Жүргізуші:Балалар, енді маған айтыңдаршы, ағаштарға байланысты қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
1 – оқушы: Ағаш көркі – жапырақ,
Адам көркі – шүберек.
2 – оқушы: Ағаш ексең аялап,
Басыңа болар саябақ.
3 – оқушы:Бір тал кессең,
Он тал ек.
4 – оқушы: Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.
Жүргізуші: Сезеді кеудесінде көзі бар жан,
Білгенге асыл тастан сезім маржан.
Қайыспас қабырғасы өзім де орман,
Құлпырып көркейе бер, жасыл орман.
Құрманғазының «Қызыл қайың» күйі орындалады.
4– топ: «Хайуанаттар». Табиғаттың сұлу – сымбат мүсіні, көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден – ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жанашырлық жылы сезім ерекше орын алған.
1 – оқушы: Қызғылт бірқазан – Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Іле өзенінің Балқашқа құяр сағасында бұл құстың 2000-ға жуық жұбы мекендейді.
2 – оқушы: Ақбас тырна – далалық өңірлерді мекендейтін құс. Олар балапандарын көбіне көлдердің маңында басып шығарады. Қазақстанның «Қызық кітабына» енгізілген.
3 – оқушы: Үстірт арқар – Маңғыстау тқбегіндегі таулар мен ұстірттердің батыс кемерінде мекендейді.
4 –оқушы: Қарақұйрық – халықаралық табиғатты қорғау одағы мен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жануар.
Жүргізуші: Ал, балалар, табиғатты қорғауға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
1 – оқушы: «Құсты атпа, құмырсқаның илеуін бұзба».
2 –оқушы: «Көкті жұлмай, көктей соларсың».
Жүргізуші: «Құлан – қырдың көркі, құндыз – судың көркі» деген мақал барү
Құлансағым ен даланы шарлаған,
Түз аңында онан жүйрік болмаған.
Құланды айтса көкірегінде қазақтың,
Тек жүйріктік орнаған.
Күй: «Ақсақ құлан». Хайуанаттар туралы слайд. 5 – топ: «Қазақстан – қорықтар елі»