Тақырыбы: Эволюцияның қазіргі заманғы теориясы. Микроэволюция. Макроэволюция



бет5/5
Дата14.09.2023
өлшемі176,44 Kb.
#107088
1   2   3   4   5
Макроэволюция, оның бағыттары - Биологиялық эволюция үдерісінің өзі - ағзалардың биологиялық алға басуға ұмтылысы, яғни тірі қалуға, тарихи мерзімде сақталуға ұмтылу. Ал бұл үшін барынша көп мүмкіндігі бар таралу аймақтарын игеріп, өте көп мөлшерде ұрпақ беру керек. Негізгі эволюциялық бағыттар анықталып, сипатталды. Биологиялық алға басу жетістіктерінің негізгі жолдары туралы ілімді анықтап зерттеуде Алексей Николаевич Северцев үлкен үлес қосты. Оның теориясына сәйкес үш негізгі
5
бағыт бар, олар: ароморфоз, идиоадаптация (ортаға бейімделгіштік) және жалпы дегенерация.
Макроэволюциялық әрекеттер нәтижесінде түрден жоғары жүйелеу топтарының пайда болатыны айтылды. Қазіргі кездегі жүйелеуде ағзаларды мына топтарға бөледі: Тип (өсімдіктер үшін -бөлім), класс, отряд( өсімдіктер үшін - қатар), тұқымдас,туыс, түр. Өте үлкен жүйелеу топтарында мынадай аралық категориялар:тип тармағы, класс тармағы, т.б. қосылады. Өсімдіктерді немесе жануарларды жіктеген кезде осы күнгі тіршілік ететін, сондай-ақ өліп біткен түрлердің туыстық белгілері және тіршілік жағдайларына байланысты бейімделушілік белгілері ескеріледі. Олай болса, жүйелеуде түрлердің шығу тегін негізге ала отырып топтастыру немесе жіктеу эволюцияның жалпы бейнесін елестетеді.Эволюцияның белгісі - ол ағзалардың қарапайымнан күрделеніп жоғары көтерілуі. Ал табиғи жүйелеу - ол түрлерін туыстарға, туыстың тұқымдасқа, оның отрядқа, отрядтың класқа, кластың типке біріктірілуі болып табылады.
Макроэволюция құбылысы мындаған, миллиондаған жылдарға созылатындықтан оны тікелей байқау не тәжірибе жасап зерттеу мүмкін емес. Оның заңдылықтарын анықтауға палеонтология, салыстырмалы эмбриология және салыстырмалы морфология деректері маңызды рөл атқарады.
Макроэволюцияның қозғаушы факторлары туралы жалпыға ортақ пікір, тұжырым әлі күнге дейін жоқ. Көптеген болжамдардың бірі — микро және макроэволюция процестері ортақ эволюциялық қозғаушы күштер арқылы жүреді деп болжамдайды, ол күштер — қарапайым эволюциялық факторлар — мутация, оқшаулану, геңдер дрейфі, сұрыптау.
Онтогенетикалық дәлелдемелер
Өсімдіктер мен жануарлардың жеке дамуын зерттеу жұмыстары олардың жыныс жасушаларының түзілу әрекеті ұқсас екенін, көп жасушалы ағзалардың барлығы дерлік ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан дамитынын көрсетеді. Ұрықтық дамудың неғұрлым ертерек сатысында омыртқалылардың барлығының дерлік ұрықтары дене пішіні жағынан өте ұқсас келеді. Денелері бас, тұлға, құйрық бөліктеріне бөлініп бас пішіндері ұқсас, жұтқыншақтарының екі жақ бүйірінде желбезек саңылаулары болады. Одан әрі әр түрлі класс өкілдерінің , класс ішіндегі, отряд өкілдерінің ұрықтарына тән белгілер, бірте-бірте туыс пен түрдің белгілері қалыптасады.
6
Мысалы, адам тәрізді маймыл мен адамның ұрықтары да бастапқыда бір-біріне ұқсап, кейінірек әрқайсысының өзіне тән белгілері көріне бастайды. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңіндегі ұқсастық пен соңғы кезеңдегі ажырау әрекетін тұңғыш рет ғалым К.Бэр былай деп тұжырымдаған:ұрықта, ең алдымен, типке тән ортақ белгілер пайда болып, одан соң класқа, отрядқа, туысқа, ең соңында арнайы түрге тән белгілер қалыптасады. Ендеше, жалпы дене құрылысы біртекті жануарлардың ересек дараларына қарағанда ұрықтары өзара ұқсас келеді. Мұның бәрі омыртқалылардың шығу тегінің бір екенін көрсетеді. Жеке және тарихи даму арасындағы байланыстың негізінде XXI ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Ф.Мюллер және Э.Геккель өздерінің биогенетикалық заңын ашып, онда: әрбір дара өзінің жеке дамуы барысында сол түрдің тарихи дамуын қысқаша қайталайды деп көрсетті. Кейінірек академик А.Н.Северцев бұл заңға отногенез кезінде ата тектерінің ересек формаларына емес, олардың ұрықтарына тән белгілер қайталанады деген түзету енгізді. Мысалы, барлық омыртқалылардың ұрықтарындағы балықтың желбезек салатамырына ұқсас жүректен тарайтын қан тамырларының болуы, адам ұрығында ешқандай қызмет атқармайтын желбезек саңылаулары мен құйрықтың болуы. Сондай-ақ, көбелектің, қоңыздың, масаның, араның дернәсілдері биогенетикалық заң бойынша бунақденелілердің ата тегіне тән құрт тәрізді сатыны қайталауы болып табылады. Өсімдіктерге келсек, үйеңкінің, ырғайдың, таңқурайдың, т.б. бүршік атқан кезінде, бүршік қабыршағының жапыраққа айналуын байқауға болады. Мүк спорасынан бастапқы кезде балдырға ұқсас ұзын жіпшелер дамиды. Бұл құрлық өсімдіктерінің балдырмен туыс екенін көрсетеді. Сонымен Геккель мен Мюллердің биогенетикалық заңы ағзалардың жеке және тарихи дамуы арасындағы терең байланысты көрсете отырып, олардың өзара туыстық қатынасын анықтауға мүмкіндік берді.
Филогенетикалық қатарлар
Белгілі орыс ғалымы В.О.Ковалевский тұяқты жануарлардың, соның ішінде жылқының тарихи даму жолдарын зерттеп ашты. Жылқының ең ежелгі ата тегі бұдан 60 млн. жыл бұрын палеоген дәуірінде өмір сүрген, алдыңғы аяқтарында төрттен, артқы аяқтарында үштен саусақтары, өсімдікпен қоректенуге ыңғайлы тістері бар, үлкендігі түлкідей ғана фенакодус деген жануар болған. Ол орман мен бұталар арасында , өзен жағалауында ауа райы жылы және ылғалды жерлерде тіршілік еткен. Неогеннің екінші жартысында климаттың өзгеруі себепті ағаштекті өсімдіктер азайып, орманның орнында ірі шөптекті өсімдіктер, негізінен, астық
7
тұқымдастарынан тұратын ашық далалар көбейе бастады. Мұның өзі жылқы тегінің тіршілік жағдайын өзгертіп жіберді. Жылқы тегінің бұдан былайғы дамуы оның аяқтарының құрылысын, бас сүйектерінің пішіні мен тістерін және жануардың жалпы тұлғасын үлкейтіп өзгертті. Дала жағдайында жануарлар денесінің ірі болуы жазықтықта төңірегін алыстан шолып, төнген
қауіптен уақытында қашып құтылуға мүмкіндік берді. Далалы жерлерде қатты шауып жүруге бейімделу барысында аяқтарындағы бақайларының саны азайды, жақсүйектері ұзарып, тістері құрғақ, ірі шөптерді жеуге икемделді. Сонымен фенакодустан - эогиппус - миогиппус - парагиппус - ең соңында қазіргі заманғы жылқылар шықты.
Заманауи синтетикалық эволюция теориясының қалыптасуында бірнеше ғалым зор рөл атқарды. Біріншісі генетик-эволюционист C. С. Четвериков (1880-1959) болды. 1926 жылы ол алғаш рет генетикалық механизмдерді ескеріп, эволюция үдерісін түсіндірді. 1930 жылы ағылшын зерттеушісі Р.Фишердің «Табиғи сұрыпталудың генетикалық теориясы» атты еңбегі шықты. Фишер бір ілімге генетика мен дарвинизм жетістіктерін біріктірді, осылай синтетикалық эволюция теориясын дәлелдеді. ХХ ғасырдың ортасында америкалық ғалым Дж. Симпсон мен ағылшын ғалымы Дж.Хаксли өз еңбектерінде табиғи сұрыпталу мутацияға қарағанда эволюцияның едәуір маңызды факторы екенін көрсетті. Осылай олар Ч. Дарвин идеяларының дұрыс екенін тағы да дәлелдеді.

8
Пайдаланылған әдебиеттер:


1) Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық Асанов.Н, Соловьева. А, Ибраимова. Б. «Атамұра» баспасы, 2019 жыл 256,257,258- беттер
2) Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/М.Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенов.-Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл
3) «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедиясы/ Бас редактор Ә. Нысанбаев-Алматы 1998 жыл Х том
4) Қасымбаева Т., «Тіршіліктану. Биология» (2003), 204 бет
5) Северцов А.С. «Эволюция теориясы» 2005 жыл
6) Ярыгин В.Н. Биология 1997
7)https:// kk.m.wikipedia.org
8) https://ikaz.info
9) Ярыгин В.Н. Биология 1997
10) Stud.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет