Мақсаты: Топты тыныштандыру эмоциялық көңіл-күйлерін бәсеңдетуге бағытталады.
Қатысушылар 4 топшаға бөлінеді.
1-топша алақандарын сылайды.
2-топша тізелерін алақандарын сөгу.
3-топша саусақтарын сытырлату.
4-топша аяқтарының басын тықылдату.
Ең алдымен әрбір топшаға аталған нұсқаулар ретімен беріледі, содан кейін белгі бойынша кезекпен жасауды өтінеді. Жетекші әрбір топшаны нұсқау қимылды нақты береді, ал қалған топтар тып-тыныш күйінде тыңдайды. Бірінші топшаның жасаған қимылы бір қалыпты шыққаннан кейін, нұсқау екінші топшаға беріледі. Осылайша кезекпен 3ке,4ке жалғасады. Бұдан кейін бәрі барлық топша бірге қимылдан жасайды,әрі тыңдайды. Белгі бойынша жоғары, төмен, орташа сосын орташа деңгейде жасаса да 4 топша тынышталып, кейін 3 топша тынышталады, 2 топша, 1 топша тынышталады. Кейін қатысқандардан ненің дыбысы естілгені сұралады.
Сергіту жаттығуы «Поезд» жаттығулары психологиялық және физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Бірінші қадам - алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екінші қадам - екі шапалақ, бір топылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші - екінші - бірінші - екінші және т. с. с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі. 2 мин
Хаттама
Күні №_________
Тақырыбы: «Жетістікке жету өз қолында» Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.