№ 1 СРСП
Тақырыбы: Физиология пәніне кіріспе.Қозғыш тіндерді тітіркендіру әдістері
Орындаған : Какен Дана
Курс : 2
Мамандық : Стоматология
Топ: 201 Б
Алматы, 2022
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ......................................................................................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................................................3
2.1. Физиология туралы жалпы түсінік ......................................................................................3
2.2. Физиологияның негізгі бөлімдері.........................................................................................5
2.3. Қозғыш тіндерді тітіркендіру әдістері.................................................................................7
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................................11
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................................12
Физиология- (грекше «рһуsis» - табиғат, «1оgos» - ілім) тірі ағза мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының қызметтерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым саласы. Физиология- ағзаның өзіндік жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Адам ағзасының даму үрдістерін жас кезеңдеріне байланысты бақылайды.
Дербес ғылым ретінде жедел дамып келе жатқан физиология, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, физика, химия ғылымдарының әдістерін қолданып, үлкен жетістіктерге жете бастады. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты.
Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып бөлінеді.
Жалпы физиология ағзаның жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді.
Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы мәселелерін қарайды. Жалпы физиология салыстырмалы және эволюциялық физиология болып бөлінеді.
Салыстырмалы физиология – бұл жануарлар әлеміндегі түрлердің тіршілік ету барысындағы ұқсастықтарын мен айырмашылықтарын, даму заңдылықтарын ажыратады.
Эволюциялық физиология - адам мен жануарлардың жеке даму және тарихи даму кезіндегі физиологиялық іс-әрекеттердің біліну, дамып жетілу, қалыптасу заңдылықтарын қарастырады.
Жеке физиология - кейбір тіндердің, ағзалардың қасиеттерін, бір жүйеде ұйымдастырылуын және реттелу негіздерін тексереді.
Қолданбалы физиология - адамның күнделікті тіршілік барысындағы іс әрекеті мен табиғатпен байланысы зандылықтарын анықтайды. Оның қатарына бірнеше физиология саласы жатады.
Физиология өз ерекшеліктеріне байланысты қалыпты, патологиялық және клиникалық болып бөлінеді.
Қалыпты физиология - дені сау адам ағзаның қалыпты күйдегі жағдайын, салауатты өмір тұрмыс салтын, табиғаттағы әртүрлі әсерлерге бейімделуін тексеріп, олардың жақсарту амалдарын зерттейтін ғылым саласы.Қалыпты физиологияның негізгі мақсаты- адам денсаулығын сақтау. Бұл ғылым саласын қазіргі кезде валелогия («vale» - сау болу, «1оgоs» - ілім) зерттейді 3
Денсаулық дегеніміз - адам ағзасының ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.
Патологиялық физиология - ауру ағзадағы ауытқуларды, олардың ағымдарын, барысын анықтайды. Сонымен қатар, ол науқастардың бейімделу әрекетін, сауығу және айықтыру үрдістерін зерттейді.
Клиникалық физиология - ауру ағзадағы физиологиялық көрсеткіштердің (хирургиялық емдеуден, протездер қондырғаннан кейінгі) жаңа ауруханалық деңгейін тексереді.
Физиология ғылымы медицина саласы мен гигиена саласында өте маңызды орын алады. Ағзаның қалыпты қызметін, ағзада болып жатқан үрдістердің қалыпты деңгейін білмей, ауруды емдеуге болмайды. Сондықтан қалыпты физиология барлық медициналық ғылымдардың теориялық негізі болып есептеледі.
Физиологияның жас ерекшеліктері туралы саласы педагогика, психология, валеология және дене тәрбиесі ғылымдары үшін өте қажет.
Балалардың денсаулығын сақтауды, олардың өсуі мен дамуына оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуді, мұғалімдердің жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы жөнінде тиісті білім қоры болған кезде ғана жүзеге асыруға болады. Мұның өзі мұғалімнің өскелең ұрпаққа адамгершілік, әсемдік, имандылық, еңбекқорлыққа баулу, ақыл-ой және дене тәрбиесін беруін ойдағыдай жүзеге асыруына жәрдемдеседі.
Физиологияның мақсаттары.
1. Ағзаның және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
2. Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру;
3. Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету;
4. Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.
Физиологияның зерттеу әдістері.
