Иммундыбиологиялық препараттар күрделі құрамнан тұрып бірінен бірі тегімен, шығарылу тәсілімен, қолдану бағытымен ажыратылады. Бірақ, иммундық жүйе арқылы әсер етуі олдардың ортақ қасиеті болып саналады.
ИБП-лардың әсер ететін факторлары антиген, антидене, микроб жасушалары, не олардың ыдыраған заттары, биологиялық белсенді иммундыцитокиндерге ұқасаған заттар болып келеді.
Аталған факторларға әсер ету сапасын үдету үшін ИБП-ға басқадай заттар қосылуы мүмкін (стабилизаторлар, адъюванттар, консерваттар, витаминдер, адаптогендар).
ИБП–лар параентералды, пероралды (ауыз қуысы арқылы), аэрозолды және де басқадай тәсілдер арқылы қолданылады. Соған сәйкес олар әртүрлі формаларда, қолдану шарты және өлшемі көрсетіліп дайындалады.
ИБП–лар параентералды, пероралды (ауыз қуысы арқылы), аэрозолды және де басқадай тәсілдер арқылы қолданылады. Соған сәйкес олар әртүрлі формаларда, қолдану шарты және өлшемі көрсетіліп дайындалады.
Қазіргі заманда ИБП-ның бес топ түрі бар:
бірінші топ: тірі, не өлі микробтардан
(бактерия, вирус, саңырауқұлақтар), немесе олардың құрамдық заттарынан алынған арнайы профилактика және емдеу үшін қолданылатын препараттар.
Олардың қатарына тірі және инактивацияланған корпускілді, субжасаушылық вакциналар, анатоксиндер (токсоидтар) бактериофагтар, пробиотиктер жатады;

екінші топ: спецификалық антиденелерге негізделген ИБП-лар.
Олардың қатарына иммундыглобулиндер, иммундысарысулар, иммундытоксиндер, фермент- антиденелер (абзимдер), рецепторлы антиденелер, мини-антиденелер кіреді;