Тақырыбы: «Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы»



бет1/4
Дата01.11.2023
өлшемі24,64 Kb.
#121311
түріСеминар
  1   2   3   4
Байланысты:
«Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы»


Тақырыбы: «Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы»

Маусым айында қашықтықтан өткізілген Республикалық тәжірибемен бөлісу семинарда мектепте инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы мәселесі қарастырылды. Мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың Ата-аналарға 12 қадам, заңдар топтамасы, талдау жұмысы, инклюзивті білім беру мектеп ұжымының кәсіптік дайындығы болуы қажет. Осы жұмысқа жауапты адамдардға өз міндеттерін бөліп беру керек. Мысалы, логопед – дефектолог оқушымен жұмыс күнделігін, фотосын жинақтауы қажет, тьютерлер жас мұғалімдермен жұмыс жасайды, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетеді, келісім шарт жасап, қызмет тізімін ұсынады. 1 сыныпта екі көмекші мұғалім болу керек. Оқушы туралы мәліметтерді, қай күнімен бекітілген ПМПК қорытындысын кестеге толтырып мектеп директорының оқу ісінің орынбасарына тапсырылады.


Ата – аналармен кеңес беру жиналысын zoom платформасы арқылы жүргізу қажет. Хаттамаларды жүргізіліп, әр тоқсанға жұмыс жоспарын жоспарлау қажет. Оқушының жетістігі мен кемшілігін түртіп отыру қажет. Сабақ үстінде сынып жетекші екі апта бойы баланы бақылайды, әр маман өз бақылауын кестеге еңгізіп отырады. Оқушы қай минутта не істегенін түртіп отырады.
Мектепке келгенде баланың есірігі ұсталса, онда мұғалім ата-аналарынан баланы қалыпты жағдайға келтіріп барып қайтуы керектігі туралы ескертті.
Мұғалімдер арасында мүмкіндігі шектеулі оқушыларды «инклюзивті» балалар деп айтуға болмайды. Мұғалім ата-анаға баласымен жұмыс жасалғанын жетістігін көрсете алу керек. Егер сыныпта ерекше бала мұғалімнің назарына түссе немесе жаңадан келген оқушыда байқалса, онда ең алдымен ПМПК – ның кеңесіне жүгініп, әріптестік қарым-қатынас орнатуа кеңесін беруі тиіс, тек қана мектептің көмегімен шектелмеуі керек. Кейбір ата-ана балаға суық болып келеді, ондай ата-анаға эмпатия сезімін білдіріп, жұмыстан рахат алу керектігі туралы кеңестер беріледі. Бала жетістікке жету үшін кез – келген қызықты нәрсемен айналасуы керек: құыршақтар театры, драма театры, шебер сыныбы болсын. «Сіздің балаңыз керемет, жаман емес, әлі – де жұмыс жасап көрейік» деген қолдауларды жиі айтып отыру керек.
Мектепте әріптестер арасында «сіздің оқушыңыз» осындай деп, кінәләй беруге тыйым салынады.
Егер ата-ана бала тәрбиесіне назар аудармай, немқұрайлықты танытса, онда жеке жұмыс жүргізіп бөлек құжаттар жиналуы керек. Онда ұсынымдар, анықтамалар, хаттар, хаттамалар болуы керек.
Сабақта баланың басқа балалармен қарым-қатынасына да назар аудару қажет. Педагогтың көмекшісі бақылаушы ретінде осының бәрін түртіп отырады.
Ата-аналар баламен дамыту жұмысын екі жақты екенін көру керек, неше түрлі сауалнамаларға жауап беріп, келісім шарт толтырып маңызды іс екеніне көз жеткізуі керек. Тек махаббат пен сүйіспеншілік, түсінушілік пен келісімділік болған жағдайда нітиже болатыны туралы айтып отыру керек. Мұғалімдер тек қана көмекшілер болып табылатынын естен шығармаулары тиіс. Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық жұмысымен ұлттық орталықтарында талдау жасап, кедергілерден өту жұмысы 7 мектепте жүргізіліп жатқаны туралы айтты. Адамның құқығын қорғай отырып әлеуметтік моделі бойынша, баланың диагнозына көңіл аудармай, жасқанбай баланың қабілетін көруіміз керек.
Аутизм диагнозы балалар да жиі кезедесетін болды, ондай балалар жылдам ұмытып қалады, ондай балалармен флегматик мұғалім жұмыс жүргізсе, киімін өзі киіп, ол үшін ештенені жасап бермесе керек, ал белсенді бала болса оған тепе-теңдік жастығын ұсынған жөн бола еді. Ата-аналарға баланың диагнозы туралы айтпау керек, әуелі «мүмкіндігі шектеулі» деп те айтпау, ондай балаға көңіл бөліп, тербетіп, назар аудару қажет. Бақылау парағында оқушы тапсырманы орындай алуы туралы мәлімет болуы керек. Кішкентай қадамдардан бастап, әуелі көбейту кестені жаттаудан бастауға болады. Біз өзгеріп жатырмыз, біртіндеп алға жылжимыз. Спорттық икемін дамытып, әртістік қабілетін ашып, көріністе бір шоқ гүлін ұстап тұрса да қажеттілігі екенін сезініп, қатыстырса нұр үстінен нұр болар еді. Көздері нашар көретін оқушылар үшін мектеп әкімшілігі арнайы оқулықтарға тапсырыс беруге ұсыным айтуға болады.
Ендеше біртіндеп, аз – аздан қадам жасап, осы әрекет арқылы ерекше оқушылармен жұмысты ілгері жүргізетінімізге сенімдімін.




Барлық адам білім алуға құқылы. Еліміздің 2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы» заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психолого – медицина-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.
Елімізде мүмкіндігі шектелген балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мәселесі төңірегінде бірқатар заң мен тұжырымдама қабылданған.
Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Сонымен қатар, 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» атауға болады. Бұл бағдараламаның басты міндеттерінің бірі – еліміздегі инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады. Мұндай білім мүмкіндігі шектеулі балаларды өзге оқушылармен тең дәрежеде жалпы білім беру процесіне қатыстыруға жол ашады.
Инклюзивтің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді.
Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады.
Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар, баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды-психологиялық климат орнауы қажет.
Қазіргі уақытта аталған мектепте көптеген мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуда. Мұндай балаларға әртүрлі категориялы балалар кіреді. Соның бірі психикалық дамуы тежелген балалар.
Психикалық дамуы тежелген балалар – оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.
Психикалық дамуы тежелген балалар қалыпты дамушы құрбыларынан шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс координацияларының т. б. жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрады. Ал бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін инклюзивті мектепте баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі жұмыс атқару қажет. Осы мақсатта беретін орта мектепте ППҚ (психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету) қызметі құрылады. Онда ППҚ қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау ППҚ қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Соның ішінен мүғалім-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:
I. Диагностикалық бағыт: 
- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру 
-баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау 
-баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау 
-оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу 
- жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау 
-компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу 
-баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.
Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау.
Диагностикалық зерттеу жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізілді. Бұл диагностиканың қорытындысы дефектологиялық тексеру хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі.
Баланы динамикалық тексеру -оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Сонымен бiрге баланы динамикалық зерттеу баланың пән бойынша жеткен жетістіктерімен баланың даму нәтижесін салыстыруды көздейді. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын (ақпаратты қабылдауы, оқу қызметін ұйымдастыра алу, өзін-өзі бақылау) тексереді.
Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқутанымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім- білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді.
Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі – бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.
Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары: жанжақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық. Аталған қағидаларды ескере отырып әр ППҚ қызметінің маманы өз бағыты бойынша балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет