Тақырыбы: ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері Орындаған: Д. Кәдірбек Тексерген: Ш. Шортанбаев Алматы, 2021 жыл ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері «Дала уәлаяты»


Академиялық жинағында: «Дала уалаяты» газетінде



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі73,36 Kb.
#126619
1   2
Академиялық жинағында: «Дала уалаяты» газетінде:
Болыс бодым мінекей, Болыс болды кей кісі
Бар малымды шығындап. Бар малдарын шығындап,
Түйеде қом, атта жал: Түйеде қом, атта жал,
Қалмады елге тығындап. Сөйтседағы елдерін
Ұстай алмадым тығындап Ұстай алмады мығымдап
Өлеңнің «Күлембайға» деген өз тақырыбымен басылмауы және үшінші жақтағы атаумен өзгертіліп жазылуының себебі неліктен деген сұрақ туады. Мұның себебі, біздің ұйғаруымызша, мынада: цензура уставының 98-статьясы бойынша қызмет адамдарының кемшіліктері мен жолсыздықтары туралы баспасөз бетінде тек олардың атын, қызмет орны және мекемесін көрсетпей ғана пікір айтуға болатын еді. Осы себептен цензура Абайдың «Күлембайға» деп, оның болыстығын өзіне өзін сынатып, сатира ретінде жазған өлеңіне «бір уездің ел билеушілерінің сьездегі түрі» деген жалпылама тақырып қойған және өлеңнің сөз құрылысын да әдейі үшінші жақтағы атаумен өзгерткен болуы керек.
Абайдың өз нұсқасындағы кедейдің ауыр тұрмысы бейнеленетін кейбір тұстары газетте біраз көтеріліп, кейбір жерлері қысқартылған екен. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев газеттің сол жылғы 48-санында жарияланған бір мақаласында «бұл өлеңде … тек Құнанбаевтардың өмірі мен байлығын суреттеуге арналған, өлең халықтың тұрмысын жақсарту сияқты пайдалы нәрсеге шақырмайды.» деп сын пікір жазған. Сондай-ақ осы мақаласында М.Ж.Көпеев Абайды әкесі Құнанбай өлгенде ас бермеді, қазақтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпын, дәстүрін бұзды деп кінәләйді. Құнанбай асына деп арналған малдарын Абайдың сатқызып, ақшасын орыс мектептерінде оқитын қазақ балаларына бергізуді Құнанбайдың басқа балаларына да көршілес елдерге де ұнамағаны С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» кітабынан белгілі.
Қазақтың ұлы ақыны Абай өзінен бұрынғы және сол дәуірдегі халықтың бай әдеби мұраларын, сонымен бірге шығыс елдерінен ауысқан қисса-хикаяттарды немесе газет –журналдарда басылған шығармаларды жақсы білген, кей сәтте өзінің творчествосында пайдаланып отырған. Мысалы, Абай «Дала уалаяты» газетінің 1895 жылғы 3-санында басылған «Тәкаппар әскер басы турасынан» деген аңыз әңгіменің сюжетін өзінің «Ескендір» поэмасына өзек етіп, одан әрі дамыта баяндады дей аламыз
Тарихи аңыз- әңгімелердің ішінде қазақ елінің қалмақ-монғол басқыншылығына қарсы күресінен деректер беретін шығармалар да аз емес. «Қалмақ толағай яғни қалмақтың басы» деген аңыз әңгімеден қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік кезең суреттеледі. Халық арасында кең тараған «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңыз әңгімесінің екі варианты «Дала уалаятының» газетінде жарияланған. Атап айтқанда, газеттің 1897 жылғы 13-14, 18-сандарында Атбасар уезі, Бағаналы қазақтардың аузынан жазылып алынған «Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында бар сөз» деген тақырыппен, ал 1899 жылғы 50-санында «Темірланның оры» деген тақырыппен Д. Н. Жетпісбаев жазған нұсқалары басылыпты. «Темірланның оры» («Жәнібектің оры» деп театалады), Қазақстанның Тарбағатай тауларынан Іле өзеніне дейін қазылған ор, тек аң аулау мақсатымен емес, сонымен бірге шөл даланы суландыру үшін қазылғаны жайында пікір Ш. Уалихановтың еңбектерінде айтылған.
Бұл ор туралы қазақ арасында көптеген аңыз-әңгімелер кездеседі. Олардың негізгі мазмұны былай: хан баласын құлан теуіп өлтіреді. Баласының кегін алу үшін қаһарлы хан халыққа терең ор қаздырып, құландарды соған құлатып құртады. Аңызды орыс тілінде аудармасын А. Мельков жариялаған.
 Газет бетінде Жиренше шешен, Алдаркөсе, Асанқайғы, Қожанасыр туралы аңыз-әңгімелер де көп басылған. Асанқайғы халықтың қаралы, мұңды тағдырын, мүшкіл тұрмысын көріп, құлазып жатқан сар даланы көріп, елге жақсы қоныс, жайлы жер іздейді. Міне, сол Асанқайғының хан үшін емес, халық үшін еңбек етпек ниеті дәріптелген аңыз әңгімелері газет бетінде жарық көрген.
«Дала уалаятының газетінде» басылған шығармалар түрі, құрылымы, жанры жағынан алуан түрлі. Оларды 19 ғасырдың аяқ шеніндегі қазақ әдебиетінің тарихы, идеялық мотивтері, тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері және орыс әдебиетінің игілікті әсері тұрғысынан алып жан-жақты зерттеуге болады.
«Дала уалаятының газеті» мақалаларының екі тілде қатар басылып тұрғандығын сөз еткенде, оның сауатты, түсінікті болуына үлкен үлес қосқан қаламгерлерді атап өткен орынды. Атап айтқанда орыс ғалымдарының қазақтың әдебиеті, мәдениеті жөніндегі мақала, хабар, әңгіме, очерк, публицистикалық шығармаларын қазақ тілінде Е. Абылайханов, Д. Сұлтанғазин, Р. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Ж. Көпеевтің мақала, хабар, әңгімелері орыс тілне аударылып басылды.
«Дала уәлаяты газетінің» 1894 жылғы 32-санында басылған И.А.Крыловтың «Стрекоза и муравей» («Инелік пен құмырсқа») мысалын А.Құнанбаев “Құмырсқа мен шегіртке” деп аударып бастырған. Бұл мысалдың да қазақ тіліндегі төрт түрлі аудармасын кездестіреміз. Ал екіншісі “Шырылдаған шегіртке, ыршып жүріп ән салған” деген кіріспемен басталатын Абайдікі, үшіншісі, 1910 жылы “Үлгілі тәржіме” кітабында басылған С.Көбеевтікі және төртіншісі 1912 жылы “Айқап» журналында автордың орнына «Омбылық» деп қол қойылғаны. Бұл төрт нұсқа да еркін аударылған.
Қазақ тілінде кітап шығару ісі әлі қалт тұрып, қалыптаса қоймаған кезде «Дала уалаятының газетінің» әдебиетке, мәдениетке қатысты мақала, хабар, өлең, публицистикалық шығарма, очерк, мысал, ертегі, аңыз-әңгімелерді көп басқандығын жоғарыда айтқанбыз. Бұларды қазақ даласын жан-жақты зерттеп, білу, сол қазақ даласында тұратын көзі ашық оқыған азаматтардың атқарған істері, өмірде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға қатысуы, басқаларды да білім мен ғылым шыңына ұмтылуға шақыруы нақты көрініс береді. Революцияға дейінгі алғашқы баспасөздердің сарғайған парақтарын ақтарған сайын қалың елдің қалам күшімен жарқын да бақытты болашаққа жетелеген қаламгерлердің күн санап толыға түскенін байқаймыз. Атап айтқанда жазба әдебиетімізде алғашқы қолтаңбаларын қалдырған ақын, жазушыларымыздың төл шығармаларының басым көпшілігі проза түрінде жазылып, бірінде әңгіме, очерк, публицистикалық, ал екіншілерінде драматургиялық элементтер анық байқалып тұрғанымен, авторлары оларға «әңгіме», «очерк», «пьеса», «мысал» деп шек қоймаған.
Қазақ әдебиетіндегі проза жанрын сөз еткенде кейбір зерттеушілер революциядан бұрын Ы.Алтынсариннің дидактикалық әңгімелері, Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», С.Көбеевтің «Қалың малы» сияқты шығармалардан басқа қара сөзбен жазылған туындылар өте аз еді деген пікір айтады. Ал, шындығына көшсек революциядан бұрын қазақша шыққан газет-журналдарда алғашқы түпнұсқа ретінде жарық көрген прозалық шығармалар аз болған жоқ. Тамшыдан –теңіз, демекші тұңғыш рет там-тұмдап басталған тырнақ алды туындылар арада біраз жыл өткен соң тек республика шеңберіндегі тар ауқымды ауызекі әңгімеден іргесі берік жазба әдебитіне айналды. Бұл шығармалардың басым көпшілігі сол заманда әлі іргесі бұзылмаған ескі тіршілік, қоғамдағы әлеуметтік қайшылық, халықтың ауыр тұрмысы, оқу-ағарту ісі, өнер-білімге, жат тұрмысқа, адамгершілікке, игілікке үндеу, әйел теңдігі, әдет-ғұрып, салт-сана мәселелерін көтерді
Х.Бекхожиннің «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» деп аталатын монографиясында Ә. Бөкейхановтың «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен халық ауыз әдебиеті хақында материал жариялап, полемика тудырғанын, М.Ж. Көпеевтің, Р. Дүйсенбаевтың және тағы басқа сол кезеңде есімдері ауызға алына бермейтін ғұламалар туралы тың деректер беріліп, астарлап болса да бұл екі газеттің де халқымыз үшін сарқылмас бұлақ екендігін сездіріп кеткен. Соның бір дәлелі ретінде соңғы жылдары Үшкілтай Сұбханбердинаның тікелей маңдай терімен жарыққа шығып, рухани байлығымыздың бір белгісіне айналған «Дала уәлаяты газетінің» 5 томдық толық мәтіні берілген библиографиялық көрсеткіші десек болады.
Ұлттық баспасөзіміздің алғашқы қарлығаштарының бірі – «Дала уалаятының газетін» ғылыми тұрғыдан зерттеп, қоғамымыздың сонау кезеңіндегі қалай дамып, қалыптасқанын, қандай мәселелердің көтерілгенін қысқаша көрсеткенімізбен, бұл кейінгі баспасөз зерттеушілеріне үлкен көмек болар деп сенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің очеркі. – Алматы, 1981.
    http://elib.kaznu.kz/app/voyager/books/1263/1526378181248.pdf?v=e121


Пайдаланылған интернет-ресурстары:

  1. https://sites.google.com/site/kazrefa/tarih/-dala-ualaaty-t-rkistan-ualaaty-gazetterindegi-kogamdyk-saasi-zene-agartu-meseleleri

  2. https://abai.kz/post/81314

  3. http://abai.kaznu.kz/?p=1356


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет