Жұмыстың мақсаты: Халқымыздың ұлттық мұраларының бірі шашбау туралы жастарға насихаттау, жаңа заман талабына сай өңдеп, күнделікті қолданысқа енгізу
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
тақырыптың теориялық негізін ашу үшін әдеби және бұқаралық ақпарат көздерінен мәліметтер жинау;
мектепішілік «Шашбаулы қыз» сайысын ұйымдастыру
«Шаштың сәні – шашбау» атты көрме ұйымдастыру
Жұмыстың өзектілігі: қазіргі кездегі қыздардың шаш өсіру мәселесіне немқұрайлы қарайтындығы, ұлттық мұрамыз – шабаудың мұражай көрмесінде ғана қалуы
Күтілетін нәтиже: Егер шашбау қолданыста болатын болса, бұрымды қыздарымыздың саны артар еді. Тәрбие ошағы – мектепке шашбауды жаңа заман талабына сай жаңа үлгісін енгізе отырып, мектеп өміріне ұлттық нышанымыздың бірден бір белгісін енгізген болар едік.
Ұсыныстар: Мектептегі қыздар үшін бантиктің орнына жаңа заман талабына сай шашбаулар жасап енгізсе