Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық» Сыныбы:6 «Г» Өткізген:Шағдар Жаңыл
Қызылорда облысы «Құқықтық сауаттылық» Бекітемін___________________________ Тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық» Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер
Жүру барысы: І Психологиялық тренинг ІІ Құқық туралы жалпы түсінік ІІІ Сенің құқығым – менің құығым (Оқушы құқығы) ІV Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап) V Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру) VI Қорытынды
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
І Психологиялық тренинг Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатнастарыңызды ізглендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.
Сіздерге екі ак парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)