Физиологиялық үрдістер өте үдемелі өзгеріп отыратын құбылыстар. Аталмыш анықтау тәсілдері физиологияның әрбір даму кезеңдеріне,туыстас ғылым салаларының
4
жетістіктеріне сәйкес қалыптасты. Сондықтан мұның бірнеше бағытын талдауға болады:
1) Бақылау әдістері - физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді;
2) Тіркеу әдістері - физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алады;
3) Тітіркендіру әдістері - тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық (кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық (тұздар, қышқылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны, температура т.б.) түрткілердің әсерін қолданады;
4) Электрофизиологиялық әдістер - қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары т.б.) тіркегіштер мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.
5) Өткір тәжірибе әдістері - жануарларға вивисекция (тәнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау тәсілдерін жасайды;
6) Созылмалы тәжірибе әдістері - жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды. Бұл әдісті физиологияға алғашқы енгізген И.П. Павлов болатын, ол ағзаны бөлшектеп қараудың (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтетездік) тексеруге мүмкіндік жасады;
7) Аспаптық әдістер - физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (диагноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар ұсынады.
Қазіргі таңдағы физиология, басқа да ғылымдардың жстістіктерін кеңінен пайдаланып, медицина салаларының дамуына ықпалын тигізуде.
Осы кездегі физиологиялық зерттеу жұмыстарында ғылым мен техника жетістіктерін, кибернетика, информатика, радиоэлектроника жаңалықтарын, есептеуші машиналарды, телеметрияны т.б. кеңінен қолданады.
Ағзаның жас кезеңдерінде дамуы
Адам ағзасы біртұтас жүйе ретінде онтогенездік кезеңдерде өсіп тіршілік жасайды. Адамның тіршілік әрекеттері жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп отырады.Себебі, онтогенездік дамудың әрбір сатысында өзіндік физиологиялық көрсеткіштер қалыптасады. Өскелең ағзаның жетілуі - өсуі, дамуы және дене пішінінің қалыптасуы арқылы жүреді.
Өсу - жетіліп келе жатқан ағзадағы құрылымдардың мөлшерлік өзгерістері, ол жасушалар санының дене салмағы мен аумағының артуы арқылы өтеді.
5
Даму - ағзада өтетін ағзалар, тіндер, мүшелер жүйесінің сапалық өзгерістерін көрсетеді.
Өсу мен даму кезінде анатомиялық және физиологиялық көрсеткіштердің "секірмелі" өзгерістерін байқауға болады. Олар 3 кезеңнен өтеді: Бірінші: қатерлі немесе аумалы кезең 2-3,5 жаста болады. Балалардың қимыл белсенділігі артады, төңірекпен, заттармен араласуы кеңейеді. Тұрмыстық жарақаттар алу көбейеді. Санасы, сөз қоры ұлғаяды, жүйке жүйесі, психикасы нәзік келеді, жиі зақымданады.
Екінші: аумалы кезең - балалар мектепке барғанда 6-8 жаста өтеді. Балалардың оқуына байланысты жауапты міндеттер жүктеледі, жаңа адамдармен араласады, әлеуметтік жағдайы өзгереді, қимыл белсенділігі шектеледі, жауапкершілігі көбейеді, тез шаршайды, жол-көлік зақымдары жиіленеді.
Үшінші: аумалы кезең - балиғаттық шақ (11-15 жас), жеткіншектердің эндокриндік және жүйке жүйелерінің тепе-теңдігі өзгереді, дисфункция (тірліктік өзгеріс) пайда болады. Жүйке-психикалық аурулар жиі кездеседі.
Адам өмірі: құрсақта даму, балалық шақ және ересектік шақ болып үш сатыға бөлінеді.
I Құрсақта (антенаталдық) 2 айға жуық бұл ұрықтық даму (эмбриогенез) және 2 айдан 9 айға дейін нәрестелік даму (фетогенез) кезеңдерінен тұрады.
II Балалық шақ (постнаталдық, құрсақтан тыс даму) бірнеше кезеңнен өтеді:
1Жаңа туған (неонаталдық) кезең - туған күннен 4 аптаға дейін, перзент қырқынан шыққанша, созылады. Дана халқымызда қырқынан шығару деген дәстүр осыдан туындаса керек. Бұл кезеңде ағза сыртқы орта жағдайларына икемделеді. Шараналық (плаценталық) қанайналымы өзгеріп, өкпе арқылы тынысалу калыптасады. Осы алғашқы 1 аптаға жуық неонаталдық мерзімін өтпелі тез бейімделу кезеңі деп те атайды.
2 Еметін, бөбектік шақ - бөбек өмірінің алғашқы бірінші жылы.
