Тақырыбы: Жәндіктердің шағуы кезіндегі жедел жәрдем негіздері


Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдің шағуы



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#16169
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жәндіктердің шағуы

Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдің шағуы. Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдін шағуы қауіпсіз, алайда олардың шағуы қатты сырқыратады, шаққан жер ісінеді, алайда олар теріден өтіп, улы бездерін енгізе алмайды. Алғашқы көмек. Шаққан жерге марганец қышкылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа кояды.


Шағу кезіндегі белгілері

Улы жыландар мен жәндіктердің шағуы кезінде бастың айналуы, жүректің айнуы, құсуы, ауыздың құрғауы мен ащы дәм, тамырдың, жүректің соғу жиіленеді, ентігу мен демалудың тоқтауы пайда болады. Аса ауыр жағдайларда буындардың тартылуы, есін жоғалту, дем алудың тоқтауы байқалады.

Шағылған жерде қатты ауыру пайда болады, тері қызарады, іседі.

Шағу кезіндегі алғашқы көмек

Шаққан кезде мынадай көмек көрсетіледі. Зардап шеккенді удың тарқауын бәсеңдету үшін жатқызу қажет. Шағылған қолға немесе аяққа тыныштық жасап, оған таңғыш қалақты, тақтайды, таяқты және сол сияқты заттарды таңу керек, егер мұндай заттар қол астында болмаса қолды – денеге, аяқты – екінші сау аяққа бинтпен байланады. Шаққан жердің жанындағы ісік үлкейетін болғандықтан таңғышты, оның денені ойып тастамауы үшін уақыт өте босатып отыру қажет. Тек кобра шаққан кездің алғашқы минуттарында бұраманы немесе орап бұрағышты шаққан орыннан жоғары жерге салады.

Зардап шегушіге көп мөлшерде су (ыстық шай берген жөн), (жарты стакан суға) шүйіншөп тұнбасының 15-20 тамшысын ішкізеді.

Ешқашан шаққан орынды күйдіруге, тілуге, зақымданған қолға немесе аяққа бұрама салуға, зардап шеккенге алкоголь беруге, уды сорып алуға және тағы басқа әрекеттерді жасауға болмайды. Зардап шеккен емдік мекемеге жіберіледі. Оны жатқан қалпында тасымалдайды.


НАЗАРЛАРЫңЫЗҒА РАХМЕТ ! ! !



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет