Негізгі бөлім
«Қыздың сәні – шашбау»
2.1. Шаштың сәндік әшекейлері
Бұрым – сұлулықтың сәні. Әйелдердің өрілген ұзын шашын бұрым деп атайды. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы бойынша бұрым – сұлулықтың сәні, қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы. Осыған орай қыздардың жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, оны ұзын етіп өсіруге түрлі шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған. Қазақ халқы қыздың шашын қырқып кеспеген, керісінше, оны бойжеткеннің тобығына дейін жеткізе өсіруге айрықша мән берген. Қыз баланың бұрымын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, тәтесі, әжесі, құрбылары көмектескен. Сонау кезден бастап әйелдер шашқа тағатын және оның сәнін келтіретін сәндік бұйымдарды үйлесімді де мағыналы қолдана білген.
Шашбау. Ол – қыз, келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылады. Шашбау әйел шашының әр – ажарын ашады. Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтары алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу, әшекейлену әдістері әртүрлі. Соған орай олар мынандай топтарға бөлінеді:
Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады, ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан, жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді. Матадан жасалған шашбаудың екі ұшына зер шашақ тағады, оның жоғарғы жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды. Шашбауды бұрымға қоса өреді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп, бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбауы қарапайым болады.
2
Шолпы. Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын
сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы – шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес,
шашты өсіретін, әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады.
Естеріңізде болар, «Алпамыс батыр» дастанында: Заманында тағыпсың, Тіллә шашбау жар – жар, - деп жырланатыны. Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды «шолпы» деп те атайды. Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде, жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп, үйдегі үлкендер қалжыңын қойып, әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып, жүгіріп, секіруін тыйған. «Шолпы» деген ұғым балықтың судағы секіріп ойнағанынан шыққан сияқты. Жас қыздар мынандай шолпы таққан:
Шаштеңге. Шолпының күміс, алтын теңгелерден тізбелеп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс. Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншекттің мезгілсіз жүргенінен хабар беріп, «айтып» қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |