынша 

қолдады. Бұрын сұлулық, асқақтық, аполлондық, дионистік деген терминдер 

басым болса, енді эстетикалық қатынас, көру, эстетикалық тәжірибе, көзқарас, 

функция  дегендер  қолданыла  бастады.  Чех  оқымыстысы  Ян  Мукаржовский 

эстетика қандай да бір затпен, оның қасиетімен тура байланыспайды. Мұнда 

эстетиканың субъективтілігі ең жоғары шегіне жетеді деген.  

  Қазіргі  адамзат  эстеткалық  тәжірибе  жағынан  әр  түрлі  және  бай.  Бұл 

тәжірибе  жылдар  бойы  қалыптасты.  Г.В.Плеханов  “Адрессіз  хаттар”  деген 

мақаласында \\ Искусство и литература, М., “Адамзат пен құбылысқа алдымен 

утилитарлық,  одан  кейін  эсттикалық  тұрғыда  қарайды,”  дейді.  Жекелеген 

адамдардың, қоғамның, адамзаттың өмірінде эстетикалық мәні үлкен.  

Тұжырымдама. 

1.  Романтизм дәуірінде өнер әлеміндегі жетекшілік орынды поэзиямен 

бірге, музыка да иеленді. Одан кейінірек, көркемдік қызмет пен мәдениеттің 

ең  жоғары  формасы  ретінде,  музыка әсіресе,  символистердің  эстетикасында 

кең таралды. 

    2.    XYIII-XIX  ғасырлардан  бастап  эстетиканың  басқа  қыры  субъективтік, 

гносеологиялық  (таным  туралы)  психологиялық  қабылдау  ашылды. 

Эстетикалық  түрде  баға  беру,  талқылау,  эмоция,  қайғы  секілді  мәселелер 

белгілі  болды.  Эстетикалық  эмоцияны  алғаш  рет  Кант  қарастырған.  Ол 

“Критика  способности  суждения”  (1790)  трактатының  бірінші  бөімінде 

“талғам”,  “пікір”,  “баға”,  “эмоция”  сияқты  ұғымдарды  ашады.  Кант 

эстетикалық эмоцияның бірнеше бағалауыштық сипатын ашады. 

  Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама 

Студенттер  әдебиет  пен  эстетика  категорияларының  басты  қызметі  туралы 

тұжырымдарын игеруге тиіс. 

 

  



Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. А., 1969. 

2. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, 2004. 

3. Ванслов В.В. Содержание и форма в  искусстве. Москва, 1956. 

4. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік арналары. Астана, 2001. 

  



                

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет