Тақырыбы: Газды, тәтті сулардың зияны Орындаған: Рахман Ернұр Бахытұлы Шымкент



бет4/8
Дата15.03.2023
өлшемі243,16 Kb.
#74606
1   2   3   4   5   6   7   8
Калий ацесульфамы аспартамның қасиеттерін көрсетеді. Кейбір сыншылар сусындарды шығарушы компанияларды олардың құрамының қосымша зиян келтіретіндіктерін, адам ағзасына зияндығын толық зерттемейтіндіктеріін айтып сынап жатады.
Көмірқышқыл газы сумен жақсы әрекеттесіп, суда ериді. Көмірқышқыл газы консервант түрінде қолданылады. Өнім қаптамасында ол Е290 кодымен белгіленеді. Кейбіреулер газ көпіршіктері сусынды жақсы қандырады десе, кейбіреулері ол көпіршіктердің ауызда ыңғайсыз жағдай тудыратындығын айтып жатады.  Көмірқышқыл газының өзі негізі зиянсыз, бірақ ол ішті кептіріп мазаны кептіруі мүмкін. Ол әсіресе ішек құрылысы ауратын адамдарға зиян болып табылады. Мысалы, кока – кола сусынының құрамы мынадай: қант, бояуыш,қантты колер(Е150), кармазин (азорубин) (E122), ортофосфор қышқылы (E338), кофеин, табиғи дәмдеуіштер.
Газдалған сусындардың адам ағзасына әсері.
Адам ағзасының 60% суддан тұрады. Судың балансын сақтау үшін біз күнделікті су қабылдаймыз. Кейбіреулері кофе, кейбіреулері шәй, енді біреулері газды сусындарды пайдаланып жатады. Кез- келген сусынның негізгі құрамы су болып табылады. Сусындарда судан басқа біздің ағзамызға әсері бар басқа да заттар кездеседі. Ол әсердің зияны да бар, пайдасы да бар, қабылдаған сусын мөлшеріне байланысты.
Газдалған сусындар шөлді қандырмайды, ол өзіне құштарлық тудыратындығы дәлелденген. Сұйықты көп мөлшерде қабылдау, ағзадағы сулы- тұзды балансты бұзады. Оның әсерінен май алмасуында да өзгерістер болып, қандағы холестерин мөлшері көбейіп кетеді. Осыдан барып атеросклероз және жүрек-қан тамырларының ауруларына әкеліп соғуы мүмкін.
Газдалған сусындарда сергіткіш зат ретінде кофеин қосылады. Ол балаларда қосымша жүйке жүйесінің қозуын туындатады. Сонымен бірге кофеин сол сусынға құштарлық сезімін пайда болдырады.
Осы газдалған сусындардан біздің денсаулығымызға  тигізіп жатақан аурулар түрін атап айтсақ:
Артық салмақ пен диабет
Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.
Тіс кариесі
Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.
Сүйектер
Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет