Байланысты: Қазақстанның қазіргі заман тарихы 10-ші ОСӨЖ
төртінші бағыт - жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік аппараттың кадр әлеуетін дамыту. Осыған орай, жаңа міндеттерді ескере отырып, жастар ресурстық орталықтары үшін әдістемелік база жаңартылады. Бұдан басқа, жастар ғылыми орталығы жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған оқыту семинарларын жалғастырады.
Жұмыстағы соңғы бағыт ведомствоаралық үйлестіруді күшейтеді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысын өткізу ұсынылады. Бұдан басқа, барлық мемлекеттік органдарды Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмысына белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ жастар кеңестерінің жұмысын жандандыру қажет, жастарда қызығушылық тудыратын ең өзекті мәселелерді қарастыру, шешу және жастармен үкіметтің отырыстарында жұмыс істеу жобалары үнемі тыңдау қажет.
Жастар болашақта маңызды әлеуетті салмағы бар халықтың әлеуметтік белсенді сегменттерінің бірі болып табылады. Қазіргі әлемді дамытудың үлгісі жастар саясатының мемлекеттің тәуелсіз бағыты бойынша бөлінуіне байланысты. Қазақстан Республикасында жастар саясаты бірнеше деңгейде - республикалық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейде жүзеге асырылады.
Қазақстандағы жастар саясаты әлемдік саясатқа сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстанда жастар саясатын жүргізу кезінде дамыған елдерде модельдері үлгіге алынады. Әрине, прогрессивті жастар саясатымен тәжірибе алмаспау керек, Қазақстандағы аймақтық ерекшеліктерді, ділдікті, тарихи аспектілерді, қазақстандық жастардың әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, Қазақстанда әлеуметтену ерекшелігін ескеру қажет.
1994 жилы Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификация латы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы өкімімен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданты. Кейіннен аталған құжатты Үкімет қабылдаған соң 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар, оның ішінде "Қазақстан жастары", "Жастар саясатының 2003 – 2004 жылдарға арналған бағдарламасы", "Жастар саясатының 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы", сендай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылты.тұжырымдамасы Аталған бағдарламалартың бәрі жастартың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарты ауқымты әлеуметтендіру және патриотизм құнтылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одан әрі іске асырутың институционалтық негізіне айналтын жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытутың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.Заңының 2008 жилы "Нұр-Отан" халықтық-демократиялық партиясының (бұдан әрі – "Нұр- Отан" ХДП) "Жас Отан" Жастар қанаты I съезінің қорытынтысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 аседен астам өсті. Білім және ғылым министрлігінің құрылымынан Жастар ісі комитеті мен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелері бойынша басқармаларының құрылуы мемлекет пен жастартың өзара іс-қимыл жасау процестерін жетілдірудің келесі кезеңіне айналды. Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайты жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, сол сияқты бүгінде елімізде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытутың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытутың ауқымты мемлекеттік бағдарламалары; "100 мектеп, 100 аурухана", "Балапан", "Бизнестің жол картасы – 2020", "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламалары бағытталған.
Демографиялық ахуал Ел тұрғындарының 26 %-дан астамын 14 – 29 жас аралығындағы Қазақстан жастары құрайты жаилы олардың саны 4,4 млн. адамға жақындаты. Облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала тұрғындарының жалпы санынан жастардың ең қомақты үлес салмағы Астана және Алматы қалаларына, сендай-ақ Ақтөбе облысына тиесілі, мұнда 14 – 29 жас аралығындағы жастар 29 %-ты құрайты. Тұрғындартың жалпы санынан жастартың ең аз үлес салмағы Солтүстік Қазақстан облысына – 22 %, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанты және Павлодар облыстарына – 24 % келеді. Қазақстан жастарына білім деңгейінің жоғары болуы тән. Жоғары білімі бар жастартың саны соңғы онжылдықта 3 асе, арнаулы орта білімі бар жастартың саны 2 асе дерлік өсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 6 асе, қала жастарының саны 4 асе өсті. Тұтастай алғанда, Қазақстан жастарының 40 %-ының жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білімі бар.
Қазақстанда Жастар жылында қандай іс-шаралар жүзеге асырылды?
Үкімет Жастар жылын өткізудің жол картасын қабылдап, жүзеге асырды. Жол картасында жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, жас отбасын қолдау және т. б. шаралар қарастырылған.
2019 жылы 3 мың жас азамат Қазақстанның үш ірі қаласынан жалдамалы баспана алды. Нұр-Сұлтан қаласында жастар 1050 пәтер, Алматыда - 1050 және Шымкентте 900 пәтер алды.
3 мыңнан астам жас маманға 13,5 млрд теңге сомасына тұрғын үй алуға бюджеттік несие берілді.
«Дипломмен ауылға» жобасына қатысушыларға 1500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде (3 787 500 теңге) бюджеттік несие беру қарастырылған.
172 мыңға жуық адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты
Еңбек нарығын дамыту және халықтың, соның ішінде жастардың тұрмыс деңгейін жақсарту бойынша қосымша шараларды қабылдау мақсатында «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр.
2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағдарлама қатысушылары арасындағы жастардың үлесі 34,3% құрады.
Көрсетілген мерзімде Бағдарлама қатысушыларының қатарына 213,5 мыңнан астам жас азамат қосылған, олардың 189,6 мыңы немесе 88,8%-ы жұмысқа орналасқан.
Бағдарлама аясында «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы іске асырылып жатыр, соның арқасында 9 немесе 11-сыныптан кейін оқуын жалғастыра алмаған мектеп түлектері бірінші жұмысшы мамандығы бойынша ақысыз оқуға мүмкіндік алды.
Осылайша, есепті кезеңде 22 мың адам кәсіптік оқуға, 20,2 мың адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді
Сонымен қатар, жастардың, оның ішінде NEET (Not in Education, Employment, or Training — заңда көрсетілген жасында оқымайтын, жұмыс жасамайтын және біліктілігін көтермейтін жастар) санатындағы жастардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқытудың қысқа мерзімді курстары (6 айға дейін) ұйымдастырылған.
Қазақстанда «Жас кәсіпкер» және «Жас маман» жобаларынан тұратын «Жастар – ел тірегі» жобасын іске асыру қолға алынды. Аталған жобалар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда, жалпы мемлекеттік қолдау шараларымен 209 мыңнан астам жас азамат қамтылған, олардың ішінде еңбекпен қамтылғаны — 172 мың адам.
Қазіргі уақытта үш жыл ішінде 1 млн жастарды қамту арқылы «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда.
«Жас маман» жобасы еліміздің барлық аймақтарында үш жыл ішінде 200 мыңға жуық жас азаматтарды қамти отырып, 200 жаңартылған білім беру ұйымдарының (20 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен 180 озық колледждер) базасында 100 аса сұранысқа ие индустриялық және қызмет көрсету кәсіптері бойынша мамандар даярлауды көздейді.
«Жас кәсіпкер» жобасы — бұл республика бойынша, соның ішінде NEET санаттарында жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені, оның аясында бизнес жүргізу дағдыларын үйрету және стартап жобаларды іске асыруда көмек көрсету бойынша шараларды кеңейту жоспарлануда. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 20 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
2019 жылы 9,5 мың жас азамат жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар алды, жыл сайын 10 мың жас грант алатын болады. Сонымен қатар, 2,5 мың жас кәсіпкер өз бизнестерін дамыту үшін микро несие алды, 15 мың адам үш жыл ішінде алады.
«Жасыл ел» жобасы аясында 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. 2019 жылы жастар практикасына 33 мыңға жуық жас азамат жіберілді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша біржолғы жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен (176 750 теңге) 100 АЕК-ке (252 500 теңге) дейін ұлғайтылды. 6 мыңға жуық жас маман 1,2 млрд теңге көлемінде көтермелеу жәрдемақысын алды.
Айта кету керек, Бағдарламаның екінші бағыты Атамекен ҰКП-ның «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту мен микрокредит беру арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 20 мың адам кәсіпкерлік негіздерімен қамтылды, оның ішінде 2,8 мың адам шағын несие алса, 15 мың адам грант алды.
Сонымен қатар, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар түрінде жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған құрал әзірленуде.
