Тақырыбы: Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы


Күшті жақтар матрицаның түсіндірмелері



бет6/7
Дата17.06.2023
өлшемі1,95 Mb.
#101980
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
волонтер

Күшті жақтар матрицаның түсіндірмелері:

  • 1. «Волонтерлік қызмет туралы жеке заңнаманың болуы» факторы: Қазақстанда«Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы» жеке заң және волонтерлік қызметті регламенттейтін бірқатар заңға тәуелді актілер қабылданды.
  • 2. «Мемлекеттің қолдауымен құрылған Qazvolunteer еріктілерінің бірыңғай платформасының болуы» факторы: Волонтерлердің бірыңғай платформасы келешекте жалпы Қазақстан шеңберінде волонтерлік қозғалысты үйлестірудің тиімді құралы бола алады.
  • 3. «Елдің жоғары басшылығы тарапынан көңілдің бөлінуі» 2020 жыл Қазақстан Президентінің бастамасымен еріктілер жылы деп жарияланды.
  • 4. «Мәдениеті мен экономикалық даму деңгейі ұқсас елдердің тәжірибесін пайдалану мүмкіндігі» ЕАЭО-дағы Қазақстанның серіктес елі болып табылатын Ресейде еріктілер қозғалысы Қазақстанға қарағанда анағұрлым дамыған және Қазақстанда тиімді бейімделуге тәжірибе үлгілерінің саны айтарлықтай көп.
  • 5. «Мықты волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтардың болуы» Универсиада мен Экспо көрмесін қоса алғанда, ірі халықаралық іс-шараларды өткізу, сондай-ақ пандемияға қарсы күрес кезеңінде волонтерлердің белсенділігі қазақстандық волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтардың жұмылдыру әлеуеті өте жоғары екенін көрсетті.
  • 6. «Қоғам тарапынан қолдау» факторы: Пандемиямен күрес кезеңінде қазақстандық БАҚ еріктілердің оң имиджін қалыптастырды.

Қауіптер матрицаның түсіндірмелері:

  • 1. «Еріктілікті реттеудегі бюрократизмнің жоғары деңгейі» және «Орта мерзімді кезеңде волонтерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шараларға байланысты тапсырмаларды формальды орындау» факторлары: Мемлекеттік органдарда волонтерлік саласындағы саясат қандай бағыттарда жүзеге асырылуға тиіс екендігі туралы түпкілікті түсінік жоқ. Бұл жағдайда олардың волонтерлік саласындағы саясатты іске асыруға формальды түрде кірісу қаупі жоғары.
  • 2. «Мемлекеттің волонтерлік бағдарламаларды қаржыландырудан бас тартуы» факторы: Пандемия жағдайында бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуінен мемлекеттің еріктілер қозғалысына тікелей қаржылық қолдау көрсетуден бас тарту қаупі өте жоғары.
  • 3. «Волонтерлік жылы аяқталғаннан кейін мемлекет тарапынан волонтерлік саласына көңіл бөлудің төмендеуі» факторы: Волонтерлік жылын өткізуге еліміздің жоғары басшылығы бастамашылық етті. Бейінді ведомстволардың «жоғарыдан» тапсырмалар болмаса еріктілер қозғалысының мәселелеріне аз көңіл бөліну қаупі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет