1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту;
2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру;
3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау;
4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау; 5) жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
6) құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу;
7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
8) дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу;
9) мәдени бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жаңартылған жоспары қабылданды. Онда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты міндеттері ескерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа іс-шаралар жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, отбасы құндылықтарын насихаттауға, әскери-патриоттық тәрбиелеуге, тиімді бос уақытын ұйымдастыруға, жастардың бастамаларын және жастар ұйымдарын институционалдық қолдауға, ауыл жастарының мүмкіндіктерін дамытуға, жастар кәсіпкерлігіне, волонтерлік пен халықаралық жастар ынтымақтастығына бағытталған. «Жоспарда ерте кәсіптік бағдарлау бағытындағы жұмысты жүргізу бойынша «Түлектер тақтасы», «БӘЙТЕРЕК-fest» жастар шығармашылық фестивалі, «Туған жер» патриоттық шығармашылық фестивалі, «Жастардың әлеуметтенуі мен дамуы бойынша жалпыұлттық жоба», «Туған жерден-туған елге» Қазақстан Республикасының киелі жерлеріне жоғары сынып оқушыларына туристік жорық ұйымдастыру», «Жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық мониторинг», «Отбасы сағаты» республикалық акциясын өткізу» және басқа да жаңа жобалардың іске асырылуы көзделген. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» тақырыбын ЖОО құрамдасы шеңберінде гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға енгізу жоспарланған», - делінген таратылған ақпаратта.
Ведомствоның атап өтуінше, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын ескере отырып, жоспарды қабылдау Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асырудың екінші кезеңіндегі қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы ведомствоаралық өзара қатынасты күшейтуге, жастармен жұмыста жаңа тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Жоспар Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен мүдделі мемлекеттік органдар, жастар ұйымдары, жастар саясаты саласындағы сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдығы жылдың қаңтар айындағы кездесу барысында мемлекеттік жастар саясатының алдағы бірнеше жылдағы негізгі бағыттарын қарастырған еді. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев соңғы онжылдықта Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асырудың заңнамалық және тұжырымдамалық негіздерін қалыптастырды және қажетті инфрақұрылым құрылғанын хабарлады. 2012 жылдан бастап жастар саясаты мәселелері және жастар ресурстық орталықтары бар.
Жасалған жұмыс Қазақстанға 2016 жылы Жаһандық жастарды дамыту индексінде 61 орынды иеленуге мүмкіндік берді, онда 183 ел бағаланды.
Сонымен бірге, сарапшы сараптамалар мен ұсыныстарды зерделеп, одан әрі жұмыс істеуді бес нақты бағыт бойынша әзірлеуді тапсырды.