Тақырыбы: Жәндіктердің шағуы кезіндегі жедел жәрдем негіздері


Сондықтан, демалысқа табиғат аясына бара жатқанда, мына кеңестерді жадыңызда жаттай жүріңіз



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#16169
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жәндіктердің шағуы

Сондықтан, демалысқа табиғат аясына бара жатқанда, мына кеңестерді жадыңызда жаттай жүріңіз.

Шөпте жалаң аяқ не ашық аяқ киіммен жүру қауіпті. Міндетті түрде жабық аяқ киім киіп алыңыз.

Косметикалық құралдардың тәтті иісі әсіресе, араны еліктіреді, сондықтан саяхатқа шыққанда косметиканы қолданбауға тырысыңыз.

Ұзын шашты қалпақтың астына жасырып не мүлдем жинап түйіп тастаған дұрыс, себебі, шашқа қонған жәндіктер денсаулығыңызға әлдебір зақым келтіруі мүмкін.

Табиғат аясында тамақ ішіп болған соң, дереу орнын тып-типыл ғып жинап, қораптарға буып-түйіп тастаған дұрыс. Ал тамақ пісіріп жатқанда, қазанның қақпағын мұқият тығыздап жабыңыз.

Шыбын-шіркей үймелеп тұрған жерге кезігіп қалсаңыз, ақырын ғана жандарынын өтіп кетіңіз.

Жәндіктерден сақтандыратын қорғағыш құралдар алып шығыңыз.

Жәндіктер шағып алса...

Сонаның, араның шағуы. Сонаның, араның шағуы қатты ауыртады және ине сұғып алғандай сезінеді. Шаққан жер күрт күлбірейді, алайда организмге жалпы әсері елеусіздеу: аратұра бас ауырады, жүрек айниды, қалтырауды сезінеді.

Алғашқы көмек.жедел көмекті шақыру; ол келгенге дейін терідегі ара біздерін (сона бізгек қалдырмайды) оны үлкен саусақтың тырнағымен қыса отырып, алып тастау керек; бұдан кейін жараға суық компресс қою немесе оған антигистаминдік май жағу; адамды аяғы оның басынан биік болатындай етіп жатқызу (жастықты, бүктелген киімді және т.б.

қоюға болады); оның дем алуын жеңілдету (белбеуді, жағаны ағыту) және оны бір бүйірмен жатқызу (құсатын болса); зардап шегушіге көрпе жабу; оған су мен тамақ бермеу,

темекі тартқызбау; есінен танған немесе құса бастаған жағдайда оның жақсы дем алу үшін етпетінен жатқызу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет