Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»РМҚК
БЕКІТЕМІН
Директордың әлеуметтік
және тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
___________Б.Ж.Бахтиярова
«____»__________2016жыл
Тақырыбы: «Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері»
Дайындаған: Байбатшаева Г.С.
2015-2016 оқу жылы
Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы отырысында қарастырылды
Төрайымы __________К.Б.Қуанышева
Хаттама №
« »сәуір 2016ж
Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері
Жоспары
Кіріспе
1.Жеке тұлға жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері
2. Жеке тұлға құрылымының теориялары
3. Жеке тұлға туралы түсінік. Адамның тұлғалық ерекшеліктері
КІРІСПЕ
Жеке тұлға дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке тұлғаның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түріне жататына күмән келтіруге болмайды. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Жеке тұлғаның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әр қилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.
1.Жеке тұлға жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері
Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі, сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды, бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, ұжымдық өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады. Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
«Жеке тұлға» түсінігі «тұлға» түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Оның қоғамдьқ мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипатта-масының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдьқ ғылымдардың: тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқалардың зерттеу объектісі.
Жеке тұлға -қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық ролін атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз - жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Мәселен, ата-ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі-мұғалімдер ұжымын басқару және оқушыларды оқыту барысын ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның позициясы дегеніміз-оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне-өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдьқ, еңбек міндеттеріне деген қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін,оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
2.Жеке тұлға құрылымының теориялары
"Теориясыз эксперимент соқыр, эксспериментсіз теория сенімсіз әрі негізсіз. Сірә, психологияның жеке тұлға құрылымы жайлы ілімінен басқа, Канттың осы сөздері аса маңызды болатын саласы жоқ болар. Бақылаушылар біртұтас зерттеу бөлімі болуы тиіс іюрсепің окі багытқа ыдырап кетуіпе қайта-қайта ұшырасып отыр. Теория мен тәжірибе арасындағы үйлесімді өзара әрекеттестіктің орнына, бізде, бір жағынан, жеке тұлғаға немесе теориялық бағдарға ғана қатысы бар ұсақ-түйек процесторлі егжей-тегжейлі зерттейтіг экспериментті мектеп пен, екінші жағынан, "динамикалық бағыттағы" эмпирикалық бекітілу қажеттігін сезбейтін тоориялық мектептер бар. Психологтардың көпшілігі осындай еңбек бөлінісінің шегіне жеткені соншалықты, ғылыми зерттеу саласы ретіндегі "жеке тұлға" ұғымының өзіне де қауіп төнгенімен еді.
Дегенмен, өз теорияларының негізгі идеяларын бекітк отырып, екі жақ та бірдей дәлелді болып көрінгенімен, олар басқа мектептердің ғылымға қосқан еңбегін бағалауда әділетсіз болуы да мүмкін. Теорияға сүйенбеген эксперимент өнімді нәтижелерге әкеледі, не болмаса эксперимент жүзінде дәлелденбеген теория ғылымға мәнді үлес қосады дегенге ешкім дн сене қоймайтын шығар. Шешімі жоқ болып көрінген дауларда да, егер әр жақтың дәлелдері өзінің логикалық қисынып тауып жатса, орынды түрде келісімге келуге болады.
Мысал ретінде, біз "жеке тұлға" ұғымы анықтамасының өзін қарастыра аламыз. Осы тұста біз жеке тұлғаны мінез-құлық актілері бойынша анықтайтын және психодинамикалық ұғымдарлы қолдана отырып жасайтындар арасындағы шешімі жоқ қарама-қарсылыққа кездесеміз. "Жеке тұлға — бұл қажет ақпаратты алу үшін жеткілікті уақыт мөлшерінде шынайы мінез-құлықты бақылауда анықталуы мүмкін іс-әрекеттердің жиынтығы" деген Уотсонның сөзін биховиористік анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз. Принстің сөзін психодинамикалық анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз: "Жеке тұлға — бұл индивдттің тума биологиялық диспозицияларының, инстиігктілерінің, құмарлықтарының және өмір сүру барысында иеленген бейімділіктері мен бітістерінің жалпы жиынтығы".
