Тақырыбы: Қимыл-қозғалыс ойындары


Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетсіз ойындар жатады



бет5/9
Дата12.05.2022
өлшемі41,92 Kb.
#34156
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетсіз ойындар жатады. Спорттық ойындар элементтері қолданылатын ойындарға жататындар – волейбол, баскетбол, бадмин­тон, городки, столда ойналатын теннис, футбол, хоккей.

Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада өмірдегі немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балалар­ды ойында шығармашылықпен көрінетін ойын образдары қызықтырады (құстар мен автомобиль, ұшқыштар, қасқыр мен қаздар, маймылдар мен аңшылар).

Сюжетсіз қимыл-қозғалыс ойындары бала­ларды өздеріне түсінікті мақсатқа жетуге жетелейтін, балалар үшін қызықты қимыл тапсырмаларынан тұрады. Олар, өз кезегінде, ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап алу және с.с. үлгілеріне бөлінеді; жарыс элементтері қолданылатын ойындар («Kімнің звеносы тез сапқа тұрады», «Kім өз жалаушасына тез жетеді» т.б.); қарапайым эстафеталы ойын­дар («Kім допты тезірек береді»); заттар қолданылатын ойындар (доптар, шеңбер, серсо, секіргіштер, кегельдер) қимыл мазмұнына қарай ажыратылатын ойындар (қимылдың басым түрі-жүгіру, секіру, лақтыру және с с.) . Сондай-ақ, кішкентай балалар үшін қызықты ойындар да бар («Aлақан соғу», «Mүйізді ешкі» және т. б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет