Тұрақсыз – кенеттен тіршілік үшін қолайсыз жағдай пайда болғанда туындайды (тиін, жанат ит).
Қысқы ұйқы. Қыс маусымы– көптеген жануарлар үшін ауыр сынақ. Жыл құстары жылы жаққа жету үшін үлкен қашықтықтар ұшады. Ал кейбір жануарлар маусым өзгерістеріне басқаша бейімделеді – олар ұйқы тәрізді күйге енеді.
Қоршаған орта температурасы 5°С-тан төмен болған жағдайда, қоңыздар, көбелектер, бақалар мен құрбақалар, жыландар, аюлар, кірпілер, кесірткелер ұйқыға кетеді. Балықтар тұңбаға көміледі (мөңкебалықтар, тұқыбалықтар). Жарқанаттар үңгірлерде бастарын төмен салбыратып ұйықтайды.
Жазғы ұйқы. Жазғы ұйқы немесе диапауза (дамудың уақытша тоқтатылуы, физиологиялық тыныштық күйі) жылдың қуаңшылық кезеңдерінде ағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Балықтар кеуіп қалған су қоймаларының түбіне көміліп, тұнбаға түсіп ұйқыға кетеді. Батпақтар мен өсімдіктер кеуіп қалу нәтижесінде, азығынан айырылған тасбақалар мен кеміргіштер қыс келгенше ұйықтайды.
Кейбір жануарлар ұйқының бір түрінен оянбай екіншісіне көшеді, мысалы, құмтас саршұнағы шілде айында ұйқыға кетіп, қысқы ұйқыға ауысады.
Мезгілді ояну.Кейбір жануарлар мезгіл сайын ұйқысынан шығады. Бірақ жануарлардың бұндай әрекетінің себебі мен мақсаты әлі анықталмаған. Ояну бірнеше минуттан (ұсақ жануарларда) бірнеше сағаттарға (ірі жануарларда) созылуы мүмкін.
Ұйқының физиологиясы. Дене қызуы. Терең ұйқы барысында жануарлардың дене қызуы 10 есе төмендеуі мүмкін.
Бұл кезде жануарлардың гипотермиялық жағдайы үнемі бақылауда болады. Мидың гипоталамусы (ағзаның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ететін ми бөлімі) дене қызуы тым төмендеп кетпеуі үшін қордағы майды уақытында пайдаланып отырады.
Зат алмасу процессі қалыпты жағдайдан 10-15%-ға дейін төмендейді.
Тыныс алуы сүтқоректілерде 40 есе төмендейді. Жануарлардың көптеген түрлерінде тыныс алуы алмасып отырады: жиіліген үстіртін тыныслау көп сағатқа созылатын апноэмен (тыныс алудың болмауы) алмасады, нәтижесінде оттегілік ашығу пайда болады.