Тақырыбы: Эволюцияның қазіргі заманғы теориясы. Микроэволюция. Макроэволюция



бет2/5
Дата14.09.2023
өлшемі176,44 Kb.
#107088
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эволюцияның қазіргі теориялары

Микроэволюция деп түр популяциясы ішінде өтетін процестер жиынтығы және нәтижесінде жаңа түрдің пайда болуын айтады. Басқаша айтқанда, микроэволюция – жаңа түрлердің қалыптасуы жүретін эволюциялық қайта түзушіліктердің бастапқы кезеңі. Микроэволюция механизмдер зерттеу түрдің критерийлері мен құрылымының және популяцияның қазіргі заманғы концепциясын анықтаумен мүмкін болды.
Түр тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық бірлік болып табылады. 1735 жылы К. Линней негізін қаласа да ғылымда осы уақытқа дейін бұл түсініктің көпшілік мақұлдаған анықтамасы жоқ. Мынадай заманауи түсінік едәуір қолайлы: түр – сыртқы белгілері мен тіршілік ету удерісі ұқсас, бірдей жағдай қажет, белгілі бір аумақта топ - популяция түрінде мекендейтін, басқа түрлермен будан түзбейтін даралар тобы. Түрлер бір-бірінен бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Түрдің өзге түрлерден ажырататын белгілерін критериялар деп атаймыз. Түрдің морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, генетикалық, экологиялық және географиялық критериялары бар.
1. Морфологиялық критерий - ең ежелгісі. Ол үзақ уақыт негізгі ғана емес,
2
жалғыз критерий болды. Оны Карл Линней, оған дейінгі және кейінгі барлық ғалымдар қолданды. Морфологиялық критерий – бұл сыртқы және ішкі құрылысындағы ұқсастық. Бір түр өсімдіктерінің гүлі мен басқа мүшелерінің құрылысы бірдей. Бір түрге жататын жануарлардың тек сыртқы түрі ғана емес, ішкі құрылысы да ұқсас. Олардың жүрегі, өкпесі, миы және басқа мүшелерінің құрылысы бірдей. Бірақ түрді анықтау үшін тек морфологиялық критерий жеткіліксіз болды. ХX ғасырда ұқсас түрлер анықталды. Бұлар - сырттай айқын айырмашылықтары жоқ жануарлар немесе өсімдіктердің жеке түрлері. Оларды салыстыру негізінде ажырату мүмкін емес. Мысалы, сырттай айырмашылық жасамайтын бітенің түрлері әртүрлі өсімдіктерде паразиттік тіршілік етеді.
2. Физиологиялық критерий даралардың қандай да бір түрге жататынын анықтаған кезде биохимиялық талдауларды қолдануға және физиологиялық параметрлерді салыстыруға негізделген. Осылай ұқсас түрлер анықталып, бөлінді. Осы және генетикалық критерийлерді қолданған соң бұрын жеке түр болып саналған түрлер біріктірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет