Тақырыбы: Гравиметриялық талдау. Препараттағы темірдің массалық үлесін анықтау. Мақсаты


Гравиметрия әдісіндегі есептеулер



бет3/6
Дата25.11.2023
өлшемі37,86 Kb.
#125733
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тақырыбы Гравиметриялық талдау. Препараттағы темірдің массалN

Гравиметрия әдісіндегі есептеулер
Гравиметрия әдісінде зат массасын таразыда өлшеу ±0,0001г дәлдікпен жүргізілетін болғандықтан, бүтіннен кейінгі төртінші сан, яғни он мыңдық үлеске дейінгі сандарды пайдалануға тура келеді.
Талдау барысында – гравиметрлік түрдің массасы борпылдақ-аморфты тұнбалар үшін – 0,1г; қиыршықты (кристалл) тұнбалар үшін – 0,5г түзілетіндей етіп, сынамадан өлшемдік массаны есептеп алады.
  1. Қиыршықты тұнба түзілетін болса, өлшемдік масса шамасы мына өрнекпен анықталады:




  1. Борпылдақ (аморфты) тұнба түзілген жағдайда өлшемдік масса шамасы:



Мұндағы:


а – өлшемдік масса шамасы, г;
Мэ – анықталатын элементтің молярлы массасы, г/моль;
М(гр.түр) – анықталатын элементтің гравиметрлік қосылыс түрінің молярлы массасы, г/моль;
v1, v2 – стехиометриялық коэффициенттер;
0,1; 0,5 – борпылдақ және қиыршықты тұнбалар үшін тәжірибе жүзінде анықталған ыңғайлы гравиметрлік қосылыс түрлерінің массалары, г.
Анықталатын элементтің молярлы массасының стехиометриялы түрде гравиметрлік түрдің молярлы массасына қатынасы гравиметрлік фактор немесе есептеу факторы деп аталады:

Мұндағы:


Мэ – анықталатын элементтің молярлы массасы, г/моль;
М(гр.түр) – анықталатын элементтің гравиметрлік қосылыс түрінің молярлы массасы, г/моль;
v1, v2 – стехиометриялық коэффициенттер;
F – гравиметрлік фактор.
Мысалы, Алюминий элементін анықтау үшін алынатын гравиметрлік түр – Al2O3. Гравиметрлік фактордың мәнін есептеңіз.

Берілгені:


M(Al)= 26,981г/моль
M(Al2O3) = 101,961г/моль
F = ?

Шешуі:
2Al → Al2O3


Бір моль Al2O3 құрамында екі моль Al бар. Демек, v(Al) = 2; v(Al2O3) = 1


  1. Тұнбаға түсіруші ерітінді шамасын есептеу үшін рекция теңдеуі жазылады. Теңдеу бойынша есептеу жүргізіліп реагент массасы анықталады. Реагент массасын пайдалана отырып оның концентрациясы, тығыздығы арқылы тұнбаға түсіруші ерітінді көлемі есептеледі. Тәжірибе жүзінде ерітінді көлемін стехиометриялық есептеулердегіден 1,5 есе артық алады.


Тұнба түсіруге қажетті ерітінді көлемі мына формула бойынша есептелінеді:

Мұндағы: VБ – тұнбаға түсіруге қажетті ерітінді көлемі, см3;
М(Б) – тұнбаға түсіргіш Б затының молярлы массасы, г/моль;
М(А) – тұнбаға түсетін, анықталуға тиісті А затының молярлы массасы, г/моль;
v1, v2 – стехиометриялық коэффициенттер;
С – ерітінді концентрациясы, моль/л;
ρ – ерітінді тығыздығы;
а – өлшемдік масса шамасы, г.

  1. Анықталатын элементтің (заттың) жүйе құрамындағы үлесін анықтау.


Жүйе, зат құрамындағы ілестіріліп отырған элементтің массалық үлесін, массасын анықтау үшін, төмендегі формулаларды пайдаланады:

mx = mгр.түр · F
Мұндағы: а – сынаманың өлшемдік масса шамасы, г;
F – гравиметрлік фактор;
mx – анықталатын заттың массасы;
m(гр.түр) – гравиметрлік түрдің массасы.
Гравиметриялық талдаудың негізгі операциялары:

  1. Анықтау үшін алынатын заттың нақты өлшендісін есептеу;


  2. Анықтау үшін алынатын заттың есептелген нақты өлшендісін өлшеу;


  3. Алынған затты еріту және тұнбаға түсіруші реагентті таңдау;


  4. Тұнбаға түсіру (тұндырылған форманы алу), толық тұнбаға түскенін тексеру;


  5. Кристалдық тұнбаны жетілдіру;


  6. Тұнбаны сүзу және оны жуу;


  7. Сүзгішті тұнбасымен кептіру және оны күйдіру, тұрақты массаға дейін жеткізу (гравиметриялық форманы алу);


  8. Компоненттің мөлшерін есептеу (г немесе %).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет