Тақырыбы: Иммунитет


КЛОН – белгілі антигенге қарсы бағытталған лимфоциттер тобы



бет2/6
Дата31.03.2023
өлшемі366,44 Kb.
#77864
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Иммунитет Дәріс-5

Иммундық жүйе

КЛОНбелгілі антигенге қарсы бағытталған лимфоциттер тобы

  • КЛОН – белгілі антигенге қарсы бағытталған лимфоциттер тобы
  • Иммундық жүйенің негізгі қызметі – ағзаны экзо- немесе эндогенді генетикалық бөгде денелерден қорғау («өз» жасушасын тану және «бөгдені» жою)

Иммундық жүйенің жұмысы
Иммундық жүйенің ерекшелігі- өзінің және бөгде денелерді ажыратып өңдеп,тану.
Орталық ағзалар
(қызыл сүйек кемігі,
айырша без(тимус)
Шеткі ағзалар
(лимфатикалық түйіндер,
бадамша без, көкбауыр)
  • Иммундық жүйенің мүшелік деңгейі орталық(біріншілік) және шеткі(екіншілік) мүшелерден тұрады. Сүтқоректілер мен адамдарда екі орталық мүше болады сүйек кемігі және тимус.
  • Сүйек кемігінде В-лимфоциттер, ал тимуста Т-лимфоциттер түзіледі.
  • Сүйек кемігі-иммундық жүйенің қан айналымы мен орталық мүшелердің қызметтерін біріктіретін мүше,ол (КҚБЖ), яғни барлық қан жасушаларының көзі болып табылады.
  • Тимус иммунитетің жасушалық жүйесінің түзілуі мен қызмет атқаруына жауапты иммундық жүйенің орталық мүшесі.

  • Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.

Иммунитет - ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморальды реттеу жағдайында әрекет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет