Байланысты: Қазақстанның қазіргі заман тарихы 10-ші ОСӨЖ
Біріншіден. Ауылдық және қалалық жастар арасында мүмкіндіктегі алшақтықты азайту, жастарды әлеуметтендіру және бос уақытты ұйымдастыру үшін жұмысты жалғастыру. Осыған байланысты еріктілік, спорт және шығармашылық жетістіктерді дамыту, жұмыс дағдыларын дамытудың негізгі бағыттары болып табылатын жалпыұлттық жастар қозғалысының жобасын әзірлеу ұсынылады.
Бұдан басқа, жасөспірімдерді спортпен және шығармашылықпен айналысуға қарапайым көшедегі спорттық нысандардың (воркаут), аула клубтарының және басқа да арзан формалардың желісін кеңейту ұсынылады. Сонымен бірге мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін белсенді түрде қолдануға болады.