Тақырыбы: Есту мүшесінің ауруы бар науқастарға медициналық көмек ұйымдастыру Орындаған: Дауренқызы д тексерген: Каюпов С. К. Тобы: 4-2-9 сд отогематома



бет2/4
Дата07.06.2023
өлшемі24,2 Kb.
#99378
1   2   3   4
Байланысты:
Есту аурулары

Сыртқы есту жолының фурункулы немесе диффузды сыртқы отиттің асқынуынан да перихондрит дамуы мүмкін. Серозды және іріңді перихондритті ажыратады.
Клиникалық көрінісі. Перихондриттің бастапқы белгісі – құлақ қалқаны немесе сыртқы есту жолының аймағында ауырсынудың болуы. Сыртқы құлақ терісінің ісінуі тек сырғалықтан басқа барлық құлақ қалқанына тарайды терінің ісінуі алғашқыда тегіс емес, бұдырлы сипатта болады. Кейіннен шеміршек үсті мен шеміршек арасында ірінді экссуданттың түзілуі есебінен флюктуация дамиды. Құлақ қалқаны пальпацияда жылдам ауырсынады. Егер науқасқа уақытылы көмек көрсетілмесе, процесс шеміршекті тіннің іріңдеп, некроздалған тіннің түсуіне, нәтижесінде кұлак калканының тыртыкталуына әкеледі.
Диагноз қою қиын емес, бірақ аурудың басында үдерісті жаралы кабынудан және гематомадан ажырату керек.
Емі. Аурудың алғашқы сатысында қабынуға қарсы ем жүргізуде көрінеді.
Бактерияға қарсы (эритромицин, тетрациклин, пенициллин, аспирин, анальгин), сондай-ақ жалпы және жергілікті (стрептоцитикалық және левомицетин эмульсиялары) қабынуға қарсы терапия қолданылады. Сондай-ақ, стафилококкты анатоксин, аутовакциналар, витаминдер кешендері қолданылады. Емдеу қабыну процесінің ауырлығына сәйкес тағайындалады. Фурункул піскен кезде оны ашып, іріңді қуысты ағызу керек.

Сыртқы отит – кең таралған ауру. Ауру әсіресе, жүзушілердің және ұдайы судың әсеріне ұшырайтын адамдардың арасында кең таралған. Ауруға барлық жас топтары ұшырайды, бірақ, балаларда жиі кездеседі. Сыртқы отит жіті немесе созылмалы болуы мүмкін. Орналасуына қарай отит диффузды (таралған) және шектелген болады. Шектелген сыртқы отит шиқан (шаш фоликулының және оны қоршаған тіннің іріңді қабынуы) түрінде пайда болады, ол есту каналының сыртында да (құлақ қалқанында, құлақ түбі терісінде), ішінде де болады. Шектелген сыртқы отиттің жиі себебі – алтын түсті стафилококк (іріңді-қабыну инфекцияларының қоздырғышы).
Сыртқы отитті емдеуді сыртқы есту жолын тазалаудан бастау қажет, саңылауды іріңнен, құлықтан, терінің қабыршақтанған бөліктерінен тазарту қажет. Сыртқы отитте келесі препараттар тобы қолданылады: · Антибактериалдық құлақ тамшылары; · Гормоналдық құлақ тамшылары (ісінуді басу үшін). Есту жолының күшті ісінуі кезінде оған дәке тығыны енгізіледі, бұл дәріні қабыну тұсында ұстауды қамтамасыз етеді. Инфекция таралуының ауыр жағдайларында, әсіресе, иммунитеті (организмнің инфекцияларға қарсы тұруы) төмендеген науқастарда антибактериалдық құралдар ішу немесе егу арқылы қолданылады. Қажет болса, анальгетиктер (ауырсынуға қарсы препараттар), қызуды түсіретін, сыртқы отит аллергиялық тектес болса, аллергияға қарсы препараттар тағайындалады. Сыртқы есту жолында шиқан пайда болса (шектелген отитте), дәрігер оны ашып, жаруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет