ұғымы латын тілінен аударылғанда – voluntarius "ерікті" мағынасын білдіреді. Волонтерлер (еріктілер) алуан түрлі қызмет үлгісін көмек ретіндегі көрсетеді. Қызмет тегін жүзеге асады. Кез келген адам еркіне қарай волонтер бола алады. Егер өзіңіз не серігіңізбен айналадағы қоқысты жинасаңыздар, экологиялық волонтерлік деп атауға болады.
Кеңінен таралған волонтерлік қызметтер:
Кеңінен таралған волонтерлік қызметтер:
Қоршаған ортаны сақтау: қорықтарды, өзен-суларды, жан-жануарларды аңшы-балықшы-броконьерлерден қорғау
Табиғи және әскери апат кезінде жапа шеккендерге көмек көрсету: психологиялық жәрдем, сауда-саттықпен көмектесу, тамақ дайындау, бұзылған объектілерді қайта қалыпқа келтіру, жоғалғандарды іздестіру, медициналық қолдау.
Табиғи және техногенді апат алдын алу: адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру.
Білім беру саласын, инновацияны және ғылымды дамыту: мектепте, балабақшада, колледж, университет және түрлі кәсіби клубтарда қызмет ету. /
Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау: нысанды қалпына келтіру жұмыстарына ат салысу. /
Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау: нысанды қалпына келтіру жұмыстарына ат салысу. /
Маңызды іс-шаралар ұйымдастыру: спорттық, мәдени, білім беру саласындағы шараларға қатысу.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың ішкі потенциалын ашу: көрме ұйымдастыру, шеберлік сыныптарын өткізу.
Қазақстандағы волонтерлік даму мәселесі:
Бүгінгі шынайлықпен өзекті болып табылатын волонтерліктің заманауи интрепретациясының жоқтығы;
Волонтерлік бастамалардың мемлекеттік деңгейде қолдау таппауы, ал бұл мемлекет халқының арасында этикалық жəне моральдық құндылықтарды қалыптастырудың идеологиялық құралы;
Волонтерлік бастамаларды, халықтың волонтерлік туралы «дұрыс» ұғымын қалыптастыруды жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының төмен белсенділігі;