Жүргізуші: Табиғатта «қастерлі нүктелер»өте көп. Соның бірі – Каспий теңізінің экологиясы.
3 – оқушы: Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің экологиясының бұзылуына «Теңіз газ» кешені үлкен әсерін тигізіп отыр. Тасқын су кейін қайтқанда өзімен бірге мұнай қалдықтарын теңізге алыпкетеді. Ол Каспий суының экологиясына әсер етіп отыр. Каспийдің бекіре, шоқыр , қортпа, балығының денелерінен аурулар табылды. Теңіз суының құрамы бұзылды.
Жүргізуші:Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы.
4 – оқушы: Арал теңізі өзінің үлкендігі жөнінен дүние жүзінде төртінші, ал ТМД елдерінде екінші орын алады. Оның жалпы ауданы – 64,5 мың шаршы км. Ондағы судың көлемі 1000 текше метрден асады. Арал теңізінің суының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығына және табиғатына үлкен зиянкелтіруде. Ертеректе Аралдан жылына 500 мың центнердей бағалы балық ауланғаны белгілі. Аралдың айдынды арнасынтолықтырып, толқынын тулатып жататын Әмудария мен Сырдария өзендерінің қазіргі күні де күйзеліске соқтырып отыр.
5 – оқушы: О, табиғат, тіршілікке бесік болған мекенім,
Құшағынан нәр алып, мұратыма жетемін.
Алақанмен аялаймын ұл қызымдай үйдегі,
Азаматтық борышым – қорғаушың болып өсемін.
3 – топ: «Ағаштарға қамқорлық» Жүргізуші: Табиғат байлығының бір тобыжер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Өсімдік өлкеміздә түрлендіріп тұрған түкті кілемтәрізді. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі депаялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген өрнекті сөз – соның айғағы.
1 – оқушы: Ормандар, жап – жасыл ормандар,
Орманды отаушы болмаңдар!
Отан мен Орман жұп, бір ұғым,
Орманды, Отанды қорғаңдар!
Озбыр қол орманды отаса –
Отанға қастандық қылғаны.
2 – оқушы:Ағаштар ауаны тазартады, жазда көлеңке болады. Сонымен қатар олар үй жиһаздарын жасауға, үй салуға, қағаз жасауға пайдаланылады және айналаға әсем көрік береді.