Тақырыбы: Қимыл-қозғалыс ойындары
Дәріс жоспары:
1. Гимнастика –дене тәрбиесінің құралы. Гимнастиканың міндеттері.
2 Гимнастиканың түрлерi және олардың сипаттамасы
Қимыл-қозғалыс ойындары.
1.Ойын дене тәрбиесі құралы. Қимыл-қозғалыс ойындарына сипаттама.
2. Қимыл-қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесі.
1. Қимыл-қозғалыс ойындарының негізін салған ғалымдар.
Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы. Гимнастика (грекше gymnazo–жаттықтырамын)-дене тәрбиесінің құралы, сондай-ақ ол адамның денсаулығын нығайту, күш-қуатын, икемділігін, төзімділігін арттырып жетілдіру үшін қолданылатын әдістер мен арнайы іріктеліп алынған дене шынықтыратын жаттығулар жүйесі.
Гимнастика адамды дұрыс жүруге, жүгіруге жаттықтырады, мүсіннің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Гимнастика - жан-жақты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде анықталатын кең ұғым. Гимнастика - адам организміне жан-жақты әсер етіп, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтеді, үйлесімді дамуына көмектеседі, көңіл күйін көтереді.
Гимнастикалық жаттығулар жасау арқылы өмірлік қажетті қозғағыш дағды, әсемдік пен қозғалыс дәлдігі қалыптасады, дененің негізгі қабілеті - ептілік шапшаңдық, күш, төзімділік, икемділік дамиды. Гимнастика жасау сәби кезден басталып, барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |