Рақымжан Қошқарбаев: Григорий кезегің енді келді. Ал жөнелдік!
(Екеуі жылжып жүріп терезеге жетеді. Екінші қабаттың балконы сияқты.Қойнынан жалауды шығарады.)
Рақымжан Қошқарбаев:-Гриша,шық иығыма!Тік,туды!
Рақымжан Гришаға,Гриша Рақымжанға қарады.Екеуі үнсіз құшақтасты.
2-оқушы:
Аналардың орындалды тілегі
Балалардың жарылды ғой жүрегі
Фашизмді мәңгі таптап шаршыған
1945-ші жыл еді
3-оқушы:
Өр тұлғалы, келбетті
Қошқарбаев Рақымжан
Сын сағатта ерлепті,
Ер сүйсінген батыр жан.
4-оқушы:
Тербетіп бейбіт өмір бесігімен
Жайылсын төрге гүлдер есігімнен
О,достар,құттықтаймыз сіздерді
Жеңістің туын тіккен осы күнмен!
5-оқушы:
Біз қалай ұмытайық майдан жолын
Қарт ана артта қалып жайған қолын
Жеңіспен аяқталып сол бір сағат
Біліп ем аларыңды айдан орын
6-оқушы:
Ұлы күшке сенген күн Фашистерді жеңген күн Қырмызы гүл,қызыл гүл Құшақтарға енген күн
7-оқушы
Қалайша жүрек бүгін бұлқынбайды Сол күннен бүгінгі ұрпақ сыр тыңдайды Ерлігі ағалардың ұрпаққа үлгі Ешкім де,ешқашанда ұмытылмайды! 8-сынып Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
1-жүргізуші: Жалпы Үлы Отан соғысында 518 отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ерлігі түгілі есімі аталмай қалғандары қаншама.Олардың бірі еленбей қалып жатса,енді біреулерінің даңқын басқалар иемденіп кетіп жатты. Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов та сондайлардың құрбаны болды.
2-жүргізуші: Көп уақыт бойы Рейхстагқа ту тіккен кіші сержант Кантария пен Егоров екен деген пікір басым болды. Бірақ шын мәнісінде бәрі басқаша болғаны бәрімізге мәлім. Рейхстаг шабуылы кезінде 40-дан астам ту тігілген. Олардың ішінен ең алғашқылары қазақ Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов еді. 150-ші атқыштар дивизиясының соғыс қимылдары журналына сәйкес, 30 сәуір 1945 жылы сағат 14:25 кезінде лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов «жер бауырлап ғимараттың орталық бөлігіне келіп, бас кіреберістің сатысына қызыл туды орнатты».