Тақырыбы: «Әз Наурыз-жыл басы» Мақсаты



бет2/3
Дата04.05.2023
өлшемі88,73 Kb.
#89867
1   2   3
Қорытынды.
Мұғалім сөзі:
Тарқалмасын Ұлы Наурыз мейрамы,
Тойға ұлассын қазағымның тойлары!
Әр жыл сайын ән мен жырға бөленсін,
Ұлыс күні Ұлы Отанның аймағы! –дей отыра бүгінгі "Әз Наурыз-жыл басы" атты сынып сағатымызды аяқтаймыз ! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Сынып жетекшісі: Бөкеш Мөлдір Бақбергенқызы
Тақырыбы: «Әз Наурыз-жыл басы »
Мақсаты:  Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің,іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері,ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.
2. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту.
3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: плакат, шар, Интербелсенді тақта, Наурыз мерекесі туралы қанатты сөздер.
Пәнаралық байланыс: музыка, еңбек, әдебиет
Сабақтың барысы
Мұғалім сөзі:
І. Кіріспе сөз:
Құрметті қонақтар және ұландар!
Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін! Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет