Тақырыбы: Есту мүшесінің ауруы бар науқастарға медициналық көмек ұйымдастыру Орындаған: Дауренқызы д тексерген: Каюпов С. К. Тобы: 4-2-9 сд отогематома


Құлақ инфекциясы (жіті ортаңғы отит)



бет3/4
Дата07.06.2023
өлшемі24,2 Kb.
#99378
1   2   3   4
Байланысты:
Есту аурулары

Құлақ инфекциясы (жіті ортаңғы отит) – ата-аналардың педиатрға баруының негізгі себебі. Инфекция дыбыс жарғағының артындағы қуыста (ортаңғы құлақ аталатын) пайда болады. Инфекция жіті және созылмалы болады. Сондай-ақ, отит құлақтан бөліндімен қосарланады, (қараңыз: ортаңғы құлақ отиті, бөліндімен). Көбінесе, құлақ инфекциясы суық тиюден кейін бірнеше күн өткенде немесе жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясынан кейін дамиды. Суық тиюде, көмейдің инфекциясында, немесе көмей қуысын ортаңғы құлақ қуысымен қосатын каналдың қабырғасының (евстахиев түтігі) аллергиясында ауаның ортаңғы құлақ қуысына түсуіне кедергі келеді. Нәтижесінде, теріс қысым орнайды, бұл сұйықтықтың ортаңғы құлақ қуысына ағуына апарады. Ортаңғы құлақ қуысында қалған сұйықтық вирустар мен бактериялардың өсуіне және инфекцияның дамуына апарады.
Емдеу. Емдеудің мақсаты – ауырсынуды жеңілдету, инфекциямен күрес, асқынудың және инфекцияның қайталануының алдын алу. Үй жағдайында әдеттегі ауырсынуды басатын, ыстық түсіретін дәрі-дәрмекті қолдану ортаңғы отиті бар адамдарға жеткілікті болады. Балаларға аспирин беруге болмайды. Антибиотиктер әдетте, екі жасқа дейінгі балаларға тағайындалады, аурудың ауыр түрінде немесе асқыну қаупі жоғары болғанда.
Құлақ жолында немесе ортаңғы және ішкі құлақ алаңына түскен затты атаймыз. Бөгде зат кез –келген зат болуы мүмкін.Мысалы : ұсақ үй техникасы, ұсақ тастар, ойыншық, қағаз қалдықтары, таяқшалар, дәнді дақылдар,жәндіктер басқа да тірі организмдер ,құлықтың жиналуы.Құлақтағы бөгде зат құлақтың бітелуімен, ауырсынуымен,естудің төмендеуімен, құлаққа қысым түсуімен,бас айналуымен, құсумен көрініс береді. Құлақтағы бөгде зат отоскопия арқылы диагностикаланады. Бөгде затты құлақтан алып тастау бөгде заттың консистенциясына , құрылымына , формасына байланысты жуу арқылы , инструменталды,хирургиялық жолдар арқылы алынып тасталынады.
Сыртқы құлақ жарақаты. Сыртқы құлақ пен тіс жақ жүйесінің тығыз анатомиялық байланысы зақымданудың үйлесімді түрде болуын тудырады. Мұндай жағдайда жедел жәрдем беру, тек мүшенің анатомиялық құрылымын сақтап қалу емес, сонымен қатар, оның қызметін де орнына келтіру үшін бағытталу керек. Мысалы, автомобиль апатында адам иегін қатты соғып алды, соның әсерінен буын өсіндісінің басы артқа қарай шығып кетті. Мұнда самай - төменгі жақ буынының беті зақымданып қана қоймайды, сыртқы есту тесігінің алдыңғы сүйекті қабырғасы да жарақаттанады. Есту етсігінің саңылауы тарылып, есту қабілеті төмендеуден құлақ іші ауырады, есту тесігінен қанды зат ағады.
Жедел жәрдем беруші дәрігер, есту тесігінен қан кетуді тоқтатып қана қоймай, киін тесіктің тарылып қалмай, самай-төменгі жақ буын қызметін қалпына келтіру шараларын да жүргізуі керек. Ол үшін сынықтарды распатормен түзетіп, есту тесігін май сіңірілген турундамен бітеу керек. Ауру сезімін бәсеңдету үшін 2% новокаин ерітіндісін құлақ түйіні аймағына жіберіледі. Сіреспеге қарсы сақтандыру мақсатында сарысу антибиотиктер тағайындалады. Буынның қалпына келуін ті дәрігері бақылауға алу керек. Сыртқы құлақтың жарақаты шықшытты сілекей безімен бет жүйкесінің зақымдануымнн бірге жүруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет