Тақырыбы: Эволюцияның қазіргі заманғы теориясы. Микроэволюция. Макроэволюция



бет4/5
Дата14.09.2023
өлшемі176,44 Kb.
#107088
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эволюцияның қазіргі теориялары

5. Биохимиялық критерий түрлердің сан алуан болуы нәруыздың құрылысы мен құрамының түрліше болуына байланысты байқалады. Сондықтан биохимиялық критерий әр түрдің жеке топтарында олардың өзіне тән жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделуімен ерекшеленеді.Биохимиялык (тірі материяның химиялык құрамы) өлшем деп те атайды. Бұл өлшемді дарақтардың белгілі бір түрге тиесілігін анықтаған кезде оған биохимиялық талдау мен физиологиялык шамаластығын салыстыруды қолдану деп түсіндіріледі. Атап айтқанда егіз түрлер осылай айқындалып, ажыратылды. Осы және генетикалық өлшемді колдану соңынан кейбір дербес түр деп есептелгендер біріктірілді.
6. Географиялық критерий түрдің таралу аймағын анықтайды. Әрбір жеке түр белгілі бір кеңістікте тіршілік етеді. Кейбір түрлер көбірек көлемді жерлерге таралса, екінші бір түр шағын кеңістікте кездеседі. Түрдің таралу аймағы үлкен немесе кіші, тұтас немесе оқшау болуы мүмкін. Мысалы, мамонт ағашы мен мәңгі жасыл секвойя мезозой заманының бор кезеңінде пайда болған. Бұл көне замандық түрлер кайнозой заманының үштік кезеңінде Солтүстік жарты шарда кеңінен таралды. Ал қазіргі кезде олар Солтүстік Америка, Калифорния жағалауларында жергілікті түр болып сақталып қалды.
7. Этологиялық критерий организмдердің бір-бірінен мінез- қылығының айырмашылығымен айқындалады. Жақын түрлердің мінез-қылығындағы айырмашылықтар, әсіресе жыныстық қатынаста бір-бірімен жақындасып жанасар кезінде байқалады. Мысалы, әр түрлі қимылдар жасап "күй ойнақ" салуы, сайрағыш құстардың сайрау кезінде дыбыстарын құбылтуы, т.б.
4
Түрді анықтаған кезде қандай да бір критерийді, тіпті бұл критерий ең ежелгі (морфологиялық) немесе негізгі (генетикалық) болса да қолдануға болмайды. Бір критерийді қолданған кезде қате кетуі мүмкін. Түрді сенімді анықтау үшін бүкіл критерий кешенін қолдану керек.
Жаңа түрлердің түзілуі – микроэволюцияның аяқтаушы кезеңі. Түр түзілу процесінің мәні табиғи сұрыптаудың басты рөлінде элементарлы эволюциялық факторлар әсерінен генетикалық бірегей ашық популяциялар типтерінің генетикалық тұрақты жабық жаңа түрлік популяцияларға айналуы жүреді. Бұл процесте үлкен рольді изоляция атқарады, оның нәтижесінде шағылысу мен формалар арасындағы генетикалық материалдармен алмасу тоқтатылады, сол арқылы популяциялар жаңа өз алдына жеке, генетикалық тұрақты және изоляцияланған түрлік жүйелерге айналады.
Макроэволюция — түрүстілік таксондарға бастама беретін эволюциялық процесс. Ол өзіне тән механизмдері жоқ және микроэволюция процестерінен пайда болады және олардың интегрирленген көрінісі. Макроэволюцияның зерттеу нысаны табиғи сұрыптау факторы ретінде түраралық қатынастар, түрүстілік деңгейдегі систематикалық топтардың тарихи дамуын зерттеу саналады.
Макроэволюция тірі табиғаттың бүкіл өмірі барысындағы орын алған процестерді зерттеумен айналысады және органикалық дүниенің эволюциясының барлық жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Макроэволюция терминін тұңғыш рет ғылымға орыс ғалымы Ю.А. Филипченко енгізген (1927). Кейбір биолог-ғалымдар (Р.Вольтерек, Р.Гольдшмидт) ХХ ғасырдың І жартысында макроэволюция терминін өзгергіштіктің екі түрі: түраралық өзгергіштік (Мендель заңына бағынатын) пен ерекше өзгергіштікке (Мендель заңына бағынбайтын) де қолданады. Эволюциялық дамуды зерттеуші көптеген биологтар түр, туыс, тұқымдас, т.б. микроэволюция негізінде дамитынын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет