Лабиринтит – ішкі құлақтың іріңді немесес іріңсіз қабынуымен сипатталатын ауру.
Лабиринтит ортаңғы құлақтың жіті немесе көбінесе, созылмалы ауруларында, ортаңғы құлақтың туберкулезінде, жарақат кезінде пайда болады. Даму жолдарына байланысты ішкі құлақтың қабыну ауруларын тимпаногендік (ортаңғы құлақтан өтетін), менингогендік (менингитте) және гематогендік (басқа ауруларда қабыну ішкі құлаққа қан арқылы беріледі) түрлеріне бөлуге болады.
Лабиринтит әдетте, емдеу басталғаннан кейін бірнеше аптада өтеді. Емдеу бас айналуы секілді симптомдарды жеңілдетуге көмектеседі. Емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар: Антигистаминдік (аллергияға қарсы) препараттар Жүрек айну мен құсуға қарсы дәрілер Бас айналуын жоятын дәрілер Ұйқы шақыратын және тыныштандыратын құралдар