Бағдарламаның үшінші бағыты ішкі ұтқырлықты және жұмысқа орналасуды қолдауды ынталандыруды көздейді.
Еліміздің өңірлеріндегі кадрлар тапшылығын азайту мақсатында 2019 жылдың 9 айында 353 еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс күші мол өңірлерден көшірілді. Оның ішінде 310 адам жұмыспен қамтылған.
Бұған қоса, Бағдарламада жұмыс күші артық өңірлердегі жастарға жоғары, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды еңбекке қабілетті адамдар жетіспейтін аймақтарға жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы қарастырылған. Бұл еңбекке жарамды адамдар жетіспейтін өңірлер мен ауылдық елді мекендерді жас білікті мамандармен қамтамасыз етуге, қоныс аударушыларға жаңа жерге орнығуға жәрдемдесуге, оның ішінде оқыту, жұмыспен қамту, баспанамен және балабақшалар мен мектептерде орындармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, оларға 2019 жылдың 11 айында жастар арасынан 64 мыңнан астам адам жіберілді.
Сонымен бірге, Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін NEET санатындағы жастардың ішінен үміткерлердің тізімін құру, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, коучинг және психологиялық қолдау көрсету үшін жергілікті комиссиялардың мобильді жұмыс топтарын құру қарастырылған.
Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік өткен жылдан бастап еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын - Электрондық еңбек биржасын (www.enbek.kz) (бұдан әрі - ЭЕБ) іске қосты.
ЭЕБ — жұмыспен қамту орталықтарына бармай және жарияланған ақпараттарға еркін қол жеткізумен бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған бірыңғай цифрлық алаң.
Жұмыс іздеушілер үшін түйіндеме орналастыру, бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу, сондай-ақ ұнаған бос жұмыс орындарына белгі қалдыру және сұхбаттасуға шақырту алу, жұмыс берушілерден жұмысқа орналасуы туралы хабарламалар қабылдау функциялары қарастырылған. ЭЕБ-дегі барлық қызметтер ақысыз.
2019 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша ЭЕБ-да 36,4 мыңға жуық бос жұмыс орны және 161,5 мың түйіндеме орналастырылды.
ЭЕБ қызметтерін 182,5 мың жұмыс беруші және 858,7 мың жұмыс іздеуші қолданды. ЭЕБ арқылы 476 мың жұмыс іздеуші еңбекпен қамтылды (338,6 мың адам тұрақты жұмыс орындарына және 137 мың адам уақытша жұмыс орындарына).
Халықты, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту және оқыту мәселелерін шешу мақсатында еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік пен дағдыларға сәйкес Министрлік бірқатар кешенді шараларды қабылдауда.
Биыл еңбек ресурстарының ағымдағы және болжамдық сұранысын және ұсыныстарын бағалау үшін Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі енгізілді (бұдан әрі ҰБЖ).
ҰБЖ демографиялық болжамды, білім беру жүйесінен ағым болжамын, салалар арасындағы ағымдарды, еңбек нарығындағы әлемдік болжамды ескерумен қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар бойынша модульдік жүйені қамтиды.
Әдебиеттер:
1.Абдоллаев Н.А. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Ақтөбе, 2016-343 б.http://neb.arsu.kz/
2.Абдуллаев , Н. А.История независимого Казахстана (1900-2018 гг.0 [Текст] : учебное пособие / Н. А. Абдуллаев . - Астана : Туран, 2019. - 315 с.
3.Айдарбаева, Р. Қазақстан тарихы [Кестелер, сызбалар, диаграммалар] : оқу құралы / Р. Айдарбаева. - Астана : Фолиант, 2015. - 200 бет
4.Шаяхметов. Н. ХХ - ғасырдағы Қазақстан тарихы [Текст] : оқу құралы / Н. Шаяхметов. - Алматы : Эверо, 2014. - 348 бет.
5.Тулентаева К.А. Қазақстан тарихы (1917-2017 ж.ж.) құралы. Алматы: "Ақнұр баспасы, 2018-418 б.4.
6.Бейсенова, Ә. С.Қазақ елі-Мәңгілік ел [Текст] : монография / Ә. С. Бейсенова. - Алматы-Астана : Қазақ университеті, 2017. - 385 бет.