Тақырыбы: Гравиметриялық талдау. Препараттағы темірдің массалық үлесін анықтау. Мақсаты



бет6/6
Дата25.11.2023
өлшемі37,86 Kb.
#125733
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тақырыбы Гравиметриялық талдау. Препараттағы темірдің массалN

БАҚЫЛАУ
Сұрақтар:

1.

Тұндырылған форма мен гравиметриялық форма дегеніміз не? Олар қандай талаптарды қанағаттандыруы тиіс?

2.

Кальцийдің қай тұзын тұндырылатын форма ретінде алуға болады және себебін түсіндіріңдер. Кs(СаSO4)=6,1·10-5 немесе Кs(СаSO4·2Н2О)=2,6·10-9.

3.

СаСО3 және СаО қайсысы ыңғайлы гравиметриялық форма бола алады?

4.

Тұнбаға түсіруші реагненттің артық мөлшерін алу себебін түсіндіріңдер және оны неше есе артық алу керек?

5.

Тұнбаның жетілуі дегеніміз не?

6.

Гравиметриялық фактор дегеніміз не, ол нені көрсетеді?

7.

Күлсіз сүзгінің түрлері, аморфты және кристалды тұнбаны сүзуге қолданылатын сүзгілерді атаңдар.

8.

Күлдеу, күйдіру, массаны тұрақтандыру дегеніміз не?

9.

8-оксихиналинді гравиметрияда қолдану.

10.

Аморфты және кристалдық тұнбалардың түзілу жағдайлары.

Есептер:


1.

Ерiтiндiдiнен хлорид-ионы күміс хлориді түрiнде тұнбаға түсiрiлдi, қыздырылғаннан соң массасы 0,1522 г гравиметриялық форма алынады. Талдауға алынған ерiтiндiдегi хлорид-ионының массасы нешеге тең?

2.

Темiрдi FeСO3-нан FeO түрiнде анықтау үшiн карбонатты ерiтiп, тотықтырып, тұнбаға түсiрiп және қыздырғаннан кейiн массасы 1,0000 г гравиметриялық форма (Fe2O3) алынды. Карбонаттағы темiрдiң массасы нешеге тең? Жауабы: 0,8998 г.

3.

Массасы 0,9865 г ашутастағы KАl(SO4)2·12H2O алюминийдi тұнбаға түсiру үшiн, тығыздығы 0,98 г/см3, 5 %-ды аммиак ерiтiндiсiнен қаңдай көлем қажет? Жауабы: 3,3 мл

4.

Массасы 0,5 г NаCl өлшендiсiнен хлорды толық тұнбаға түсiру үшiн 0,1 моль/л AgNO3 ерiтiндiсiнiң қандай көлемiн алу қажет? Жауабы: 8,6 мл.

5.



Өлшендi массасы 0,5г FeS қосылысынан күкiрттi тұнбаға түсiру үшiн эквивалентiнiң молярлық концентрациясы 0,2 моль/л BaCl2 ерітiдiсiнен қанша мл қажет? Жауабы: 8,3 мл


http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет