Орындағандар:Әскерхан
Карина,Абдуғалиева Алтынай
М.Мөңкеұлы 1843 жылы Қазақстанның батыс өлкесіне қарасты Қызылқожа жерінде, Қарабау жайлаған беріш елінде дүниеге келген. Он-он бес жасар Мұратқа «Ділмәр», «Тақылдақ», «Өнері судай тасыған», - деген асқақ атақтар танылған. Мұрат еңбектерінің ең алғаш жинағын шығарушы оған алғы сөз жазып, тарихи жағдайға үн қосқан ерекше дарын иесі, төкпе ақын екенін танытқан – Халел Досмұхамбетұлы болатын. Ақын шығармалары кіші-гірім жинақ ретінде басылған кезі болатын-ды. Оны 1924 жылы Ташкент қаласында «Мұрат ақын сөздері», - деген атпен осы Халел Досмұхамбетұлы бастырды. Аталмыш жинақтың алғы сөзінде ол ақын жасаған дәуірге, отаршылар қысымына өте дұрыс баға бере білді.
Мұрат – патшалық отарлау саясатының зиянды зардаптарын анық болжаған ақын. Ежелгі түркі, Тұран тайпаларымен қазақ халқының атамекендерінің мәңгілгін, тұратылығын аңсауы, қайырсыз қоныстардан шошынуы. «Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа», «Әттең бір қапы дүние-ай» толғауларындағы халықының азып, тозбауын аңсаған романтикалық ой-армандары.
Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық («Мұраттың жалпы айтқаны», «Топқа түсендегі толғауы», «Өлім » т.б.)
Арнау («Қыз», «Боранбайға айтқаны» ), Хат- өлең («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны»), тойбастар («Қаратоқай», «Беріш», «Есеттің баласы Арман мырзаның қыз ұзатуындағы тойбастары») жанрларындағы шығармалары.
Мұраттың көркемдік әлеміндегі туындылары – бірінен-бірі асып түсіп жататын сурет галлереясы сияқты талғамды танытушысын таңдандырғандай тамаша туындылар. «Аттан сұлу болар ма?» - толғауын оқыған адам әдеміліктің, ақындық тілдің соны түрлеріне кезігіп, тілдің небір кереметтілігін ашады. «Арғымақ сыйлап не керек?», «Жігітті көркем көрсеткен», «Аттан арман болар ма», «Асқар, асқар, асқар тау», «Айшықты ала ту тіккен», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ», «Сөйлеймін сөзді ерінбей», «Жай жаратып өргізген», «Дария, шалқар айдын көл», «Жиырманың күнінде», «Мен белгілі жүйрікпін», «Дүниенің төрт бұрышы», «Ер өлмейді демеңіз» деген жолдардан басталатын өлең шумақтары - арнайы сөз қылуға тұрарлық көркемдігі ерекше туындылар, ақынның әсемдік әлеміндегі орнын көркейте түсетін тамаша лирикалар.
Мұраттың жыршы ақындығы, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспанбет, Махамбет, Шернияз ақындар жырларының Мұраттың айтуында сақталғандығы.
Мұрат айтыстарының ішінде баспа бетін көріп жүрген тек бес-ақ айтыс: Жаскелең, Бала Ораз, Жантөлі, Тыныштық, Ізім шайырлармен айтыс, тіл қағыс, дидарласу сөздері. Олардың ең мәндісі, біздіңше, Мұраттың Жантөлі қызбен айтысы. Бұл – ақынның әлеуметтік мәселені қозғаған жақсы диологтары, өзінің тіл ұстарту үлгісімен де елеуге тұрарлық, ақындардың сөз тапқыш, ұтқыр, шешендіктерін таныта аларлық туынды.
Мұрат ақын шығармаларының ең көлемдісі «Қарасай-Қази» жыры. Бұл – нағыз эпостық шығарма. Жыр сюжеті шағын желіге құрылған. Ата жолын қуған ұлдардың перзенттік парыздарын, нағыз ел қорғандары мен арам ниет ездердің екі жүзділіктерін әшкерелейтін. Ұтымды оқиғалар, көркем көріністер жинақталған. «Қарасай-Қази» жыры Мұраттың жыраулық өнерге жетік ақын екенін жақсы танытады.
Енді ақынның толғаулары мен дастан, жырларына түсініктер бере кетелік. Солардың ішінде «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Өттің бір қапы дүние»— өзара байланысты, әуендес, мазмүндас, сарындас шығармалар. Аталмыш ақын толғаулары қазақ халқының отаршылар тарапынан көрген ауыр зауалдарын бейнелейді. Қысымға шыдамаған ел-жұрттың зар-шері, шерменде көңіл-күйі шертіледі. Туган халқы басынан кешкен жұт жылдары (үлкен қиян) отаршыләр төндірген ауыртпалықтармен ұштасады.; Екеуі де елді әбден күйзелткен ауыр зауал ретінде танытылады. Мысалы, «Үш қиян» мен «Қазтуған» отаршылар қысымынан босқан ел,жайын баяндаса, «Сарыарқа» мен «Өттің бір қапы дүние» негізінен қоян жұты кезеңіндегі қайғылы көріністерді суреттейді.( Жұтта адам малынан айырылып жұтаса, отаршылар халықты жерден, тәуелсіздіктен айыратын апаттар екенін ақын түсінеді.