Бақыланатын мінез-құлық актілері анықтамасына кіргізілген ұғымдар — ипстинктілер, бейімділіктер, құмарлықтар сияқты екінші психодинамикалық анықтамалардағы ұғымдарға соншалықты сәйкес келмейтіні анық. Дегенмен бұл қарама-қарсылық, солай қөрінгенімен, шешімсіз емес. Біздің инстинктілер, бейімділіктер және құмарлықтар жайлы тікелей біліміміз жоқ; тек бақыланатын мінез-құлық актілерінің негізінде қалыптасатын әрі оларды түсіпу және жалпылау үшін жасалған абстрактілік ұғымдар ғана бар. Осындай мінез-құлық актілерінсіз ұғымдардың өзінің нақты мағынасы болмайды: біздің адам мінез-құлқы жайлы білгеніміздің барлығы оның мінез-құлқын бақылаудан алынады. Алайда тек қана осындай бақылаудың өзі жеткіліксіз. Біз жағдайлардың белгілі бір қатарына ортақ мінез-құлықтың қырларын белгілейтін ұғымларды енгізуіміз қажет. Ғылым абстракцияга сүйенбей тіршілік ете алмайды. Осылайша, екі анықтама да бір жақты болып келуде, ал теңбе-тең анықтама білімдеріміз эмпирикалық негізін әрі жалпылаушы ұғымдардын теориялық табиғатын бейнелеуі тиіс.
Осы кітаптың мақсаттарына сай, біз, төмендегідей анықтамаларды ұстанамыз.
Жеке тұлға — бұл адамның қоршаған әлемге дербес бейімділігін анықтайтын, оның мінезінің, темпераментінің, интеллектісінің және дене құрылысының (конституциясының) азды-көпті тұрақты құрылымы.
Мінез мотивациялы-еріктік мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі.
Жеке тұлға туралы түсінік. Адамның тұлғалық ерекшеліктері
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейтесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың, М.Ф.Харламовтың “Педагогика” (М. 1995-1997) атты еңбектері, Н.Козлованың “Тәрбие теориясына кіріспе” (М. 1990), В.М.Гинецинскийдің “Педагогика теориясының негіздері” (М.1994), Б.С.Гершунскийдің “XXI ғ. білім берудің философиясы” (1998), В.А.Сухаевтың “Біз әр түрлі тілде сөйлейміз” (1998), А.Ф.Малышевский, В.А.Корпунин, К.С.Пироговтардың “Философияға кіріспе” (1995), А.С.Арсеньевтің “Жеткіншектер философтар көзқарасымен”, А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың “Қазақ философиясының тарихына кіріспе”, Д.Кішібековтың “Философия” (1994), Г.К.Нүрғалиеваның “Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы” (Алматы, 1995) секілді ондаған монографиялық аса құнды ғылыми еңбектер жарық көрді.
Бұл еңбектердің бәрінде де жеке тұлға мен қоғамдық қарым-қатынас, жаңа қоғам мүшелерін тәрбиелеудің өзеісгі мәселелері сөз болады. Әсіресе, Д.Кішібековтың “Философия” атты еңбегінде: “Жеке тұлға деген не? Тұлғаның қоршаған ортаны танып білу механизмі қандай? Таным процесіндегі қарым-қатынастың маңызы қандай? Жеке тұлғаның ұжымдағы орны деген не?” — деген мәселелер философиялық тұрғыда жан-жақты талданған.
Осы еңбектерге сүйене отырып, жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ бірк мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Қорытынды : Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қолданылған әдебиеттер:
«Адам ақылды, кішпейіл, әділ, батыл да қайрымды болуға тиіс.Тек сонда ғана оның осынау «Адам» деген мәртебелі атпен аталуға құқылы болады». К.Г. Паустовский
Педагог-психолог: Байбатшаева Г.С.
Достарыңызбен бөлісу: |