3 Алғашқы балалық, сәбилік шақ - 1-3 жас.
4 Бірінші балалық, естиярлық шақ - 4-7 жас.
5 Екінші балалық, бүлдіршіндік шақ: ұлдар - 8-12 жас, қыздар 8-11 -ге дейінгі жас.
6 Жеткіншектік, балиғаттық (пубертаттық) шақ - ұлдар 13-16 жас, қыздар 12-15 жаста.
7 Жасөспірімдік, бозбалалық шақ - жігіттер 17-21 жасқа, бойжеткендер 16-20 жасқа дейін.
6
III Ересектік шақ бірнеше кезеңнен құралады.
1 Кәмелеттік жас екіге жіктеледі:
а) кемел жас - ерлер 22-35 жасқа, әйелдер 21-35 жасқа дейін. Бұл кезеңде адамның өсуі тоқтайды, ағзаның құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс әрекеті белсенді және тиянақты болады.
б) кемел жас - ерлер 36-60 жас, әйелдер 36-55 жасқа дейін.
Олардың жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп, қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттері күрделі өзгерістерге душар болады.
2 Егде жас - ерлер 61 -74 жасқа, әйелдер 55-74 жасқа дейін.
Бұл кезеңде ағза тез қартаяды. Оның күнделікті қабілеті азайып, бейімделу әрекеті төмендейді. Сондықтан олар осы жас кезеңдерінде кездесетін ауруларға жиі шалдығады.
3 Кәрілік жас - ерлер мен әйелдер 75 жастан кейін басталады. Ағзаның негізгі тіршілік әрекеттері күрт төмендейді.
4 Ұзақ өмір сүрушілер 91 жастан асқан кісілер. Ағзада толықтай құрылымдар мен жүйелердің қызметі әлсірейді, тірек-қимыл әрекеті үйлесімсіз болады, зат алмасу қарқыны төмендейді, жүйке қажиды, тежелу құбылысы байқалады, ұйқы нашарлайды. Аталмыш бұл жастада ширағырақ қарттар да кездеседі.
Тірі ағзаны, оның ішінде кәрі адамның тіршіліктік өзгерістері мен қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым - геронтология (грек. «gеrоn», «gеrоntios» - кәрі, «1оgos» - ілім). Геронтология ғылымының түбегейлі мақсаты - адамның белсенді және толық бағалы өмір жасын ұзарту амалдарын іздеп табу. Мұны осы ғылымның маңызды бір саласы - гериатрия жүзеге асырады. Ол егде және кәрілік жастағы адамдардың ауруларын анықтау, тексеру әдістерін тауып, оларды тиімді емдеу және аурудың алдын-алу шараларын жасайды. Оның адам өмірін ұзартуға арналған саласы макробиотика XVIII ғасырда пайда болған. Ол кездегі ұсыныстар бойынша, жеке бастың тиімді гигиенасы (дұрыс тамақтану, денені таза ұстау, дер кезінде ауруды емдеу) жеткілікті деп есептелінді. Расында, қазіргі кезде қолданыс тауып отырған салауатты өмір салты - санология («sanos» - денсаулық) оның дұрыстығын дәлелдейді.
Қартаюдың зақымдаушы әсеріне қарсы ағзаның витаукт қасиеті болады, бұлар өмір мерзімін межелейді.
Витаукт («vita» - өмір, «аuхіо» - өсіру) дегеніміз - ағзаның бейімделу қасиетін ұзақ уақыт ұстап тұру қабілеті. Оның негізі дененің өзін-өзі реттеуі, қайта жаңаруынан құралады.
7
Қазіргі әлеуметтік және демографиялық жағдайларды ескеріп, дәрігерлер күнделікті медициналық қабылдаулар кезінде қартайған науқастарға ерекше көңіл бөлуі қажет.
