Тақырыбы: Ғалам туралы ғылыми көзқарастар Дәріс Ғалам туралы ғылыми көзқарастар



бет8/20
Дата31.12.2021
өлшемі3,5 Mb.
#23807
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Дәріс Жаратылыстану

Дәріс №5

Тақырыбы: Литосфера

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпалын мен әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд тонна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыш заттар енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік. Анторпогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км² – ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды. Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық. Физикалық ластану – радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады. Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретінмикроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса, ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шапжойғыштар мен минералды тыңйтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар әскери өндірістік кешендері жатады. Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдерден және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі. Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т.б. ) қоздырғыштарын сатайтын ортаға жатады. Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т.б. құрамына кіреті, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1мг/лден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді. Сөйтіп біртіндеп көптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Егерде су қоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтермен және т.б. ластағыштармен ластана берсе, басқа да суда сүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туады. Латынша литос-тас,сфера-шар Жер қыртысы 8 ірі тақталардан тұрады. 1.Еуразия 2. Солт.Америка 3. Оң.Америка. 4.Африка 5. Антарктида 6. Үнді-Аустралия 7.Тынық мұхиттық 8. Неаска тақтасы Жер қыртысын түзейтін тау жыныстар 3-ке бөлінеді. 1.Шөгінді-құм,саз.бор,тұз,тақта тас т.б 2. Магмалық-гранит, базальт 3. Метаморфтық өзгергіштік Шөгінді тау жыныстары 3-ке бөлінеді. 1.Кесек шөгінділер-тау жынысының көлемінің өзгеруі 2. Органикалық шөгінділер-шымтезек,таскөмір,бор,құмтас,тақтатас 3.Химиялық шөгінділер-тұздар,қышқылдар Метаморфтық тау жынысына- әктастың мәрмәрға,сазды тақта тастың кристалдық тақта тасқа,құмтастың кварцетке айналуы. Жер бедері дегеніміз-жер бетінің ойлы қырлы болып келуі Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің әсерінен пайда болады. Геоморфология-жер бедерін зерттейтін ғылым саласы Ішкі күштерді эндогендік деп атайды. Ішкі күштерге плиталардың қозғалуы, жер сілкіну, вулкан атқылау жатады. Сыртқы күштерді экзогендік деп атайды. Сыртқы күштерге ағын су, температура, жауын-шашын, өсімдік , жануар т.б жатады. Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын ұсынған-неміс ғалымы Вегенер Литосфералық плиталардың қалыңдығы-60-100км Сейсмикалық белдеулер-жер қыртысының қозғалмалы аймақтары Жер қыртысының қозғалмалы аймақтарын геосинклинальдар деп атайды. Платформаның шөгінді жыныстар алып жатқан бөлігін жазықтар деп атайды. Ежелгі біртұтас құрлық-Пангея Лавразия- Солт.Америка, Еуразия Гондвана-Оңт.Америка, Африка, Аустралия, Антарктида Еуразия мен Үнді-Аустарлия плиталарының соқтығысуынан Альпі, Гималай таулары пайда болған. Еуразия мен Тынық мұхит плиталарының соқтығысуынан Курил аралдары пайда болған. Еуразия мен Африка тақталарының ажырауынан Қызыл теңіз, Арабия түбегі пайда болған. Жер сілкіну дегеніміз-жердің терең қабатындағы тау жыныстарының қозғалуынан жарылуынан пайда болады. Ошағы дүмпу шыққан жер –тау жынысының қозғалған жері Эпицентр-ошағының үстіңгі бөлігі. Жер сілкінудегі белдеулердің саны:2 1.Альпі-Гималай және Жерорта теңіздік 2. Тынық мұхиттық белдеулер Вулкан дегеніміз-жердің терең қабатындағы магманың жер қыртысында пайда болған жарықшалар арқылы жер бетіне шығып төгілуі. Жер бетіне төгілген магма лава деп аталады. Магманың жоғары көтерілген бөлігі вулканның көмейі деп аталады. Көмей кратермен аяқталады. Кратер-вулканның шұңқыр аузы. Вулкан сөнген және сөнбеген болып бөлінеді. Сөнген вулкан-атқылауы туралы ешқандай мәлімет қалмаған вулкан Сөнбеген вулкан-адамның көз алдында атқылап жатқан вулкна. Гейзерлер-оқтын-оқтын фонтан күйінде атқылап жатқан ыстық бұлақтар. Гекла вулканы-Исландияда Еуразиядағы ең биік сөнбеген вулкан-Ключи шоқысы Индонезия аралында-Кракатау Апенин түбегінде-Везувий Сицилия аралында- Этна вулканы Кавказ тауының ең биік нүктесі –Эльбус –сөнген вулкан Антарктидадағы вулкан-Эрэбус Орисабо вулканы-Мексикада Сөнген үлкен Арарад вулканы-Армения Үгілу дегеніміз-тау жыныстарының күйреуі. Үгілудің 3 түрі бар: 1.Физикалық-температураның әсерінен 2.Органикалық-тірі ағзалардың әсерінен 3.Химиялық-су мен ауаның әсерінен. Биіктікті өлшейтін құрал-нивелир (тіктеуіш, деңгейлеуіш) Биіктікті өлшеудің 2 әдісі бар: 1. Абсолютті биіктік-теңіз деңгейінен алынған биіктік. 2. Салыстырмалы-кез келген нүктеден алынған биіктік. Горизонталь дегеніміз-биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. Бергштрих-беткей бойынша төмен қарайтын бағыттарды көрсететін сызық. Ойпат дегеніміз-теңіз деңгейінен төмен жатқан нүктелер. Дүниежүзіндегі ең үлкен ойпат-Амазонка Жазықтар дегеніміз-абсолюттік биіктігі 200метрге дейінгі жер беті. Жазықтар төмен және төбелі болып бөлінеді. Жазықтар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді: 1.Ойпат- 2.Қырат-200-500м 3.Таулы үстірт-500 метрден жоғары. Таулар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді: 1.Аласа -500-1000м 2.Орташа-1000-2000м 3.Биік тау-2000мден жоғары. Д.ж ең биік тау-Гималай Ең биік шың-Джамалунгма Эверест 8848м Таудың сүйір басы-шыңы Тау жоталары құрайды-таулы өлке Тау жоталарының түйіскен жері-тау торабтары Ежелгі тауларға-Орал, Сарыарқа, Аппалач таулары жатады. Жаңа тауларға-Кордилер, Памир, Кавказ, Гималай таулары жатады. Бұрын теңіз түбі болып кейін көтерілген жазықтар алғашқы жазықтар деп аталады. Жер қыртысының біршама тұрақты бөлігі-платформа Материктік қайраң-материктің мұхитқа өткен 200м дейінгі бөлігі. Материктік беткей-200-2800м Шұңғыма-мұхит түбінің ең терең жері. Шағыл-айшық тәрізді құм төбелер. Бархан-желдің әсерінен пайда болған релеф құм төбелер. Телекан-бос тау жыныстарының үйінділері. Жыралар мен сайлар судың әсерінен болады. Жер қыртысындағы зат алмасудың негізгі қозғаушы күші-Кұн энергиясы.

Адамзат баласы табиғаттың өзі жаратқан ғажайып көріністердің бірі. Бірақ адам баласының үстемдігі, ақыл-ойының біліктілігі оның табиғаттың басқа организмдерінен әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күнелткен алғашқы адамдардың өзі де керек-жарақтарды атмосферадан алып отырған. Сана-сезім ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтерілді. Адам өзінің ақыл-ойы арқылы көптеген жетістіктерге жетті. Яғни неше түрлі өндіріс, өнеркәсіп орыдары және т.б. мекемелер жүйесін қалыптастырды. Бұлардың пайдалы және зиянды жақтарын жоғарыда айтып кеткен едік. Биосфераны осындай антропогендік фактор әсерлерін қорғау –маңызды шаралардың бірі. Адам әрекеті санасында табиғатты, жерді, ауа мен өзендерді, көлдерді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану осы заманғы алдыңғы қаталы мәселелерінің біріне айналып отыр. Ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра, тіршілігіміздің қайнар көзі-табиғат байлығына жетіп, бағлап, оған келтірілген залалы үшін болашақ ұрпақ алдында жауапты екенімізді ешуақытта естен шығармағанымыз жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет