Тақырыбы: Газды, тәтті сулардың зияны Орындаған: Рахман Ернұр Бахытұлы Шымкент



бет5/8
Дата15.03.2023
өлшемі243,16 Kb.
#74606
1   2   3   4   5   6   7   8
Асқазан мен ішек құрылысы
Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкен жөн.
Диетолог мамандар ересек адамға күнделікті 3 стакан шырын, ал балаларға 1 стакан тамақ алдында 30-40 минут бұрын ішу керек деседі. Шырын ас қорыту жүйесін жақсартады екен. Көп мөлшерде пайдаланылған шырын бүйрекке, сондай-ақ, аяқ-қолдың сарсып ісуіне әсер етеді. Шырын құрамындағы кейбір элементтерден аллергия пайда болуы мүмкін. Сондықтан да, сусын сатып алмас бұрын шөлмек сыртындағы затбелгіні мұқият оқып, құрамына мән беріңіз.
Кока-кола сусынын шеттен тыс тұтынудан кейін:
10 минут  10 қасық қант ағзаға түседі (күнделікті ұсынылатын қалыпты мөлшер). Көп көлемде қабылданған қант сіздің жүрегіңізді айнытпайды. Себебі фосфор қышқылы оны кері қайтарады.
20 минут
Қан құрамында инсулин мөлшері күрт шарықтайды. Бауыр денедегі артық қантты майға айналдырады.
40 минут
Денеге кофеин тарап болады. Көз қарашығы үлкейеді. Қан қысымы жоғарылайды. Өйткені бауыр қанға үлкен көлемде қант жібереді. Ағзадағы  рецепторларды тоқтатады. Адам ұйқысырай бастайды.
45 минут
Сіздің денеңіз дофомин гормонын көп өңдіре бастайды. Ол мидың жұмысын бәсеңдетеді.Героин де тап осылай жұмыс істейді.
1 сағаттан соң
Фосфор қышқылы метоболизмді үдете отырып, ішектегі кальцийді, магнийді және цинкті бір-бірімен байланыстырады. Кальций несеп ағар арқылы сыртқа шығып кетеді.
1 сағаттан аса
Несеп арқылы сүйектегі кальций, магний, цинк және одан бөлек натрий мен су электролиті ағады. Яғни биздің ағзамызға қажетті заттарды несеп арқылы ығыстырып шығарады.
Уильям Кенневелл–Австралия тұр­ғыны. Ол 25 жасыта. «Кока-коладан» зиян шекті. 
Қалай дейсіз ғой? Бала кезінен бері «Кока-колаға» құмары қанбаған Уильям күн сайын бірнеше литр су­сынды ішіп жүріп, ақырында оның зар­дабын тартты. Ал «Кока-кокалаға» құмарлық қайдан пайда болды?
– Мен су ішкенді жек көремін. Осы уақытқа дейін оның орнына «Коланы» пайдаланып келдім. Күніне 6-8 литр «кола» ішіп жүрдім. Міне соның нәти­жесі, – дейді ол опырылып қалған тісін көр­сетіп.
Қазір ол қызыл иек етіне жасанды тіс салып жүр. 13 тісі жоқ жас жігіт мұ­ның бәрін «қоңырқай, қызыл қою» реңді су­сын­нан көреді. Дәрігерге кө­рінуге келген ол ауыз қуысы тамы­рын­дағы қан­ның бұ­зыл­ғанын естиді.
– Мұның бәрін басқа жұртты сақ­тандыру үшін жасадым. Дәрігерлер ке­зінде маған газды сусыннан бас тарт­пасаң, денсаулықтың зардап шегетінін ескерткен. Мен тыңдаған жоқпын. Өкі­нішті, – деп еске алады ол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет