Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетсіз ойындар жатады. Спорттық ойындар элементтері қолданылатын ойындарға жататындар – волейбол, баскетбол, бадминтон, городки, столда ойналатын теннис, футбол, хоккей.
Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада өмірдегі немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен көрінетін ойын образдары қызықтырады (құстар мен автомобиль, ұшқыштар, қасқыр мен қаздар, маймылдар мен аңшылар).
Сюжетсіз қимыл-қозғалыс ойындары балаларды өздеріне түсінікті мақсатқа жетуге жетелейтін, балалар үшін қызықты қимыл тапсырмаларынан тұрады. Олар, өз кезегінде, ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап алу және с.с. үлгілеріне бөлінеді; жарыс элементтері қолданылатын ойындар («Kімнің звеносы тез сапқа тұрады», «Kім өз жалаушасына тез жетеді» т.б.); қарапайым эстафеталы ойындар («Kім допты тезірек береді»); заттар қолданылатын ойындар (доптар, шеңбер, серсо, секіргіштер, кегельдер) қимыл мазмұнына қарай ажыратылатын ойындар (қимылдың басым түрі-жүгіру, секіру, лақтыру және с с.) . Сондай-ақ, кішкентай балалар үшін қызықты ойындар да бар («Aлақан соғу», «Mүйізді ешкі» және т. б.).