Тақырыбы: Еуразиялық Одақ: болашақтың стратегиясы. Тілдік нормалар Жоспар



Дата06.01.2022
өлшемі20,33 Kb.
#15004
түріҚұрамы

Тақырыбы: Еуразиялық Одақ: болашақтың стратегиясы. Тілдік нормалар

Жоспар

  1. Еуразиялық Одақ: болашақтың стратегиясы.

  2. Тілдік нормалар



Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 20 жыл бұрын Ресей Федерациясына 1994 жылғы ресми сапары барысында М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамы және студенттерімен кездесуінде Мемлекеттердің еуразиялық одағын құру идеясын жария еткен болатын.

Елбасымыздың осынау бастамасы интеграцияның, ынтымақтастық қатынастардың қазіргі уақыттағыдай нығайып, қанат жаюына негіз болды.

Осы жылы Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында «Еуразиялық экономикалық одақ туралы» келісімге қол қойылды

Еуразия ортасында орналасқан мемлекет ретінде біз үшін интеграциялық үдерістерге қатысу өмірлік маңызды, -деді Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.

Бірқатар басқа да мемлекеттер осы үдеріске қосылуға тілек білдірді.

Елбасының бұл пікірінің өзінен-ақ ЕЭО-ға деген қызығушылықтың артып отырғандығын байқау қиын емес. Көзі қарақты, құлағы түрік өз жұртымыз да Елбасының ауызынан шыққан әрбір сөзге терең мән берді. Жалпы, бұл одақ туралы отандастарымыздың арасында да дұрыс түсінік қалыптасу үстінде. Бұл –ел ертеңі, болашақтың қамы үшін жасалынылатын үлкен шаруа екендігін әркім де жақсы сезінуі керек.

Сонымен, «Еуразиялық экономикалық одақ» дегеніміз не? Елбасының айтуынша, бұл «ортақ нарық» деген ұғымды білдіреді екен. Бұл ұғымды Елбасы әрмен қарай: «Ол тең құқықтық, өзара тиімділік және өзіне мүше барлық қатысушылардың мүдделерін есепке алу қағидаттарымен жұмыс жасайтын, ХХІ ғасырдағы тұғырлы түрде жаңа бірлестік болады» деп тереңдете жеткізген еді.

Біздің елімізде кедендік одағы туралы мәселені Елбасымыз орынды көтерді. Соның нәтижесінде оның ізгі ниеті жеріне жеткізіліп, тиісті тараптармен іскерлік байланыс орнатылды. Негізінде бұл үлкен тақырып. Кедендік одақ бәрін айтпағанда кәсіпкерлік салаға оң өзгерістерді мол әкеледі.

Қазақстан Президенті экономикалық шешуші тұтқалары-отандық кәсіпкерлердің, отандық тауар өндірушілердің әлемдік бәсекеде жоғары тұғырдан көрінуге және олардың шынайы бәсекелестікке шынығып, шыңдала түсуіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Шағын және орта бизнесті дамытуды жаңа сатыға көтеруді басты міндет етіп қойды.

Кеден одағына кіру міндеті де қазақстандық кәсіпкерлерді іс жүзінде құрыштай қайнаған іскерлікке баулиды. Өйткені, қазіргідей әлемдік бәсекенің жағдайында жергілікті шыңдалудан өтпеген кәсіпкерге немесе тауар өндірушіге ол жаққа олжа салудың өзі мүмкін емес. Ал, нағыз шыңдалғандар үшін, бұл саланы терең меңгергендер үшін қай жерде де есік ашық,

Кеден одағына кірудің пайдалы екендігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Оның келешегі де зор. Кәсіпкерлерге оның тигізіп отырған үлкен пайдасының бірі-кеденнен өту, қажетті құжаттарды рәсімдеу кезінде түрлі кедергі, қиындықтар жоқтың қасы. Қазір біздің еліміздің кәсіпкерлері өз тауарларын көрші елдер арқылы емін- еркін шығара алатын дәрежеге жетті.

Кеден одағына мүше болғалы біздің өнімдеріміз темір жол, басқа да көлік қатынастары арқылы әлемнің түкпір-түкпіріне толассыз жөнелтілуде. Мұның өзі Кеден одағының бізге, яғни отандық тауар өндірушілерімізге кәсіпкерлікті барынша дамытуға, олардың әлем базарына еркін шығуына қолайлы жағдай туғазып отырғандығын көрсетеді. Кеден одағының пайдасы көп, келешегі зор. Оның көкжиегі күнен-күнге кеңейіп келеді.



Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Халық тілінің сан қабат байлығы басы бір жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыс емес. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтар бар. Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтың тіл мәдениеті дәрежесі жоғары болу үшін оларды бірізге түсіреді.

Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді. Мәселен, тілдік жүйе бойынша тізгінде, шылбырла, бұзаула, ботала, т.б. қолданылатын сөздер қатары ара-тұра ауытқуға жол береді. Салыстырыңыз: ат тұсады дегенді ат тұсаулады, қой қоздады дегенді қой қозылады деу тілдік жүйеге кереғар болмағанымен, бірақ дағдыға айналып, дәстүрге енген құбылыс емес. Кейбір сөздерді қолдануда тілдік жүйе мен тілдік дағды қайшы келіп жатады. Қозыла деп қолдану тілдік жүйенің қысымы, әсер-ықпалы екенін байқау қиын емес. Ат ертте дегендегі ерттедіні ерле деп қолдану да соған ұқсас: «Көкем атты ерледі, ерлеп жүріп терледі» (Манашыұлы Тұяқбай). Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс (салыстырыңыз: шідер-ле, жыр-ла, түр-ле («текеметке түр басу», т.б.). Кей жағдайда тілдік жүйе мен тілдік дағды айнымас бірлікте болса, кейде өзара қайшылықта болып күреске түседі. Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс сөздің ертте болуы жүйеге қарағанда дағдының басым түсуінен деп түсіну керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет