Тақырыбы: Эволюцияның қазіргі заманғы теориясы. Микроэволюция. Макроэволюция



бет3/5
Дата14.09.2023
өлшемі176,44 Kb.
#107088
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эволюцияның қазіргі теориялары

3. Генетикалық критерий қазіргі кезде негізгі критерий болып саналады. Оған хромосома өлшемі, саны және пішіні, еркін шағылысуы және өсімтал ұрпақ беруі, сондай-ақ көбею мерзімі мен ұрығының дамуы, күйлеу кезіндегі мінез-қылығы, яғни көбеюге (репродукция) қатыстының барлығы жатады. Биологиялық репродуктивті оқшаулануға байланысты заманауи түрлер тұтас жүйелік бірлік болып табылады. Егер түрлер өзара шағылыса алса, онда әрбір ұрпақта көптеген алуан түрлі будандар пайда болар еді. Репродуктивті оқшауланудың көптеген механизмі бар. Гүлді өсімдіктердің арғы тегі ортақ, жақын туыс түрлерінде тозаң түтігінде тозаңның өну мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Нәтижесінде бөтен түр спермийі ұрық қапшығына түсуге әрекет жасаған кезде, жұмыртқа жасушасы не ескіреді, не өте жас болады. Кейде бөтен тозаң қабықшасының пішіні мен құрамы бойынша айырмашылық жасайды, сондықтан мүлде өсе алмайды. Бірақ адам эксперимент жүзінде бұл биологиялық кедергіні жойып, алуан түрлі будандастыру нәтижесінде өсімдіктердің сорттарын шығарды. Жануарларда репродуктивті кедергі алуан түске (тотықұстар), күйлеу кезеңінде және хромосома құрылысындағы және жыныс аппаратындағы айырмашылықтарға байланысты болуы мүмкін.
4. Экологиялық критерий түрдің таралу аймағын, ағзалардың осы түріне қажет табиғи жағдай кешенін қарастырады. Таралу типі бойынша барлық түрлер үлкен 2 топқа бөлінеді. Бір түр ірі таралу аймағында, оның бүкіл
3
аумағында біркелкі топ болып таралып орналасады. Басқа түрдің таралу аймағы оқшауланған, бөлінген аумақтан тұрады. Әдетте ол әрбір нақты түрдің қалай пайда болуына және қалыптасуына байланысты. Популяция - үнемі еркін будандаса алатын, таралу аймағының белгілі бір бөлігінде тіршілік ететін бір түр дараларының тобы. Үнемі еркін будандасу (100 ұрпақтан кем емес) әрбір популяцияда өзінің ерекше мутациялары мен генофонд деп аталатын мутантты емес гендерінің үйлесімін қалыптастырады. Теориялық тұрғыда бір түрдің әртүрлі популяция даралары еркін будандасуға қабілетті. Бірақ практикада бұл көбінесе осы популяцияларды бөлетін арақашықтыққа немесе табиғи тосқауылға (кедергіге) байланысты жүреді. Кез келген түр табиғатта популяция түрінде тіршілік етеді. Сондықтан түрдің популяциялық құрылымы туралы айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет