Тақырыбы: Химиялық қарудың жалпы сипаты


Химиялық зақымдалу ошағы дегеніміз-



бет2/2
Дата18.10.2023
өлшемі274,45 Kb.
#118900
1   2
Химиялық зақымдалу ошағы дегеніміз- химиялық қару қолданылған немесе химиялық қауыпты нысандардағы апаттардан кейінгі улану аймағының пайда болып адамдар мен жануалардың өлім-жітімге ұшырап, өсімдіктердің жойылуы. Химиялық қарудың негізін химиялық улы заттар құрайды. Қару қолданылған кезде бірінші кезекте адамдарды зақымдайды. УЗ-адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері мен зақымдану аймағында сақталу қасиетіне байланысты бөлінеді.
УЗ тұрақтылығы-тірі организімдер мен өсімдіктерге әсер ету мерзімі. Бұл УЗ-дың құрамына, ауа-райына, жер бедеріне (тегіс немесе орманды алқан) байланысты болады.
Атмосфераның жерге жақын қабаты үш жағдайымен анықталады: инверсия, конвенция, изотермия. . Изотермия-тұрақты жағдай. Ауаның кіру ағысы жоқ. Жоғарғы бөлігінің температурасы ауаның жерге жақын қабатыннан төмен.
Изотермия-инверсия және конвенция аралықтарына сәйкес. Ауа температурасы топырақ температурасына тең. 
Химиялық қаруды қолдануға бомба мен снарядтар қолданылады. Уланған ауаның таралу аймағын анықтау үшін, химиялық улану ошағы деген ұғым енгізілген. Химиялық зақымдалу ошағы дегеніміз- химиялық қару қолданылғанда немесе химиялық қаупты- нысандардағы апаттардан кейін адамдар мен жандарлардың улану аймағында өлімге ұшырауы. Химиялық улану аймағы 4- көрсеткішпен сипатталады.
1. Улану аумағы
2. Улану көлеміі
3. Улану мөлшері
4. Химиялық улану аймағындағы химиялық зақымдалу ошағы, химиялық қауіпті нысандарға, КӘУЗ-улы заттар өндірлетін және пайдалынылатын халық шаруашылық нысандары жатады.
I. Уытты химиялық заттардың классификациясы мен ерекшеліктері:
Зақымдану қабілетіне байланысты уытты химиялық заттар 6-топқа бөлінеді:
I. Нерв жүйесін салдандыра әсер ететін (зарин, заман, V-газы).
II. Тері қабаттарын іріңдете әсер ететін (иприт, азотты иприт).
III. Жалпы организмді улай әсер ететін (хлорициан).
IV. Тұншықтыра әсер ететін (фосген, дифозген).
V. Психомитетикалық әсер ететін уытты заттар (Би-Зет).
VI. Тітіркендіре әсер ететін уытты заттар (хлорацетофенон, адамсит т.б. жатады).
Тактикалық қолдану әдістеріне, зақымдау қасиетіне байланысты уытты заттар келесі топтарға бөлінеді: өлімге әкеп соғатын мөлшеріне, қарсыластардың адам күшін уақытша саптан шығаратын, тітіркендіре әсер ететін және оқып-жаттығу мақсатында қолданылатын улы заттар.
Негізгі химиялық қару құралдарының арсеналы болып өлімге әкеп соғатын түрі жатады. Зақымдау және қолданылған аймақтарда сақталу қабілеттеріне байланысты: тұрақты және тұрақсыз уландыру аймақтары болып екіге бөлінеді. Тұрақты уландыру ошақтарындағы химиялық улы заттар өз әсерлерін бірнеше тәуліктен бір аптаға дейін сақтайды, бұларға: Ви-Экс, иприт және заман жатады.
Тұрақсыз улы химиялық заттарға, ашық алаңқайларда қолданған жағдайда тез арада, зақымдау қасиетін жоятын улы заттар көгерткіш қышқылы, хлорциан және фосген жатады. Сонымен бірге ағзаға әсер ету мерзіміне байланысты, тезарада және баяу әсер ететін уытты заттар болып бөлінеді.
Тез, санаулы уақыт ішінде әсер ететін улы заттармен зақымдану кезінде жасырын кезең болмай, бірнеше минуттардан кейін-ақ ағзада улану белгілері байқалады, оларға зарин, заман, көгерткіш қышқылы, хлорциан, Си-Ар жатады.
Баяу әсер ететін уытты химиялық улардан зардап шегу кезінде, ағзадағы болатын улану белгілері біршама уақыт өткеннен кейін ғана байқалады.
II. Нерв жүйесін салдандыра әсер ететін уытты химиялық қосылыстарға фосфор, органиқалық зарин, заман, Ви-ЭКС улы заттары жатады. Бұлардың барлығыда түссіз, иіссіз, бір-бірінен булану, улау сонымен бірге химиялық құрылымы, физикалық қасиеттерінде ғана өзгешеліктері бар сұйықтықтар. Ең бастысы бұлардың барлығыда биомеханикалық қасиеттеріне байланысты орталық нерв жүйесіне әсер етіп бұлшық еттерді тартылдырып, салдандырып және көп жағдайда өлімге әкеп соғады.
Зарин тұрақсыз уытты уландырғыш затқа жатады, тез буланады, меншікті салмағы 1,1, қайнау температурасы 158°С, қату температурасы- 56°С, суда ериді, майлармен еріткіштерде өте жақсы ериді.
Химиялық құрылымы жағынан өте жандандырылған, су және қышқылдар ерітінділерімен қосылысқа түседі. Зарин өте күшті уытты, жасырын әсер ету кезеңі жок, орта өлімге әкеп соғатын мөлшері 1 мин. 0,10 мг/л, бу күйінде қолданылады.
Ви-ЭКС булану қабілеті төмен, суда нашар еритін уытты химиялық зат. Меншікті салмағы 1,1м қайнау температурасы 300°С, қатуы-50°С. Қолданылған аймақтарда тұрақтылығы жаз айларында бір апта, ал қыста бір айдан астам. Аэрозоль күйінде қолданылады және противогаз, сырт киімдер және бүтін тері қабаттарынан өтіп кете алады. Ви-ЭКС, заринмен салыстырғанда бірнеше есе уытты, ғасыр кезеңінің өтуіне байланысты ағзаға өткен улардың қоры пайда болып біршама ұзақтықтан кейін бірден өлімге әкеп соғады. Ауа арқылы организмге өткен жағдайда, орташа өлімге әкеп соғатын мөлшері 1 мин. 0,01 мг/л, ал тері қабаттары арқылы өтіп организмге әсер еткен жағдайда бір адамға 7 мг. келеді.
Теріні-іріңдете әсер ететін уытты заттар, бұлар негізінен тері қабаттарына әсер етеді, сонымен бірге бу және аэрозоль күйіндегі түрінде де ағзаны уландырады. Негізгі өкіліне түссіз, май тәріздес, суда баяу еритін иприт сұйықтықтары жатады. Бұлар қоршаған орта заттарына тез сіңіп, газсыздандыру жұмыстары үлкен қиыншылықтармен жүргізіледі. Қайнау температурасы 217°С, тұрақты жаз айларында 7 ден 14 күн, ал қыста бір айдан астам уақыт сақталады. Соғыста негізгі қолдану түрі болып бу және тамшылық күйі жатады. Сұйық-тамшылық түрінде тері қабаттары мен көзді зақымдаса, бу тәріздес күйінде-көз, тері қабаттары, тыныс алу жолдары мен өкпені зақымдайды, сонымен бірге тамақ су арқылы ас қорыту жолдарына өтіп улайды. Орта есеппен өлімге әкеп соғатын мөлшері: бу күйінде 1 мин.-1,30мг/л сұйық-тамшылық күйінде бір адамға 5г. зақымдау белгілеріне: зарасыздану аймағында 2-6 сағат болған жағдайда тері қабаттарының қызарып, 24 сағаттан кейін көпіршіктер пайда болып, ал 2-3 тәуліктен кейін қотырланып жараға айналуы жатады.
III. Жалпы ағзаны улайтын уытты химиялық заттар тыныс алу мүшелерін зақымдап ткандердін оттегімен қанығу қабілетін бұзады. Негізгі өкіліне көгерткіш қышқылы жатады, ол жағымсыз иісті түссіз сұйықтық меншікті салмағы 0,7, қайнау температура 26°С, қату температурасы-14°С бу күйінде қолданылады. Уытты қасиеті жүйкені салдандыра әсер ететін улы заттардан төмен. Ауа арқылы бу күйіндегі газдан ағзаға өтуі кезінде орта өлімге әкеп соғатын мөлшері 1 мин. 2 мг/л.зақымдау белгілері: тамақ ашып, ауыздың темір татуы, жүрек айнып, бас ауырып, ентігіп және сіңір тартылу. Өлім жүрек еттерінін қызметінің тоқтауынан болады.
IV. Тұншықтыра әсер ететін уытты химиялық улы заттар өкпе қызметін бұзып, тыныс алуды уақытша немесе біржола тоқтатады, негізгі өкілі: фосген. Бұл шіріген шөб иісті, ауадан 3,5 есе ауыр газ, орта есеппен өлімге әкеп соғатын мөлшері минутына 3,2 мг/л.
Зақымдау белгілері қөзді әлсіз тітіркендіріп, жас ағызып, бас айналдырып және жалпы әлсіздік байқалады, улану ошағынан шықсымен бұл белгілер жоғалып жасырын кезең басталып, 4-5 сағат аралығында өкпенің қабынуына әкеп соғады. Зардап шегуінің жағдайы күрт нашарлап, дымқыл жөтел пайда болып, ерін көгеріп, бас ауырып, ентігіп тұншығады және дене қызуы көтеріледі. Өлім бірінші екі тәулікте өкпе тканінің қабынуынан болады.
V. Психомиметикалық улы заттар қарсыластардың адам күшін уақытша қатардан шығару мақсатында қолданылады да, бірінші кезекте нерв жүйесіне әсер етеді. Негізгі өкілі- Ви Зет – ақ қиыршық тәріздес ұнтақ, меншікті салмағы-1,8, қайнау температурасы-412°С, балқуы-190°С, негізгі химиялық қаруда аэрозоль күйінде қолданылады. Адамдарды тыныс алу мүшелерімен ас қорыту жолдары арқылы зақымдайды, жасырын әсер ету мерзімі 50 мин. 3 сағат.
Зақымдау белгілері: есту және сөйлеу қызметінің тежелуі мен жүрек айнып құсудын пайда болуы, одан кейінгі уақыттарда зардап шегуші қозып, галлюцинациялардың пайда болуы Би-Зетті қолданудағы басты мақсат, жау қарулы күштерінің тәртібін бұзып,экстремалды жағдайда дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін жою.

  1.  Тітіркендіре әсер ететін улы заттар көздің шырынды қабықтарының және жоғарғы тыныс жолдарының сезімталдық қасиетін жоя әсер етеді. Улану ошағынан шыққаннан кейін, барлық жағымсыз белгілер жойылып, бірақ қайта улану қорқынышы қалыптасады. Негізгі өкілі болып – СЭС есептелуі, бұл ақ түсті ұнтақ, суда баяу ериді.


Пайдаланған әдебиеттер:
1. Азаматтық қорғаныстың әскери емес жасақтарымен өткізілетін арнаулы дайындық пен тактикалық жаттығулар методикасы
2. Формирование Гражданской обороны в борьбе со стихийными бедствиями.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет