Тақырыбы: Жануарлар мен адамдардың геогельминтоздары /трихоцефалез



бет3/7
Дата21.04.2022
өлшемі3,94 Mb.
#31717
1   2   3   4   5   6   7

Эпизоотологиясы:

Эпизоотологиясы:

Шошқа трихоцефалезi өте жиi кездесетiн кесел, ол барлық жерде тараған десе де болады. Қазақстанның Оңтүстiк-шығыс аудандарында шошқалар бұл гельминтозды, əсiресе күзде көп жұқтырады.Трихоцефалезге 2 айға дейiнгi торайлар жиi шалдығады. Ал бiр жастан асқан шошқа онымен сирек ауырады. Бiрақ ересек шошқалар əрқашан инвазия таратушылар. Бұл дерт ауа-райының жылы кездерiнде,хайуан нашар азықтандырылғанда жəне қораларда гигиеналық күту жағдайлары нашарлағанда көбiрек етек алады.

Аурудың өрбуi.

  • Құрттар өздерiнiң қылдай жiңiшке бас жағымен iшектiң кiлегей қабығын жарақаттайды, қан тамырларының бүтiндiгiн бұзады, ағзадағы қабыну процестерiн үдетедi. Шажырқай сөл түйiндерiнде лимфа-денит, бауырда-түйiршiктi жəне майлы дистрофия туындайды. Қан күрделi өзгерiске ұшырайды: көп мөлшерде эритроциттер азаяды, гемоглобин кемидi, лейкоцитоз пайда болады.

Сырт белгiлерi.

  • Трихоцефалез жiтi түрде өрбiгенде, шошқа тез арықтайды, күйзеледi, кейде дене қызуы көтерiледi, тынысы тарылады. Торайдың iшi өтедi, нəжiсiне шырыш пен қан араласады, тəбетi күрт бұзылып, не болса соны жейдi. Жүйке жүйесiнiң зақымдалуы байқалады (тырысып-құрысу, айналу немесе басы ауырған жаққа жүру). Мұндайда торайлар арасынан өлiм-жiтiм көп шығады. Гельминтоздың созылмалы түрiнде шошқаның жемге зауқы шаппайды жəне оның iшi тиылмай өтедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет