1. «Волонтерлік қызмет туралы жеке заңнаманың болуы» факторы: Қазақстанда«Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы» жеке заң және волонтерлік қызметті регламенттейтін бірқатар заңға тәуелді актілер қабылданды.
2. «Мемлекеттің қолдауымен құрылған Qazvolunteer еріктілерінің бірыңғай платформасының болуы» факторы: Волонтерлердің бірыңғай платформасы келешекте жалпы Қазақстан шеңберінде волонтерлік қозғалысты үйлестірудің тиімді құралы бола алады.
3. «Елдің жоғары басшылығы тарапынан көңілдің бөлінуі» 2020 жыл Қазақстан Президентінің бастамасымен еріктілер жылы деп жарияланды.
4. «Мәдениеті мен экономикалық даму деңгейі ұқсас елдердің тәжірибесін пайдалану мүмкіндігі» ЕАЭО-дағы Қазақстанның серіктес елі болып табылатын Ресейде еріктілер қозғалысы Қазақстанға қарағанда анағұрлым дамыған және Қазақстанда тиімді бейімделуге тәжірибе үлгілерінің саны айтарлықтай көп.
5. «Мықты волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтардың болуы» Универсиада мен Экспо көрмесін қоса алғанда, ірі халықаралық іс-шараларды өткізу, сондай-ақ пандемияға қарсы күрес кезеңінде волонтерлердің белсенділігі қазақстандық волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтардың жұмылдыру әлеуеті өте жоғары екенін көрсетті.
6. «Қоғам тарапынан қолдау» факторы: Пандемиямен күрес кезеңінде қазақстандық БАҚ еріктілердің оң имиджін қалыптастырды.
Қауіптер матрицаның түсіндірмелері:
1. «Еріктілікті реттеудегі бюрократизмнің жоғары деңгейі» және «Орта мерзімді кезеңде волонтерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шараларға байланысты тапсырмаларды формальды орындау» факторлары: Мемлекеттік органдарда волонтерлік саласындағы саясат қандай бағыттарда жүзеге асырылуға тиіс екендігі туралы түпкілікті түсінік жоқ. Бұл жағдайда олардың волонтерлік саласындағы саясатты іске асыруға формальды түрде кірісу қаупі жоғары.
2. «Мемлекеттің волонтерлік бағдарламаларды қаржыландырудан бас тартуы» факторы: Пандемия жағдайында бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуінен мемлекеттің еріктілер қозғалысына тікелей қаржылық қолдау көрсетуден бас тарту қаупі өте жоғары.
3. «Волонтерлік жылы аяқталғаннан кейін мемлекет тарапынан волонтерлік саласына көңіл бөлудің төмендеуі» факторы: Волонтерлік жылын өткізуге еліміздің жоғары басшылығы бастамашылық етті. Бейінді ведомстволардың «жоғарыдан» тапсырмалар болмаса еріктілер қозғалысының мәселелеріне аз көңіл бөліну қаупі бар.