Би Көрініс: «Ту тіккен Рақымжан» Музыка жаймен ойнап тұрады. 1.Автор: (Соғыстың соңғы сағаттары.Берлинде әр үй,әр баспалдақ үшін қатты шайқас жүріп жатты.Зәулім үйдің төртінші қабатында соғысып жүрген Рақымжанды батальон командирі подвалға шақырып алады.)
2.Жауынгер: Қошқарбаев,сені батальон командирі шақырады.
3.Батальон командирі Давыдов:Жауынгерлік тапсырма бар.
4.Рақымжан Қошқарбаев: Тыңдап тұрмын.
Батальон командирі Давыдов: -Анау үйді көресің бе,жолдас лейтенант?
Рақымжан Қошқарбаев: -Иә көріп тұрмын.
Батальон командирі Давыдов: -Рейхстаг дегеніміз –сол. Сұм Гитлер осы соғысты сол үйде отырып бастаған.Ол-жаудың ең соңғы ұясы. Сізге жауынгерлік тапсырма: сол үйге апарып ту тігесіз. Мына жігіттер де саған ереді. Оқпен сүйемелдеп тұрамыз.
Рақымжан Қошқарбаев(Нұржан):-Құп болады, жолдас комбат! Тапсырмаңызды орындауға әзірмін!
Батальон командирі Давыдов: -Аман бол бауырым!
(Давыдов туды береді.Рақымжан туды алып,ішіне тығып алады. Ол терезеден секіріп түсіп,снаряд алып кеткен шұңқырға жетеді.)
Гүрс етіп снаряд жарылады.(Музыкамен снаряд даусы шығады.) (Оққа ұшу қаупі бар. Рақымжан айналасына қараса жалғыз Гриша Булатов….Ол да басын бұғып алған. Олар рейхстагқа дейін жүре береді.)
Рақымжан Қошқарбаев:-Басқалары қайда?-деп сұрады Рақымжан.
5.Григорий Булатов: -Шыға алмай қалды,жолдас лейтенант. (Ту Рақымжанның қолтығында.Мұны көріп қалған жау подвалға өшіге шүйлігіп оқ жаудырды. Рақымжан мен Гриша қалқалау жерді паналап кешке дейін отырды.Кешке жақын Рақымжанға бір ой түсті.Туға «647 полк Рақымжан,Гриша »деп жазды.)
Григорий Булатов: Жазып қойғанымыз дұрыс болды, әйтпесе өліп қалсақ, біздің кім екенімізді, қайдан жүргенімізді ешкім білмес .
Рақымжан Қошқарбаев: – Гриша! Біз өлуге емес, жауынгерлік тапсырманы орындауға, Рейхстагтың үстіне Қызыл жалау тігу үшін бара жатқан жоқпыз ба?
(Осы кезде ракета атылып белгі береді.Музыкамен ракета даусы шығады.)