Ұлпаларда пайда болатын қозу үрдісі - үздік-үздік, белгілі бір ырғақпен туындап отыратын үрдіс. Оның себебі тітіркеністің пайда болып, дамуы кезінде ұлпалардың қозғыштық қасиетінде сатылы өзгерістер байқалады. Ұлпадағы деполяризация нәтижесінде шектеулі қозу пайда болған кезде аз мерзімге қозғыштық жоғарылайды. Шектелген қозу таралатын қозуға айналғанда, натрий иондары жасуша ішіне көп мөлшерде еніп кетеді де, әрекет потенциалының шыңы (спайк) туындайды. Осы сәтте ұлпаның қозғыштығы күрт төмендейді, оның тітіркендіруге сезімталдығы жоғалады, қосымша тітіркендіруге жауап реакция болмайды. Қозудың дамуының бұл сатысын толық (абсолюттік) рефрактерлік саты дейді. Абсолюттік рефрактерлік саты әрекет потенциалының өрлеу кезімен сәйкес келеді де, жылы қанды жануарлардың миелинді нерв талшықтарында 0,5-1 мс, бұлшық етге 2,5-3 мс, ал жүрек еттерінде 300-400 мс уақытқа созылады. Қозудың осы сатысынан кейін ұлпалардың қозғыштьгғы біртіндел бастапқы қалпына келеді
- салыстырмалы рефрактерлік саты басталады. Ол реполяризациямен - әрекет потенциалы шыңының төмендеп, оның іздік реполяризацияға айналған кезеңімен сәйкес келеді. Бұл саты нерв талшықтарында 1-10 мс, ал ет талшықтарында - 30 мс дейін созылады. Осыдан соң экзальтация сатысы деп аталатын қозғыштықтың жоғарылау кезеңі басталады. Мерзім жағынан бұл кезең іздік реполяризацияның соңымен сәйкес келеді. Экзальтация сатысының ұзақтығы нервте — 20 мс, бұлшық етте -50 мс шамасыңда. Экзальтация сатысынан соң субнормалы саты басталады, ол іздік гиперреполяризациямен сәйкес келеді. Бұл кезеңде ұлпалар қозғыштығы тыныштық сатысымен салыстырғанда төменірек болады. Қозу табиғатын түсіндіретін мембраналық теорияға сәйкес рефрактерліктің абсолютгік сатысы натрий иондарының жасуша ішіне өтуінің тиылып, мембрананың калий иондары үшін өтімділігінің жоғарылауымен байланысты. Осының нәтижесінде мембрананың қозғыштығы уақытша жойылып, онда тітіркендіруге жауап ретіңде әрекет потенциалы туындамайды. Рефрактерліктің салыстырмалы сатысында натрий иондарының өтімділігін төмендетіп, калий иондарының өтімділігін жоғарылататын жағдайлар жойылып, мембрананың тыныштық күйіндегі қасиетгері қалпына келеді. Осының нәтижесінде жасушалар мембранасының қозғыштығы мен әрекет потенциалын тудыру қабілеті біртіңдеп қалпына оралады. Дегенмен, бұл кезеңде қозғыштық қабілет төмен деңгейде болады, сондықтан қозу үрдісін тудыру үшін тітіркендіргіш күші зор болу керек. Рефрактерліктің экзальтация сатысыңда жасушаларда қалыптастыру үрдісі толығымен
8
аяқталады. Үйексіздену (мембраналық потенциал деңгейінің томендеуі) аяқталып, жасушаның қозғыштығы жоғарылайды. Осы кезде жасушаның тітіркендіргішке сезімталдығы күшейеді, ұлпа келесі қозу үрдісіне дайын күйге оралады. Рефрактерліктің субнормалды кезеңі іздік гиперүйектену (мембраналық потенциал деңгейінің жоғарылауы) кезінде туындайды. Бұл мерзімде тыныштық потенциалының деңгейі жоғарылайды, сондықтан үйексіздену үрдісін тудыру үшін күшті тітіркендіргіш қолдану қажет.
Тітіркендіргіш дегеніміз – өз әсерімен тірі ұлпаларда қозу үрдісін тудыратын ішкі немесе сыртқы орта факторлары, агенттері. Олар бірнеше принцип негізінде жіктеледі.
Табиғатына байланысты тітіркендіргіш химиялық (қышқылдар, сілтілер, тұздар, улар т.б.), физикалық (механикалық, термиялық, электрлік, сәулелік, дыбыстық т.б.), биологиялық (микробтар, вирустар, гормондар т.б.) болып бөлінеді. Ұлпалар мен жалпы организмге ететін әсерінің мәніне қарай тітіркендіргіштер үйреншікті (адекваггы) және тосын (инадекватгы) болып бөлінеді. Ұлпалар мен құрылымдар әсеріне эволюциялық даму барысында жақсы бейімделген, сондықтан оларға қалыпты, табиғи жағдайда әсер ететін тітікендіргіштерді уйреншікті тітіркендіргіш дейді. Мысалы, ет талшықтары үшін нерв тітіркенісі, көз фоторецепторлары үшін — сәуле, есту рецепторлары үшін - дыбыс толқыны т.с.с. үйреншікті тітікендіргіш болып табылады. Ұлпалар мен мүшелерге табиғи жағдайда әсер етпейтін тітікендіргіштерді - тосын тітіркендіргіш дейді. Қалыпты жағдайда олар ұлпаларда қозу үрдісін тудырмайды, бірақ әсер күші мен тітіркендіру мерзімі жеткілікті болғанда олар қозу үрдісін тудыра алады. Мысалы, әр түрлі механикалық факторлар (соғу, шаншу, қысу т.б.), электр тогы, қышқылдар әсерімен бұлшық ет жиырылады. Әсер кушіне қарай тітікендіргіштер табалдырықты, табалдырықтан жоғары және табаддырықтан төмен болып бөлінеді. Тітіркендіргіштің қозу үрдісін тудыратын ең аз шамасын табалдырықты тітіркендіргіш, немесе бастау куш, дейді. Әсер күші табалдырықтан кем тітікендіргішті табалдырықтан төмен, ал табалдырықтан артықтарын - табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштер дейді.
Физиологиялық үрдістерді зертгеу мақсатында тосын (инадекватты) тітікендіргіш болса да электр тогы кең қолданылады. Оның себебі - токтың күшін, әсер уақытын, градиентін дәл шамалауға және тез өзгертуге болады. Сонымен қатар электр тогы табиғаты жағынан организмде пайда болатын биотокқа ұқсас, сондықтан ол организмде терең аутқулар туғызбайды, ұлпаларды зақымдамайды. Организмде нерв ұлпасы электролит болып табылады да, тоқты жақсы өткізеді. Оларға түрақты токпен әсер етсе, иондар алмасу үрдісі жүріп, анодқа (оң өріске) - аниондар (теріс зарядты иондар), катодқа (теріс өріске) –
9
катиоңдар (оң зарядты иондар) жиналады. Е.Пфлюгер деректеріне сәйкес тұрақты ток ұлпаны тек электр тізбегі тұйықталған (электродтар тигізілген) және ажыраған (электродтар алынған) кезде ғана тітіркендіреді. Сонымен қатар, мұндай жағдайда ұлпаның тек электродтар жанасқан жері ғана тітіркенеді. Орташа күші бар ток тізбегі тұйықталғанда қозу - катодта, ал ажыраған кезде - анодта пайда болады. Осы құбылыс тітікендірудің өрістік заңы деп аталады. Тітіркендіру деп әр түрлі тітікендіргіштердің тірі ұлпаларға әсер етуін айтады. Тітіркендіру нәтижесінде ұлпаларда қозу үрдісі туындайды. Ұлпалар физиологаялық тыныштық күйінен қозу жағдайына көшу үшін тітікендіргіштің белгілі деңгейде күші, әсер мерзімі және әсер күшінің өсу шапшаңдығы (градиенті) болуы керек. Сондықтан тітікендіргіш әсерінің сипаты мен организмнің жауап реакциясының арасында белгілі байланыс болады. Осы байланыс тітіркендірудің үш заңы түрінде бейнеленеді. Куш заңы - тітікендіргіш неғүрлым күшті болса, соғүрлым (белгілі бір шекке дейін) ұлпаның жауап реакциясы да күшті болады. Қозу үрдісін тудыру үшін тітікендіргіштің белгілі шамада күші болу керек. Қозу үрдісін тудыруға қажет тітікендіргіштің ең аз күшін тітікену табалдырыгы, немесе бастау күш, деп атайды. Бұл күш мөлшері ұлпаның қозғыштығына байланысты. Ұлпа қозғыштығы неғүрлым жоғары болса, оның тітікену табалдырығы төмен болады. Сондықтан, бұл күшті қозу табалдырыгы деп те атайды. Қозу табалдырығын реобаза деген атаумен сипаттайды. Мерзім заңы - тітікендіргіштің әсер мерзімі неғүрлым ұзақ болса, соғүрлым (белгілі бір шекке дейін) ұлпаның жауап реакциясы күшті болады. Қозу үрдісі пайда болу үшін тітікендіргіш әсері белгілі бір мерзімге созылуы керек. Табалдырықты тітікендіргіш (реобаза) әсерімен қозу үрдісінің пайда болуы үшін қажет уақыттың ең аз шамасын әсер мерзімі, немесе тиімді мерзім, деп атайды. Тітіркендіргіш күші өскен сайын әсер мерзімі қысқара түседі, соңдықтан физиолоиялық тәжірибелерде хронаксия деген шаманы анықтайды. Хронаксия деп екі еселенген реобаза әсерімен қозу үрдісі пайда болу үшін қажет уақытты айтады. Хронаксия мөлшері ұлпа құрылымына, мүшелер мен жалпы организмнің физиологиялық күйіне байланысты өзгереді. Мысалы, қозғалтқыш нерв хронаксиясы 0,09-0,2 мс, вегетативтік нервте ол 5 мс, қаңқа еттерінде - 0,2-0,4 мс. Бүккіш еттер хронаксиясы жазғыш етгермен салыстырғанда 1,5 - 2 есе аз болады. Ең үзақ хронаксия қарын, ішек және жатырдың бірыңғай салалы етгеріне тән. Градиент заңы - қозу үрдісі туындау үшін тітікендіргіш күшінің өсу шапшандығы маңызды рөл атқарады. Тітіркендіргіш күші неғұрлым күрт өссе, соғүрлым (белгілі бір шекке дейін) тірі ұлпа реакциясы күшті болады. Тітіркендіру градиенті азайса, қозғыштық табалдырығы
10
жоғарылайды. Тітіркендіргіш күші баяу өссе, қозу үрдісі туындамай да қалады. Күші баяу өскен тітіркендіргішке ұлпалардың бейімделуін аккомодация деп атайды. Аккомодация неғүрлым тез жүретін болса, соғүрлым тітіркендіргіш күші тез өсу керек.
Тыныштық потенциалы немесе мембраналық потенциал, деп физиологиялық тыныштық жағдайында жасуша цитоплазмасы мен жасуша аралық сүйықтық арасында байқалатын биоэлектрлік потенциалдар айырмасын айтады. Тыныштық потенциалы жасуша мембранасының сырт және іш жағында калий, натрий жоне хлор иондары концентрациясының тең болмауының және мембрананың осы иондарды өткізу кабілетінің әртүрлі болуының салдарынан туындайды. Нерв және ет жасушаларында тыныштық потенциалының деңгейі 60-90 мВ шама-сында қалыптасады және де, мембрананың сыртқы беткейі оң, ішкі беткейі теріс зарядталады. Тыныштық жағдайында жасуша мембранасының калий иондары үшін өтімділігі өте жоғары болады. Онымен салыстырғанда натрий иондарының өтімділігі 25 есе, хлор иондарының өтімділігі - 2 есе аз деңгейде сақталады. Осының салдарынан нерв пен ет жасушаларының цитоплазмасында жасуша аралық сүйықпен салыстырғанда калий ион-дары 30-50 есе көп, натрий иондары 8-10 есе, хлор иондары - 50 есе аз болады. Қүрамында диссоциацияланған фосфаттар мен гидроксильдік тоіггардың болуымен байланысты мембрана катион-дармен салыстырғанда аниондарды нашар өткізеді. Мембраналық теорияға сәйкес тыныштық потенциалы иондардың мембрана арқылы ықпалды және ырықсыз өтуімен байланысты қалыптасады. Иондардың ықпалды (пассивті) қозғалысы олардың концентрациялық градиентіне сәйкес ешқандай қуат шығынынсыз атқарылады. Жасуша ішінде калий иондары еркін күйде болады да, олар концентрациясы көп жақтан концентрациясы аз жаққа өтіп, жасушааралық сүйыққа жайылып кетпей, жасуша ішіндегі аниондар ықпалымен жасуша мембранасының сыртқы беткейінде жинақталады. Жасуша ішінде негізінен органикалық қышқылдар (аспарагин, сірке, пропион т.б. қышқылдар) аниондары шоғырланады. Олар мембрана-дан өте алмайды, сондықтан оның ішкі беткейінде жинақталады. Калий иондары оң, ал аниондар теріс зарядты болғандықтан, мембрананың сыртқы беткейі оң, ішкі беткейі теріс зарядталады.
Қорытынды
Физиология- (грекше «рһуsis» - табиғат, «1оgos» - ілім) тірі ағза мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының қызметтерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым саласы. Физиология- ағзаның өзіндік жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Адам
11
ағзасының даму үрдістерін жас кезеңдеріне байланысты бақылайды.
Дербес ғылым ретінде жедел дамып келе жатқан физиология, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, физика, химия ғылымдарының әдістерін қолданып, үлкен жетістіктерге жете бастады. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты.
Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып бөлінеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР :
1. https://lektsii.org/16-45245.html
2.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F
3.Адам физиологиясы 1995 ж Х,Қ,Сәтпаев
Достарыңызбен бөлісу: |